Жұмақ пен тамұқ үңгірлері

Анадолының тұңғыштары - 52

1872825
Жұмақ пен тамұқ үңгірлері

Өлгеннен кейін өмір бар ма? Адамдардың көбі осы сұрақ туралы ойланады. Әрі көп уақыттан бері. 9 мың жылдық Чаталхөйүктегі қабірлер осы сұраққа берілген ең ескі жауаптардың бірі. Себебі Чаталхөйүкте өлген адамның жаңа әлемде өзін жат сезінбеуі үшін қабірге күнделікті бұйымдары қойылады. Анадолы территориясында көптеген түрлері кездесетін жартас қабірлер және осы қабірлерге бұйымдарымен бірге көмілгендер. Барлығы да өлімнен кейін өмір бар екеніне сенімін білдіреді.  Ежелгі дәуірдің атақты ойшылы Платон өзінен кейінгі көптеген ойшылға, тіпті діндерге де шабыт берген «рухтың өлімсіздігі» теориясын жазады. Рух денеден бұрын бар болған,  одан кейін де болады. Үлкен діндер де қабылдаған рухтың өлімсіздігі пікірі жұмақ пен тозақ ұғымдарын өзімен бірге ала келеді. Жер бетіндегі уақытын жақсы, адал және иманды өткізген адамдар жұмаққа барады деп сенеді.  Жамандық жасаған және сенбеген адамдар болса тозаққа. Тек ірі діндерде ғана емес, барлық дінде өлімнен кейін өмір болатыны және сый механизмі бар екенін байқаймыз. Көптеген мәдениетте өлім жаңа бастау ретінде қаралады.  Осы пікір қабылданған. Ескі түріктерде қаған, ескі Мысырда перғауын бағалы бұйымдарымен бірге көмілген.

«Құдіретті комедия» әлем әдебиеті тарихының ең маңызды шығармаларының бірі ретінде қабылданады.  Бүгінгі күні сыншылардың кейбірі оны ғылыми фантастика түрі ретінде атаса да, осы шығарма өлімнен кейінгі өмірді елестетуге көмектеседі. Итальяндық ақын және саясат қайраткері Данте жұмақ, тозақ, күнәдан тазару туралы жазады осы шығармасында. Данте тамұқты 9 шеңберден тұратын бір шұңқыр ретінде суреттейді.  Әрбір шеңберде түрлі күнә жасағандар жазаларын тартады, төменге қарай түскен сайын жаза ауырлай түседі. Берілген жазаларды, шеккен қиындықтарды өте керемет суреттейді ақын. Жұмақ болса 9 көк қабатынан тұрады.  Тамұққа керісінше жұмақ жарық және тыныш мекен.  Құдайға жақындаған сайын жарықтың күші арта түседі.  Жұмақтың әрбір қабатында рухтар болады.  Жұмақта барлық нәрсе өз үйлесімімен болады.

Жұмақ әрі христиандықта, әрі исламиатта бақша ретінде сипатталады.  Ішінен өзен ағатын, жасыл шөптермен көмкерілген тыныш және керемет мекен – жұмақ. Тамұқ болса қараңғы,  түнек, жаман құбыжықтар болатын, сөнбейтін от жағулы тұратын жер ретінде сипатталады.  Мәдениетіне қарай және нанымына қарай да басқаша суреттеледі жұмақ пен тамұқ. Ал сізге жұмақ пен тозақтың Анадолы жерінде екенін айтсақ, қалай қарар едіңіз? Мерсиннің Силифке ауданында орын алған,  көрген адамды өзі қайран қылатын, әрі таңғалдыратын, ойландырып әрі қорқытатын Жұмақ Тамұқ үңгірлерін айтып береміз бүгін.

 

Мерсиннің Силифке ауданында жапжасыл бір сайда орналасқан Жұмақ пен қапқара және түбі жоқ құдық секілді көрінетін Тамұқ үңгірлері.

Жұмақтың аузы бес футбол көгалы секілді үлкен. Тамұқтың аузы болса кішірек. Шамамен 1,5 футбол көгалы мөлшерінде. Негізінде Жұмақ та, Тамұқ та миллиондаған жыл бұрын қалыптасқан шұңқырлар.  Яғни жер асты сулары ойған үңгірлердің шөгуімен қалыптасқан табиғи құбылыс. Жұмақ үңгірінің түбіне 450 сатылы баспалдақпен түсуге болады.  Онда құстар сайрап, түбінен аққан судың даусы сыңғырлап тұрады. Үңгірде бір шіркеу бар. Осы жерге мүгедек адамдар мен науқастарға ойластырылып, бір лифт салынған. Христиандық дініне тыйым салынған уақыттарда сенген адамдар Жұмақ үңгірінде өздерінің ғибадаттарын жасырын  жүзеге асырған. Артынан осы жерге Мәриям Ана шіркеуі салынған.  Ежелгі дәуірден қалған, артынан шіркеуге айналдырылған Зевс храмы бар.

Тамұқ үңгіріне  болса альпинист құрал-саймандарынсыз төменге түсуге болмайды. Шұңқыр өте қараңғы және қорқынышты. Түсе алмасаңыз да шыныдан жасалған терасса арқылы Тамұқ үңгірінің ішін көруге болады. Бұл жерде Тамұқтың бір жағында тұрып, қолындағы тасты қарсы жаққа лақтырғандар жұмаққа барады деген аңыз кең тараған. Бұл ойлағандай жеңіл болмаса да, жұмаққа бару үшін тас лақтыратын кісілердің саны өте көп.

Жердің бірнеше метр астындағы жарықтар адамның ойындағы жұмақ пен тамұқтың бейнесі іспеттес. Өлімнен кейінгі өмірге, жұмақ пен тамұқтың бар екеніне байланысты түрлі сенімдер болса да,  жер бетіндегі жұмақ пен тозақты көргісі келетіндер Мерсиннің Силифке ауданына келіп аралауына болады.  

Жұмақ пен тамұқ үңгірлеріне мекен болған Мерсинді көптеген мәдениет өзіне орталық ретінде таңдайды. Жүздеген жыл бойы түрлі өркениетке бесік болады. Мерсиннің Ердемли ауданындағы Корикос ежелгі қаласы да әрдайым елді мекен болған қоныс. Хеттер дәуірінен бастап бірлық кезеңде Жерорта теңізі аймағының маңызды портты қалаларының бірі болған. Бұл жер аймақта басқа үлгісі табылмайтын, құрлық және теңіз қамалынан қалыптасқан екі жақты қорғаныс жүйесімен сенімді бір қала. Шағын ғана бір аралдың үстіне салынған Қыз мұнарасы бүгінгі күні Корикостың ең танымал ғимараты. Қамал қабырғалары және мұнарасымен құмнан жасалған мұнараға ұқсайды. Жағалаудан қатты алыс емес теңіздің ортасындағы осы қамалға бүгінгі күні жүзіп немесе түрлі теңіз көліктерімен жетуге болады.

Шіркеуі, саркофагтары, су қоймасы және су жолдарымен ежелгі Киликияның ең жақсы сақталған қалаларының бірі Корикос бүгін ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде тұр.



Ұқсас жаңалықтар