Түркияның тұңғыш тыныш қаласы - Сеферихисар

Анадолының тұңғыштары - 51

1872732
Түркияның тұңғыш тыныш қаласы - Сеферихисар

Балалық шағыңызды еске алып,  сағынасыз ба? Уақыт көзді ашып жұмғандай мезетте өтпеген, күндер ұзын және толы болған кезең.  Алаңдамаңыз, өткен күнге сағыныш туралы айтпаймыз бүгін. Тек уақыт өзгеше аққан сол кездерді еске түсіріңіз. Бір нәрсеге үлгеру үшін емес,  жолдастарыңызды қуып жетуге асыққан күндер. Бір жерлерге үлгеру уайымы мен өмірдің қарбаласымен таныспаған сол күндер естеріңізде ме?

Индустриялану кезеңінен кейін қала тұрғын санының артуы және артынан технологиялық жетістіктер бүгін барша білетін жаһандану оқиғасын өзімен бірге ала келді. Алғашқы компьютердік желі құрылғаннан кейін әлем шағын бір ауылға айналды. Осы жетістіктердің жағымды әсерлері де болды әрине. Бірақ ауқымды көзқараспен қарағанда,  болымсыздықтар жақсы жаңалықтардан асып түсті.  Себебі одан да көп жұмыс істеу,  одан да көп жетістіктерден қалып қоймау үшін жылдамдау керек болды.  Жылдам тамақ жеу,  жылдам ойлау және жаңалықтардан қалыс қалмау үшін одан да жылдам болу керек. Жылдам тұтындық.  Барлық нәрсені тез- тез бітірдік. Кішірейген ауылда барлық жер бір-біріне ұқсас бола бастады.  Шағын қалалар, жергілікті өндірушілерге осы жаңалықтар теріс әсер етті.  Жергілікті және дәстүрлі құндылықтар жойылуға таяды. Міне, осы жерде Италияда бір ұғым пайда болды. Cittaslow, яғни «Баяу» немесе «Тыныш қала». Біз де бүгін Анадолының тұңғыштары бағдарламасында Түркияның тұңғыш баяу қаласы Сеферихисарды баяндап береміз.

Жаһанданудың нәтижесінде қалалардың бір-біріне ұқсауы және қарапайымдылық болады деген уайым «Баяу қала» әрекетін ортаға шығарды. Өз құндылығын жарата алатын, жергілікті және мәдени болмыстарды қорғайтын қалалар пікірі қысқа уақытта қабылданды. Италияда басталған осы әрекет бүкіл әлемге тарады.  Измирдің Сеферихисар ауданы да Түркиядан «Тыныш қала» одағына сайланған алғашқы елді мекен болды.

«Баяу немесе тыныш қала» қозғалысы өзіне бір ұлу кескінін логотип ретінде таңдады. Қабығына тарихи ғимараттар мен бүгінгі күннің ғимараттары орналастырылған қызғылт сары осы логотип көп нәрсені айтып береді.  Себебі ұлу жай жүретін жәндік. Арқасындағы мекенімен бірге еш асықпастан жай жүреді. Ол тыныш өмір философиясын бейнелейді. Қабығындағы үйлер болса мәдени мұра мен заманауи өмірдің үйлесімді бола алатынын көрсетеді.

Түркияның алғашқы тыныш қаласы Сеферихисар мандарин бақшалары, күн,  геотермал және жел энергиясы секілді жаңаланатын энергия көздері, көптеген ежелгі қалаларымен танымал. «Тыныш қала» атмосферасы керемет сезілетін жер. Себебі бір елді мекеннің «Тыныш қала» болуы үшін кейбір критерияларды қамдауы керек. Қоршаған ортамен дос болу, қаладағы тұрмыс сапасын арттыру, егіншілік, туризм және өндірісте аймақтық құндылықтарды қорғау секілді принциптерге ие болуы керек. Сеферихисар да осы шарттарға сай және Түркияның тұңғыш, әлемнің 121-ші «Тыныш қаласы» болуға лайықты.

Сеферихисарда ежелгі дәуірдің ең маңызды және ең байырғы портты қалаларының бірі Теос бар.  Анадолыда құрылған алғашқы өнер қайраткерлері одағына және әлемдегі ең үлкен Дионис храмына мекен болған ежелгі қала Теос.

Сеферихисарда назар аударатын басқа бір жер болса – Селчуктан қалған қамалымен Сыгажык. Бұл жер қамал қабырғаларының ішіне жасырынған, өте жақсы сақталған сәулетімен, уақыт шыныменен баяулайтын, тыныш көшелері бар жер. Жексенбі күні тек осында өсетін өнімдерін өндіруші диқандары сататын өңір базарымен де атақты Сыгажык.

Көгілдір байрақты жағажайлары, мандарин бақшалары,  зәйтүн ағаштарымен Сеферихисар  - өмір уайымсыз жалғасып жатқан жұмақ мекен. Көшедегі шырақтары күн энергиясымен жұмыс істейді. Қатынаста велосипед көп таңдалады. Жолдары қариялар мен мүгедектерге сай қылып салынған. Сеферихисарда жыл сайын «Тұқым алмастыру фестивалі» өткізіледі. Жергілікті тұқымдар көбейтіліп, диқандарға таратылады. Мейрамханаларында өңірдің тағамдары ұсынылып, базарда диқандар өз өнімдерін сата алады. Сеферихисар тыныш қала болудың барлық шарттарын орындайды.

Замандас өмір мен жаһандану нәтижесінде қалалардың көбі бір қалыпта болса да, «Тыныш қала» әрекеті осы тағырды өзгертті.  Тарихы, табиғаты, мәдениеті және дәстүрлерімен қаланың өзіндік куәлігі сақталып, ерекшелігі жасампаз болады. Бұл да қалаларға үлкен үлес қосады.

2022 жылдың деректеріне қарағанда,  Түркияда осындай 22 «Тыныш қала» бар.  Олардың саны күн өткен сайын артып отыр. Ахлат, Гөкчеада, Халфети, Көйжегиз, Шавшат, Визе және Гүдүл  - Түркиядағы «Тыныш қалалардың» кейбірі. Кейбірі жердегі жұмақ іспеттес, кейбірі ашуды күтіп тұрған елді мекендерге ие.

***

Өмір өз-өзімен баяу ағатын,  сәттерге шоғырланатын, қарбалас пен уайымдардан аулақ болу пікірі сіздің ойыңызша да тамаша емес пе? Уақытта бір мезетте тұтынудың орнына, баяулап, өмірдің сәнді сәттерін арттырғыңыз келмей ме? Осы сұраққа иә деп жауап беріп, немесе шіркін-ай солай болса ғой десеңіз, тыныш қалаға барып,  осыған куә болыңыз. Уақыт өзгеше ағатын осындай қалаларда болып көріңіз.



Ұқсас жаңалықтар