Айман эз-Зевахиридің өлімінен кейін «Әл-Каида»

Апталық Анализ - 50

1866795
Айман эз-Зевахиридің өлімінен кейін «Әл-Каида»

АҚШ барлау қызметінің Ауғанстанның бас қаласы Кабулда «Әл-Қаида» террор ұйымының көшбасшысы Айман эз-Зевахириді залалсыздандыруы өткен аптадағы бірнеше маңызды тақырыптардың бірі болды. Бұл мәселе АҚШ-тың 11 қыркүйектегі шабуылдар мен жариялаған жаһандық терроризмге қарсы соғысқа байланысты талқыланды. Дегенмен тақырып егжей-тегжейлі және Зевахири тұрғысынан айқын болғанымен, оның абстрактілі жағы және астарымен бірге қарастыруды қажет етеді.

Әл-Завахириге жасалған шабуыл ұйымға соққы берді деген болжам «Әл-Каиданың әлі де белсенді немесе жоқтығы» аясында жаңылыстыруы мүмкін. Дінге сілтеме жасау арқылы күшіне енетін идеологияларды жеке тұлғалардан гөрі интеллектуалдық инфрақұрылымымен бірге қарастыру керек. Бұрын Зеркави, Ладен, Бағдади немесе Курейшидің өлтірілуімен діннен нәр алған террорды тоқтату мүмкін болмады. Демек Зевахиридің «көзін құрту» ешқандай жағдайды өзгертпейді.

«Әл-Қаиданың» 11 қыркүйектегі шабуылдардан кейін өзі артқа шегініп, атқарушы ұйым болудан гөрі, интеллектуалды таралу стратегиясын ұстанғаны назар аударады. Бұл тұрғыдан қолдайтын, бағыттайтын және басқаратын бір түсіністікпен әртүрлі радикалды тенденцияларды үйлестіре алады.

11 қыркүйектің психологиялық ұстанымымен басқа радикалды ұйымдарды шабыттандырған «Әл-Қаида» өзін анықтамалық құрылымға айналдырды. Былайша айтқанда, өзара интеллектуалдық қайшылықтары бар, оңай ажырайтын қозғалыстардың негізгі мақсатын еске түсіретін сипат алды.

Әл-Қаиданың болашағы тақырыбында болса бірнеше фактор бар. Солардың бірі де көшбасшылыққа келетін тұлға қадағалайтын әдіс.

Мысырдың бұрынғы арнайы күштер қызметкері болған, ұйымның әскери операцияларын басқаратын Сейф әл-Адлдың есімі зерттеушілер, әрі американдық лауазымдылар, әрі Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) есептерінде келесі көшбасшы ретінде аталады.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің іздеу салынғандар тізімінде орын алатын Зевахиридің орнына Сейф әл-Адлды қойғанына қарамастан Сириядағы «Әл-Қаида» жақтасы тұлғалардың Telegram арналарында Сейф әл-Адлдың қазір Иранда қамауда екені жайлы қауесет артқан соң басқа бір көшбасшыны назарға алу керектігін талап етеді.

Тағы бір есім болса БҰҰ есебінде үшінші орында тұрған Зевахиридің күйеу баласы, «Әл-Қаиданың» Ауғанстан-Пәкістан әмірі және «Ас-Сахаб» ақпарат құралының директоры «Абдуррахман әл-Магриби» деген атпен танымал Мұхаммед Аббатай.

Тағы бір фактор – Талибан. Қозғалыстың Ауғанстандағы басқа топтарды бақылауына алатыны белгілі. Айман эз-Зевахириге қарамастан жаңа көшбасшының Еуропа мен Америка құрлықтарымен олардың жақын географиялық аймақтардағы активтерін нысанаға алу тұрғысынан Талибанмен бетпе-бет келуі, тіпті бұғаттауы жоғары ықтимал.

Бұл ықтималдың жүзеге асуы жаңа көшбасшының Айман эз-Зевахиридің кегін алу үшін америкалықтарға қарсы зорлық-зомбылық пен жылдам реакция көрсететін әскери саясатты ма, әлде мұсылмандар тұратын географияда ұзақ уақыт қалып, өз болмысын Ауғанстан-Пәкістан аймағында қауіпсіз түрде жалғастыру ниетімен тікелей байланысты.



Ұқсас жаңалықтар