Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі

Еуразия күн тәртібі – 48

1861193
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі

Бүгінгі бағдарламамызда Қырғызстанда өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіне тоқталамыз.

2022 жылы 21 шілдеде Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі өткізілді. Жиналысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан президенттері қатысты.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың үй иелігінде өткен жиналыста аймақтық ынтымақтастық, Ауғанстандағы жағдай, екі жақтылы қарым-қатынастар сияқты тақырыптар талқыланды. Қырғызстан президенті жиналыстағы сөзінде аймақтық тұтастық талпынысын қолдайтынын білдірді.

Ыстықкөл жағалауында өткен жиналыста Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтық ортақ телеарна ашуды, әлеуметтік медианы аймақтық тұтастық үшін белсенді пайдалануды ұсыныс етті. Ортақ көрініс, ортақ түсінік, ортақ саясаттарды атқару тұрғысынан президент Тоқаевтың ұсынысы маңызды болып табылады. Қазақстан президенті Шолпан-Атада танымал қазақ зиялы Мұқтар Әуезовтың мүсінінің бетін ашты.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев аймақтық тұтастық үшін қазірге дейінгі жұмыстарға тоқталды және аймақтық форумдар, аймақтық мәдениет-өнер күндерін, әрі басқа да іс-шараларды бес елдің ортақ өткізуі керектігін тілге тиек етті. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев экономикалық тұтастық үшін елдердің шекара аймақтарында еркін сауда аймақтарын көбейтудің маңыздылығына да тоқталды.

Жиналыста сөз алған Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедов қатынас саласында ортақ жұмыстануға шақырды. Шығыс-Батыс және Оңтүстік-Солтүстік дәлізі қатынасында Орталық Азия Республикаларының маңыздылығы барған сайын артып келеді. Аймақтағы бес республиканың маңызды транзит ел болу мүмкіндігі күшті.

Жиналыс соңында лидерлер ортақ хаттамаға қол қойды. Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан президенттері «21-ші ғасырда Орталық Азияның Өркендеуі үшін Достық, жақсы көршілік және ынтымақтастық келісіміне» қол қойды. Түрікменстан мен Тәжікстан президенттері ел ішіндегі мәселелер шешілгеннен кейін осы келісімге қол қоятындарын білдірді. Сонымен бірге лидерлер «Жасыл күн тәртіп» аймақтық бағдарламасы және 2022-2024 жылдарда аймақтық ынтымақтастықты дамытудың жол картасын қабылдады.

Түрікменстан мен Тәжікстанның аймақтық тұтастықты жылдамдататын келісімге қол қоюды кешіктіруі аталмыш елдерде әлеуметтік талпыныс, ішкі саясат процестерінің көршілерінен өзгешелеу екенін көрсетеді. Бұл жағдай аймақтық тұтастыққа кедергі болады.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі аймақ экономикасының жағдайы да талқыланды. Ресейге жасалған санкциялар аймақ экономикасына әсерін тигізуде. Аймақ елдері батыс пен Ресей қарым-қатынастарындағы тепе-теңдікті сақтауға және Ресей мен батыс елдері қақтығысынан эксономикалық жақтан зиян тартпауға талпынуда. Сонымен бірге аймақ елдері тұрғысынан аталмыш дағдарысты орайға айналдыру мүмкіндігі де бар. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Әзербайжанның келесі кездесуге құрметті қонақ ретінде қатысуды қалайтынын білдірді. Осы оқиға Түркістан-Кавказ аймақтық ынтымақтастығын дамыту тұрғысынан өте маңызды болып табылады.

Қорыта айтқанда, Шолпан-Атада өткен жиналыста Орталық Азияда аймақтық тұтастық үшін маңызды қадамдар басылды. Әлем саясатындағы өзгерістер Орталық Азия елдерін жақын болашақта аймақтық тұтастық тұрғысынан маңызды шешімдер жасауға итермелеуі мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар