Түркияның ең көп бал өндіретін қаласының Орду екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 47/48

1858956
Түркияның ең көп бал өндіретін қаласының Орду екенін білетін бе едіңіз?

Түркияның ең көп бал өндіретін қаласының Орду екенін білетін бе едіңіз?

Денсаулыққа сансыз пайдасы бар бал – табиғаттың адамдарға берген ең үлкен сыйлықтарының бірі. Ғасырлар бойы адамзат тарихындай ескі екені белгілі балдың қолданылу аясы да біршама кең. Көптеген ауруларға пайдалы екені белгілі бал табиғи қантты алмастырғыштар ретінде де қолданылады.

Түркия – бал өндірісі ең жоғары елдердің бірі. Омарта шаруашылығы негізінен таулы аймақтарда жүргізілетін Түркия әлемдік бал өндірісінде Қытайдан кейін екінші орында. Түркияның Қаратеңіз аймағында орналасқан Орду қаласы болса, бал өндірісінде бірінші орында.

Ордудағы орман жаңғағынан кейін ең маңызды табыс көздерінің бірі ара шаруашылығы. Соңғы уақытта жылдық орташа 18 мың тонна бал өндірісімен Орду қаласы Түркияның бал өндірісінің 15 пайызын құрайды. Еуропаға бал экспорттайтын Ордуның ара ұяcы саны әлемдегі 84 елден, ал бал өндіру көлемі 95 елден асады.



Ұқсас жаңалықтар