Сердар Бердімұхаммедов Өзбекстанға барды

Еуразия күн тәртібі – 47

1858374
Сердар Бердімұхаммедов Өзбекстанға барды

Бүгінгі бағдарламамызда Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедовтың Өзбекстанға жасаған сапарына тоқталамыз.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедов 2022 жылы 14-15 шілдеде Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедовты Ташкентте Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов күтіп алды. Түрікменстан президенті алдымен Жаңа Өзбекстан саябағына барып гүл шоғын қойды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Көксарайда Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедовты ресми рәсіммен күтіп алды. Екі ел президенті рәсімнен кейін оңаша бас қосты, артынан делегациялар арасында кездесулер өткізілді. Кездесулер соңында екі ел арасында ғылым, өнеркәсіп, туризм, ауыл шаруашылығы, көлік, экономика сияқты салаларда 19 келісімге қол қойылды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев мәлімдемесінде 2021 жылы екі ел арасындағы сауда мөлшерінің 902 миллион доллар болғанын, 2022 жылы мұны бір миллиард долларға көтеруді нысанаға алғандарын және екі ел арасындағы сауда мөлшерінің тұңғыш рет осындай жоғары өреге жеткенін білдірді.

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедов сапар аясында Ташкентте Өзбекстан Жоғарғы Мәжілісі Сенатының төрайымы Танзила Нарбаевамен кездесті. Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастар жайлы көзқарас алмастырылды.

15 шілдеде екі ел басшылары Самарханды аралады. Мынаны айта кетейік, Бердімұхаммедовтың сапары аясында Өзбекстанда түрліше іс-шаралар ұйымдастырылды. 2022 жылы 13 шілдеде Ташкентте «Өзбекстан-Түрікменстан: Ынтымақтастығының Жаңа тарихи кезеңінде Өркендеу перспективасы» атты халықаралық конференция өткізілді. Конференцияда екі ел қарым-қатынастары жайлы тақырыптар қолға алынды.

12-14 шілдеде Бұхарада Өзбек-Түрікмен аймақтық форумы өтті. Форумда екі ел арасында 451 миллион долларлық келісімге қол қойылды. Форум аясында Өзбек-Түрікмен Бизнес кеңесі жиналысы өтті.

Ташкентте екі жақтылы қарым-қатынастарды бекемдейтін маңызды келісімдер жасалды. Аймақта ғана емес, бүкіл әлемде шекарасыз сулардан пайдалану жөнінде мәселелер бар. Өзбекстан мен Түрікменстан Әмудария суын үнемді пайдалануға келісті. Аралдың құрығаны, аймақтың шөлденгені ескерілгенде, екі ел арасында жасалған осы келісім суды пайдаланудағы келіспеушіліктерді жөнге салу тұрғысынан өте маңызды болмақ.

Ташкентте шекара аймақтардағы сауданы дамыту тақырыбындағы жол картасын белгілеу келісіміне қол қойылды. Түрікменстан мен Өзбекстанның экономикалық күші осы келісім аясында қолданылады. Сонымен бірге тараптар өзара сауда үйлерін ашуды жоспарлауда.

Қатынас-екі ел тұрғысынан ірі жасырын күші бар сала. Лидерлер осы саладағы мүмкіндіктерден пайдалану және ынтымақтастықты ең жоғарғы өреге көтеру тақырыбында келісті. Шавкат Мирзиеев түрікмен әріптесін қыркүйектің ортасында Самарханда өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінің құрметті қонағы болуға шақырды. Бұл өте жақын ынтымақтастыққа ие елдер арасында ғана болатын шақыру.

Қорыта айтқанда, президент Сердар Бердімұхаммедов шетелге тұңғыш мемлекеттік сапарын бауырлас Өзбекстанға жасады және бұл сапар өте жақсы өтті.



Ұқсас жаңалықтар