Буын ауруларына арналған табиғи шешімдер

«Денсаулық зор байлық» - 47

1855930
Буын ауруларына арналған табиғи шешімдер

«Денсаулық зор байлық» - 47

Буын аурулары, жасы ұлғайған сайын пайда болатын буын ауруы әсіресе шеміршектің жоғалуы, буын сұйықтығының азаюы немесе тауысылуы нәтижесінде пайда болады.

Сүйек және буын ауруы үшін табиғи шешім ұсыныстары былай:

1. Массаж жасау:

Сүйек ауруы үшін қолдануға болатын бірінші әдіс әрине массаж. Тиісті ортада дұрыс әдіспен қолданылған массаж арқылы сүйек ауруын жеңілдетуге болады. Сол үшін кейбір өсімдік майларын пайдалану керек. Массаж үшін жаңғақтың майы, кастор бұршағы (үпілмәлік) майы, кокос майы немесе жылқы атбасталшын майы қолайлы. Осы өсімдік майларының арқасында сүйектердегі қан айналымы жылдамдайды және сүйек ауруымен ауыратын адамдар жеңілдейді.

Зәйтүн майы массажы

Күніне екі рет ауыратын буындарыңызға зәйтүн майымен массаж жасаңыз. Массаж аяқталғаннан кейін оны шаймай-ақ теріңізге сіңіріңіз.

2. Жаттығу:

Бұл әдісті үнемі қысқа серуендеу арқылы бастауға болады. Жүзу ауырсынуды басудың тағы бір тиімді әдісі ретінде белгілі. Жеңілден бастап, күнделікті жүйелі түрде жүзу керек. Осылайша, сүйек ауруын жеңілдетуге болады.

3. Зімбір:

Зімбір - ауырсынуды басатын тағамның түрі. Күн сайын бір стақан зімбір шайын тұтыну осы ауырсынуды тудыратын мәселені жеңілдетеді. Сондықтан жиі ішу жақсы болуы мүмкін.

4. Шынар жапырағы:

Шынар жапырақтарын белгілі бір уақыт ішінде ыстық суда басу керек. Ыстық суда біраз уақыт тыныққан жапырақ теріге тиетіндей қылып теріге жағу керек. Әрине жағатын жерді тазалап, кірден арылдыру да маңызды.

5. Куркума емі:

  Материалдар

• Жарты шай қасық куркума

• 2 стакан ауыз су

Дайындалуы: Куркуманы суға салып, баяу отта қайнатыңыз. Қайнаған кезде пештен алыңыз. 6-7 минут дәмін алған соң таңертең және кешке 1 стакан ішіңіз.

6. Ананас емі:

Жаңа піскен ананас буын ауруына қарсы ең тиімді жемістер мен табиғи дәрілердің бірі болып табылады. Құрамындағы ферменттің арқасында буындағы қабынуды азайтуға көмектеседі.

Материалдар:

• 2 тілім жаңа піскен ананас

• 1 литр ауыз су

Дайындалуы: Блендерге 2 тілім ананас салып, оған 4 стакан, яғни 1 литр су құйып, 5 минут араластырыңыз. Бұл қоспаны күніне 4 рет ішуіңіз керек. Біткен сайын жаңадан дайындау арқылы жалғастыруыңызға болады.

7. Зәйтүн майы:

Тізе мен буындардың ауырсынуын азайту үшін зәйтүн майын тағамдарда қолдану маңызды. Сондай-ақ таңдағанда зәйтүн майының суық сығымдалған және өңделмеген болуы өте маңызды.

8. Салқын су балықтары:

Туна, лосось, форель және сардина сияқты салқын су балықтары буын ауруларына жақсы әсер ететін омега 3 көп болады.

9. Cүйек сорпасы:

10. Тұтас дәнді дақылдар:

Жоғары талшық пен тұтас дәнді дақылдарды тұтыну керек. Тізе және буын ауруы бар адамдарға бидай, сұлы және қарақұмық дәндерін тұтыну ұсынылады.

11. Жемістер мен көкөністер

Ананас, брокколи, сарымсақ, інжір, жасыл жапырақты көкөністер, анар, тұт, қаражидек, құлпынай, алма, қызылша, қызыл қырыққабат, сәбіз, асқабақ, тәтті картоп және қызанақ тиімді.

12. Жүзім жапырақтары

Кальцийдің тиімді көзі болып табылатын жүзім жапырағының 100 граммында 392 мг. кальций бар.  Сондықтан сүйек тіні тұрғысынан өте маңызды бір қоректік көз болып табылады.

13. Розмарин

Қабынуға қарсы тағам ретінде розмарин буындардағы қаттылық пен ісіну сияқты аурулар үшін пайдалы бір тағам.

14. Бадам

Бадам Е дәрумені тұрғысынан бай болып табылады. Құрамындағы қосындылардың арқасында бадам буын ауруы үшін жақсы.

15. Шафран

Шафран буындар мен бұлшықеттегі ауырсынуға өте пайдалы.

16. Қалампыр

Қалампырды тұтыну буын ауруы үшін жақсы деп есептеледі. Қалампырда сонымен қатар буындағы ауырсынудан туындаған шеміршек пен сүйектің зақымдалуын бәсеңдететін маңызды антиоксиданттар бар. Осыған байланысты созылмалы буын ауруы шағымдары бар адамдар үшін өте пайдалы. Буын ауруын азайту үшін күніне ½- мен 1 шай қасық қалампыр тұтынуға болады.

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар