Ликия жолы

Анадолының тұңғыштары - 41

1853349
Ликия жолы

Анадолының тұңғыштары - 41

 Соңғы рет қашан серуендедіңіз? Немесе сұрақты өзгертелік, әрдайым жүйелі түрде жүресіз бе? Барлық маусымда, барлық жерде және қанша жаста болсаңыз да айналысуға болатын спорт түрі, әрі ешбір арнайы жабдықсыз. Қаласаңыз қаланың ортасында, қаласаңыз теңіз жағасында,  болмаса тауда немесе орманда. Сол сәтте қайда болсаңыз, жасауға болатын спорт түрі.

Жүрген кезде миға көбірек оттегі барады. Метаболизм жылдамдай түседі. Жүректі де қосқанда денедегі бұлшық еттер нығая түседі. Жарты сағаттан көп жүру кезінде гормондардың көмегімен психологиялық жағдай болымды жаққа өзгереді. Стресс азайып, ақыл-сана еркін ойлауға дайын болады. Қиялдау күші өз қақпаларын ашады.  

Атақты ойшыл Ницще мигрен ауруының салмағын бірнеше сағат бойы жүру арқылы азайтады,  серуендеп жүріп те ойланады. Ол ой-пікірінің жүру барысында өрбігенін айтады. Француз төңкерісінің ең маңызды тұлғаларының бірі Жан-Жак Руссо тек жүрген кезде ғана шыныменен ойлана алғанын және шабыт тапқанын айтады.  Үндістанның саяси және рухани лидері Гандинің ағылшындарға қарсы бастаған тойтарысының ең маңызды бөлімі 400 километрлік Туз жол жүруі. Әдебиет және өнер әліменде көптеген тұлғаның атын айтуға болады әрине, бірақ енді өз жолымызға келейік. Бүгін Түркияның тұңғыш серуен жолы ротасы – Ликия жолы туралы айтып береміз.

**

Түркияның тұңғыш серуен жолы ротасы өз атын ежелгі дәуірдің алдынғы қатарлы жолдарының бірі Ликиядан алады.  Бүгін Анталия мен Фетхие шығанақтары арасында орналасқан Теке түбегінің ежелгі дәуірдегі аты – Ликия. Ликия Одағында тарихтың алғашқы демократиялық одағын қалыптастырған 23 қала болған. Себебі ең маңызды және көркем қалалар орын алған одақта.  Бүгінгі күні сол қалалардың кейбірі туризм орталығында барша көретін жерге айналған, кейбірі тек арнайы іздеп келушілер таба алатын қалдық болып тұр. Міне, Түркияның тұңғыш ұзын жүру ротасы Ликия жолы 550 километрлік ұзындығымен ежелгі Ликия өркениетінің іздерін көруге мүмкіндік береді. Тарих пен табиғат, теңіз бен орман бір-бірімен астасқан, тосын сыйларға толы рота бұл.  Жолды бастан аяқ жүріп өткендер жиырмадан астам ежелгі қаланы көре алады. Көгілдір мен жасылдың ондаған түсін тамашалай алады.  Адам аяғы баспаған шығанақтарға бара алады.  Кедір-бұдырлы, кейде жоғары қарай өрмелеуді де қажет ететін осы жолды бастан аяқ жүріп өту әркімнің қолынан келе бермейді.  Сондықтан балама ретінде түрлі роталар айқындалған.  Сіз үшін басымдық не болса,  соған орай маршрут анықтап,  осы жолды жүріп өтуіңізге болады. Бәлкім сол тамаша шығанақтарды сіз тау шыңынан көргіңіз келетін болар,  бәлкім жағажайда түнеп шыққыңыз келетін шығар. Бәлкім ежелгі қалдықтар арасында аралауды ұнатасыз,  бәлкім киікотының керемет иісінің ортасында орманнан жүруді қаларсыз.  Таңдау сіздікі!

**

Ликия жолы Рим дәуірінде қалаларды бір-бірімен байланыстырған бірқатар тәуелсіз жол.  Түркияның алғашқы ұзын жолы міне сол кездегі Рим жолдарының іздері және соқпақтарынан қалыптастырылған. Осы жолды жыл сайын 30 мың адам жүріп өтеді.  Әрине, бастан аяқ емес.  Себебі 550 километрлік жолдың барлығын бір уақытта жүріп өтуге жақсы дайындық және орташа 25-40 күндік уақыт керек. Егер тәжірибесі жеткілікті спортшы болмасаңыз,  бірнеше күндік роталарды таңдауыңызға кеңес беріледі.  Ликия жолында жеңілдік үшін халықаралық белгі жүйесін қолдану арқылы түрлі белгілер қойылған. Түйіндерге қойылған сары түсті бағыт көрсететін маңдайшалар мен соқпақ және топырақ жолдағы ақ-қызыл сызықтар жүрушілерге көмектеседі.

Ликия жолын жаз маусымы тысында барлық уақытта жүріп өтуге болады.  Себебі Жерорта теңізі аймағының климаты ыңғайлы.  Осы істің мамандары жауын-шашынды күндері абайлау керектігін, жаңбырда жердің тайғанақ болатынын, сондықтан өрмелеу мен төмен түсудің қияндай түсетінін айтады.

**

Ликия жолы - әлемдегі ең ұзын және ең жақсы серуен жолдарының бірі.  Осы жолда жүріп отырып,  өте танымал ежелгі қалаларға да жолыңыз түседі, бұдан бұрын атын еш естімеген жерлерді де көресіз. Олардың кейбірінің жағдайы жақсы, кейбірінің тек қалдықтары жеткен бүгінгі күнге. Батып кеткен қала Аперлай мен қалдықтары, Аяз Ата қайтыс болған Мирадағы теңдесі жоқ жартас қабірлер мен қаланың ежелгі порты Андриаке, саркофагтарға толы Феллос, жартысы судың ішінде, жартысы сыртындағы қалдықтарымен Симена және әрине ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміндегі Сантос пен Летон қалалары -  осы жолдың бойында көрілетін жерлердің тек бірнешеуі ғана.

Әрине тек жүру емес,  Ликия жолында жүзгісі келетіндер мен күнге күйдірінгісі келетіндер үшін де сансыз таңдау табылады. Адамды сиқырлап алатын Өлітеңіз, теңдесі жоқ Кабак шығанағы, ұзындығы 18 км әлемнің ең ұзын табиғи пляждарының бірі- Патара, жасырын жұмақ Адрасан шығанағы мен адам аяғы баспаған көптеген шығанақ.

Таулар мен биіктікті ұнататындар болса Түркияның жағалауға жақын ең биік тауы Тахталы, басқа есімімен Олимп тауы, әлемдегі санаулы кедр ормандары табылатын Сусыз тауына шығуға болады. Текирова, Кипр және Саклыкент каньондарында шыңдар мен асулар сыйлайтын керемет сәттерді басынан өткізуіне болады.

Ташлык мүйісіндегі Түркияның ең тамаша теңіз маягы Гелидония, ежелгі дәуірлерден қалған инженерлік кереметі Деликкемер, әлемдегі белгілі ең байырғы батқан кеме Улубурун, Чыралыдағы Жанартас Кимера - осы жолда алдыңызға шығатын тосынсыйлар арасында.  

**

Көгілдір мен жасыл түстер арасында, әрі таулардан,әрі теңіз жағасынан өтетін керемет көріністерімен тамаша уақыт сыйлайтын ұзын жол Ликия жолы. Тарихтағы алғашқы демократиялық одақты қалыптастырған қалалар көрінетін,  тыныштық табатын осы жолда жүріп отырып сол керемет табиғат сіздің, сіз де табиғаттың бір бөлшегі боласыздар.



Ұқсас жаңалықтар