Түркияның әлем қызанақ өндірісінде төртінші ел екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 45

1851229
Түркияның әлем қызанақ өндірісінде төртінші ел екенін білетін бе едіңіз?

Түркияның әлемде ең көп қызанақ өндіретін төртінші ел екенін білетін бе едіңіз? 

Қызанақ – бүкіл әлемде болғандай түрік асханасының да ең көп тұтынылатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірі. Тіпті түрік асханасында «Пияз бен қызанақ пастасын қуырыңыз, оған не қоссаңыз оның тағамы болады» дейтіндей таптырмас бір жеміс.  

Отаны Орталық және Оңтүстік Америка болып табылатын қызанақ 16-ғасырда Мексикадан Еуропаға таралса, оның Жерорта теңізі мен Таяу Шығыс елдеріне таралуында түрік саудагерлері маңызды рөл атқарды. 

Құрамындағы жоғары деңгейде А, Е және С дәрумендері, көптеген минералды заттар және өсімдік талшықтарымен, әсіресе калийге қоса ликопен, бета-каротин және флавоноидтарымен көптеген аурулардан қорғайтын қасиетке ие тағам.  

Бүкіл әлемде қызанақтың қанша түрінің өндірілетіні белгісіз. Түркияда да барлық түрлерінің өндірісі үнемі дамып, өсіп келеді. Ашық жерде және жылыжайда, жерде және көшет түрінде өсірілетін, жаңа піскен және өңделген күйде сатылатын қызанақтың алуан түрі бар. Қызанақты әлемде ең көп өндіретін төртінші ел ретінде Түркия ең көп асханалық қызанақ экспорты жасаған бесінші және ең көп қызанақ пастасын экспорттаған үшінші ел болып табылады. Ондаған жергілікті қызанақ түрінен жүлде алған Түркияға келген туристер елдеріне оралғанда осында жеген қызанақтардың керемет дәмін айтып бітіре алмайды. 



Ұқсас жаңалықтар