Сүйек денсаулығы және остеопорозды емдеу

«Денсаулық зор байлық» - 46

1853458
Сүйек денсаулығы және остеопорозды емдеу

«Денсаулық зор байлық» - 46

Бұл бағдарламамызда сүйек денсаулығы және остеопорозды емдеуге  арналған табиғи ұсыныстар туралы айтып береміз. 

Сарымсақ: Күніне сарымсақтың бір дозасын жеу остеопороз және артроз қаупін азайтуға көмектеседі.

Алма: Күніне бір алма жеу остеопорозды бақылауда ұстайды. Антиоксиданттардың бірегей комбинациясы алманы сүйек денсаулығының күшті көзі етеді. 

Розмарин: Розмариннің бірнеше бұтағын салаттарыңызға қосып, оны тағамға дәмдеуіш ретінде қолдануды немесе розмарин шайын ішуді әдетке айналдырсаңыз, сүйектеріңізге өте пайдалы. 

Кокос майы: Кокос майы да остеопорозға пайдалы тағамдардың қатарына жатады. Күніне 1 ас қасық таза кокос майын тұтыну остеопороздың алдын алуға көмектеседі. 

Ананас: Ананас остеопороздың алдын алу және емдеуде пайдалы марганец минералы тұрғысынан бай. 

Ақжелкен: Ақжелкен сүйек денсаулығы үшін маңызды қоректік зат болып табылатын К дәруменіне толы. Зерттеулер көрсеткендей, К дәрумені бар тағамдарды жеу сынық қаупін азайтады. 

Шалфей: Шалфей көп ұсынатын К дәрумені сүйек денсаулығында маңызды рөл атқарады. Бұл витаминнің жетіспеушілігі сүйектің жұқаруы мен сынуымен байланысты.

Тимьян: Тимьян майының сүйек жоғалуына қарсы потенциалды қорғаныс әсері бар екені белгілі. Тимьян майы розмарин майына қарағанда остеопороз мен артроздан қорғайтын әсерге ие. 

Арамсарбас (Фенхель): Аскөк шөбі буын және сүйек ауруларына жақсы. Сүйек ауруын жеңілдету үшін аскөк тұқымын массаж үшін қолдануға болады. Аскөк қабыну мен ауырсынуды азайтатын қасиеттерге ие. Аскөк сондай-ақ сүйектердің дамуы мен қоректенуіне де көмектеседі. 

Аругула: Аругула кальций мен К дәруменіне қоса сүйек денсаулығына қажетті көптеген қоректік заттар тұрғысынан пайдалы. 

Пияз: Пияздың құрамындағы күкірт қосылыстары сүйектегі коллагенді күшейтуге тырысады. Диеталарына көбірек пияз қосатын әйелдерде одан жақсы сүйек тығыздығы және одан төмен жамбас сынығы қаупі байқалды. 

Қара өрік: Өрік сүйектің минералды тығыздығын жақсартуға көмектесетіні дәлелдеді. 

Кептірілген өрік: Кептірілген өрік сүйек пен бұлшықет массасын арттырады. Осы себепті күндізгі тағамдарда кептірілген өрікті тұтынуыңызға болады. Кептірілген өрікті күнде жеу остеопороздың және сынудың алдын алуға көмектеседі. 

Сүт: Кальций көзі болып табылатын сүт сәби кезінен бастап сүйек денсаулығын сақтайды. Сүтті күнделікті тұтыну остеопороз қаупін жояды. Сүтті даршын немесе жеміс пюресі қосып тұтыну мүмкін. 

Бадам: Бадамда кальцийдің жоғары деңгейі бар. Бадамды сүтпен бірге жеуге болады. 

Аскөк: Аскөктің құрамындағы дәрумендер мен минералдар сүйек құрылымы мен беріктігін құруға және сақтауға ықпал етеді. 

Йогурт: Әрі сүйек денсаулығын, әрі ас қорыту жүйесін де қорғайды. Сүйектерді нығайту үшін күн сайын бір кесе йогурт ішу керек. 

Лимон: Лимон суы, лимон сығылған салат және үйдегі қантсыз лимонадты сүйек денсаулығыңыз үшін таңдауға болады. 

Балық: Құрамында омега 3 бар балықты тұтыну әрі жүрек, әрі сүйек денсаулығын қолдайды. 

Шпинат: Бұлшық ет пен сүйектің түзілуін қолдағаны үшін шпинат остеопороздың жауы болып табылады. 

Кориандр тұқымы: Темір, магний, кальций және калийге бай кориандр остеопорозға қарсы қолданылады. 2 ас қасық кориандр тұқымын бір стақан суға қайнатып, суыған соң сүзіп ішіңіз. 

Брокколи: Брокколиді өте аз суда қайнатып тұтыну остеопороздың алдын алады. Брокколи шырынын ішіп, көкөністі жеу ұсынылады. 

Зығыр тұқымы: Әсіресе менопаузадағы әйелдердің зығыр тұқымын тұтынуы керек екендігі баса айтылды. Зығыр майын тағамға қосуға болады.

Улы қырықбуын: Остеопороз басталған адамдар күндізгі уақытта бір кесе улы қырықбуын шайын ішуі керек. Бұл қоспаны бір литр суға бір ас улы қырықбуын қосқаннан кейін 5 минут қайнатыңыз. 20 минут салқындағаннан кейін бір стақан ішіңіз. Бұл қоспаны үнемі тұтынатын болса, сүйектерге пайдалы.

Дайындаған: Дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар