Ильхам Әлиевтің Өзбекстанға сапары

Еуразия күн тәртібі – 44

1850882
Ильхам Әлиевтің Өзбекстанға сапары

Бүгінгі бағдарламамызда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Өзбекстан Республикасына жасаған сапарына тоқталамыз.

2022 жылы 21-22 маусым арасында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Өзбекстан Республикасына ресми сапармен барды. Халықаралық Ислам Кәримов әуежайында Әзербайжан президентін Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды. Бұл сапар пандемиядан кейінгі Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің тұңғыш ресми сапары ретінде тіркелді.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Өзбекстан сапары Ташкентте өткен Гейдар Әлиев алаңының тұсау кесерімен басталды. Гейдар Әлиев алаңының бетін екі ел басшысы бірге ашты. Еске сала кетейік, 2010 жылдан бері Ташкентте Гейдар Әлиев Әзербайжан Мәдениет орталығы жұмысын жалғастыруда және осы қалада Гейдар Әлиев атында бір көше де бар.

Сол күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев әзербайжандық әріптесін Көксарайда рәсіммен күтіп алды. Оңаша және делегациялар арасында кездесулер өткізілді. Президенттер ортақ инвестиция қорын құру тақырыбында келісті. Кездесулер соңында екі ел арасында 18 құжатқа қол қойылды. Екі ел президенттері стратегиялық ынтымақтастықты бекемдеу және барлық салада ынтымақтастықты дамыту хаттамасына қол қойды.

Журналистерге арналған жиналыста Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев екі жақтылы қарым-қатынастарды тың белеске көтеру, жасалған келісімдерді атқару үшін екі елдің ортақ комиссиялары тең төрағаларының ай сайын бас қосуы, жасалған жұмыстар бағаланып, алдағы жұмыстар жайлы келіссөздер өткізілетінін хабарлады. Президент Мирзиеев сонымен бірге қараша айында президент Ильхам Әлиевтің Самарқанға келетінін және осы уақытқа дейін екі жақтылы қарым-қатынастардың қаншалықты дамығанын кеңесетіндерін айтты. Сапарды тарихи деп бағалаған президенттер екі жақтылы қарым-қатынастарды бекемдеу үшін саяси жігер бар екенін атап көрсетті.

22 маусым күні Өзбекстан мен Әзербайжан президенттері Хива, Үргеніш қалаларын бірге аралады. Ильхам Әлиевке арналған халық өнерпаздары концерті өткізілді. Президенттер өнерпаздармен кездесуде екі халықтың ортақ құндылықтарын дәріптеп, бауырластық үндеуін тастады.

2021 жылы Өзбекстан мен Әзербайжанның ортақ сауда мөлшері 118.9 миллион долларға жетті. Президент Әлиевтің сапары алдында өткізілген Өзбекстан-Әзербайжан Бизнес форумында 500 миллион долларлық келісім жасалды. Экономикалық және сауда саласында екі елдің жасырын күші толық пайдаланылмағанын айтуға болады. Ортақ инвестиция қорының құрылуы, қатынас саласындағы ынтымақтастықтың дамуы және бюрократтық кедергілердің жойылуы Өзбекстан-Әзербайжан экономикалық байланыстарын тың белеске көтереді. Өзбекстанда 243 Әзербайжан компаниясы жұмыс жасайды.

Әзербайжан Өзбекстан үшін батыс елдеріне ашылған қақпа ерекшелігінде, Өзбекстан Әзербайжан үшін Оңтүстік Азияға қысқа жолмен жету мүмкіндігін береді. Екі елдің құрлық, теңіз, әуе және темір жолы қатынастарында ірі ынтымақтастық жасау жасырын күші бар.

Оқиғалар көрсеткендей, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Өзбекстан сапары екі жақтылы қарым-қатынастар, Түркі әлемінің және халықаралық түрік ұйымдарының күшеюі тұрғысынан өте маңызды болды.



Ұқсас жаңалықтар