Мимар Синан салған акведуктің бүгін де Стамбулға су жеткізгенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? -- 43

1848327
Мимар Синан салған акведуктің бүгін де Стамбулға су жеткізгенін білетін бе едіңіз?

460 жыл бұрын Мимар Синан салған акведуктің Стамбулға алғашқы күндегідей су жеткізгенін білетін бе едіңіз? 

 

Кануни Сұлтан Сүлейман патшаның бұйрығымен 2 мың жылдық Кыркчешме су жолы жүйесін Стамбулға жеткізу үшін Мимар Синан тарапынан 1554-1563 жылдары арасында салынған Мағлова акведук суландыру жүйесі алғашқы күндегідей Стамбулға су тасымалдауды жалғастыруда. Мимар Синанның маңызды шедеврлерінің бірі Мағлова акведук суландыру жүйесі Стамбулдағы Алибей ағысында орналасқан. 

Бүгінгі таңда бір алқаптың екі бетін жалғап, өңір тұрғындарына көпір қызметін атқарып жатқан Мағлова акведук суландыру жүйесі әлемде теңдесі жоқ құрылымға ие. 1563 жылы бұрын-соңды болмаған бір дауылда толығымен қираған акведук суландыру жүйесін Мимар Синан күшті ағыстар мен жер сілкіністеріне төтеп беретін жаңа бір жүйе жобалап қайта салды. Төменгі қабаттағы кішкентай көздермен су тасқынындағы судың қарқындылығын, жоғарғы қабаттағы кішкентай көздермен де дауылдағы желдің күшін жеңілдетуді мақсат етеді. Сонымен қатар аяқтарға қарай кеңейетін тіректердің арқасында құрылымның салмағын да тарата алады. Сол кезеңнің технологиясымен бұл орасан зор құрылымның пайда болуын өнертанушы ғалымдардың көпшілігі «ғажайып» деп сипаттайды. 

Мағлова акведук суландыру жүйесін сарапшылар сәулет, инженерлік және эстетика тұрғысынан әлем ғажайыбы және әлемдік су сәулетінің де шедеврі ретінде бағалайды. Биіктігі 36 метр, ұзындығы 258 метр болатын акведук әлемдік туризм тұрғысынан Эйфель мұнарасы мен Мостар көпірімен салыстыруға болатын өте құнды туынды болып есептеледі. 



Ұқсас жаңалықтар