Сүмела монастыры

Анадолының тұңғыштары -37

1848024
Сүмела монастыры

Анадолының тұңғыштары -37

Бір монах түс көріп, алыс жолға шығады. Теңіздерден асып, таулардан өтеді. Түсінде Әзірет Иса мен Әзірет Мәриямды бір үңгірде көреді. Әзірет Мәриям Әзіз Лукастың бір икона жасағанын және иконаны періштелердің осы үңгірге алып келгенін айтады. Афиныдан жолға шыққан монах Трабзон портында басқа бір монахпен кезігеді. Стамбулдан келген осы монах та діл сондай түс көріпті. Ол да үңгірді іздеп жүр екен. Бір- бірінен хабарсыз,  басқа жерлерден жолға шыққан екі монах үңгірді табады, оның үстіне икона да сол үңгірде болып шығады. Осы жерді дереу шіркеуге айналдыру үшін іске кіріседі. Артынан христиан дінінің маңызды орталықтарының бірі болған Сүмела монастыры міне осылай салынған.  Негізінде осы айтылған аңыз шындығында болған ба белгісіз, бірақ тарихи деректерде бұл туралы мәлімет кездеспейді. Алайда бұл аңызды кеңінен айтып келген. Бәлкім тек діни мағынасын және әсерін арттыру үшін айтылған әңгіме де болуы мүмкін. Теңіз деңгейінен биіктімен әлемдегі өзіне ұқсас жерлерден кем қалмайтын, басы бұлттарға тиіп тұрған Сүмела монастырын баяндап береміз бүгін.

 ** 

Адамдардан алыс, жаратушыға жақын болу үшін таулардың шыңына, әлемнің адам көп бармайтын жерлеріне салынады алғашқы монастырьлар. Жалғыздық немесе бір өзі деген мағынаға келетін «монос» деген сөзден келген.  Монастырь өмірі алғаш рет үнді текті діндерде басталады, сол дінде жетіледі. Өмірді түсіну және керемет өмірге жету үшін материалдық барлық нәрседен бас тарту керектігіне сенеді. Дүниеден және оның нығметтерінен алыстау физикалық және географиялық жағынан оқшауланумен ғана мүмкін. Сондықтан шөлдерге, жартастардың төбесіне,  құс ұшпайтын, керуен өтпейтін жерлерге, үлкен қиыншылықпен салынады монастырьлар. Уақыт өте келе осындай ойлау түрі басқа жерлерде және түрлі діндерде де кездесе бастайды.  Алайда монастырьлар христиандықта өзгеше мағынаға ие болады.  Монастырьлар кішкентай балалар жас кезінен дінді үйрену үшін берілетін оқу орындарына айналады.  Қалыпты өмір тұрмысынан алыста,  табиғат шарттарында, жету қиын жерлерде салынады.

Трабзондағы Сүмела монастыры да географиялық шарттарға бас имей салынған,  көрген адамды таңғалдыратын керемет бір ғимарат. Монастырь өз атын «қара» деген мағынаға келетін «мелас» сөзінен алған.  Кейбірі монастырьдің атын өзі салынған қара түсті таудан алғанын айтса, кейбірі осындағы Мәриям ана иконасының қараға боялғаны үшін осы есіммен аталғанын айтады.  Керемет жүзеге асыратыны айтылған осы иконға мекен болғандықтан киелі деп саналады.  Қара Мадонна деп те аталатын Мәриям ана иконасының ауруға, тапшылыққа және барлық қиыншылыққа пайдалы екені, әрі керемет жасайтыны айтылады.

Теңіз деңгейінен 1150 метр биіктіктегі Сүмела монастыры Мәриям ана монастыры деп те аталады.  Қаланың тысында, орман ішінде және қатты жартастардың бір бөлшегі секілді болып тұрған ғимарат өзінің тұғырымен монастырьларды орын таңдау дәстүрін жалғастырған. Понти православ монастыры болып табылатын Сүмела монах дайындайтын бір мектеп болғандықтан аймақтың ең маңызды монастыры болған.  Алдымен жартастағы үңгірдің шіркеуге айналдырылуымен басталған құрылысы. Уақыт өте келе Каппадокиядағы шіркеулер секілді жартастарға ойылған ғимараттармен кеңейтілген. Монастырь мың жылдан астам уақыт ішінде бүгінгі күйіне келген.

**

Сүмела монастырына барғысы келетіндерді өте қиын өрмелеу жолы күтіп тұр. Себебі арнайы көліктер келушілерді монастырьға апаратын баспалдақтың басында түсіріп кетеді.  Шамемен 300 метрлік баспалдақтан өрмелеген кезде асықпай, төңіректің сұлулығын тамашалауға кеңес береміз.  Қаратеңізге тән өсімдіктердің адамды сиқырлап алатын иістері және алып ағаштар қоршап тұрған жол сізді балалық шақта оқылған ертегілерге жетелейді. Тап баспалдақтар аяқталып, жол сізді монастырьдің ауласына апарғанда басқа бір сиқырлы мекен сізді қарсы алады.  Кіре берісте өте кең алаңға жайылған ғимараттың күзетші бөлмелері орын алады. Шіркеуге айналдырылған үңгір, монах бөлмелері, шапельдер, шәкірт бөлмелері, қонақ үй және кітапханасымен 72 бөлмеден тұратын монастырь бір ертегінің арасынан шыққан секілді көркемдігімен алдарыңызда тұрады.

Сонымен бірге монастырьдың ортасында қасиетті бұлақ бар.  Биіктегі жартастардан ірі тамшылар ағып тұрады.  Осы су ғасырлардан бері еш тоқтамаған.  Қасиетті су деп есептеледі. Шипалы екеніне сенеді.  Сондықтан бүгінгі күні де әрі христиандар,  әрі мұсылмандар көптеп келеді.  

**

Сүмела монастыры ЮНЕСКО Әлемдік мәдени мұрасының уақытша тізімінде тұр. Көркемдігімен адамға қатты әсер етеді. Географиялық қиыншылыққа қарамастан осыншама алпауыт ғимараттың салынғаны адамдардың өздері сенетін нәрсе үшін не жасай алатынының тағы бір дәлелі. Сүмеланың керемет сәулетімен қоса фрескалары да назар аударады.  Сауатты адам аз уақытта адамдарға Інжілді түсіндіру үшін салынған осы фрескалар. Әлемнің жаратылуы, Інжілде орын алған сахналар мен кейбір кереметтер, Әзірет Мәриям мен Әзірет Исаның өмірінен үзінділер суреттелген осы фрескаларда.  Уақыт өте келе адамдар қиратып алып кеткен осы фрескаларды.  Сонда да қалған қабырға суреттерінен бір кездері қаншама керемет болғандарын түсінуге болады.  Соңғы кездері жүргізілген реставрация жұмыстары барысында бұрын белгілі емес жасырын жол табылған. Өткел бір шапельге ашылады және осы жерде «Жұмақ пен Тамұқ» суреттелген фрескалар табылған.

**

Монастырьлар – керек болған кезде жаңа бөлмелер қосылатын кешен комплекстер. Басқа мәдениеттерден,  түрлі нанымдардан ықпал болмау үшін көзден алыс,  адамдардан аулақ жерлерге салынған.  Қаратеңіз аймағында көптеген монастырь кездестіруге болады.  Қалың ормандары,  тік жартастары, қиын жолдарымен осы аймақ таңдалған.  Түрлі дәуірлерге куә болып бүгінгі күнге жеткен осы ғимараттар табиғат және көркем сәулетімен көздің жауын алады.

Бүгінгі күні тік жартастарға жабысып тұрған секілді болып көрінетін, кереметтері бар екеніне сенілген иконасы, шипа тарататын тамшыларымен қасиетті бұлақ, керемет фрескаларымен әлемнің ең маңызды наным орталықтары арасында саналатын Сүмела монастыры туралы баяндап бердік.



Ұқсас жаңалықтар