9-шы Баку Жаһандық форумы Әзербайжанда өтті

Еуразия күн тәртібі – 43

1847892
9-шы Баку Жаһандық форумы Әзербайжанда өтті

Бүгінгі бағдарламамызда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің демеуімен ұйымдастырылған 9-шы Баку Жаһандық форумына тоқталамыз.

2022 жылы 16-18 маусым арасында Баку қаласындағы Низами Ганджеви атындағы Халықаралық орталық тарапынан 9-шы Баку Жаһандық форумы ұйымдастырылды. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің демеуімен ұйымдастырылған 9-шы Баку Жаһандық форумына 53 елден мөлшермен 400 өкіл қатысты. Албания президенті Илир Мета, Босния және Герцеговина Президенттік кеңесінің төрағасы Сефик Джаферович, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Гебрейесус, Түрік Мемлекеттері Ұйымының Ақсақалы Бинали Йылдырым форумға қатысты. Сонымен бірге көптеген бұрынғы президенттер, бұрынғы Мәжіліс төрағалары, бұрынғы премьер-министрлер мен министрлер, халықаралық ұйымның бас хатшылары мен мамандар да қатысты. 9-шы Баку Жаһандық форумы «Жаһандық Әлем тәртібіне байланысты шаралар» деген тақырыппен ұйымдастырылды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 9-шы Баку Жаһандық форумының беташарында сөз сөйледі. Жаһандық және аймақтық қауіпсіздік, энергия қауіпсіздігі тақырыптарына тоқталған Әлиев Оңтүстік Кавказда бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін басылған қадамдарды таныстырды. Арменияның қажетті қадамдарды басудағы әлсіздігі мен Қарабахқа арнайы мәртебе беру тақырыбын күн тәртіпке әкелуге талпынғанын білдірген президент Әлиев «Армения Әзербайжанның территория тұтастығын тергеуді жалғастырса, Әзербайжанның басқа талғамы қалмайды және Арменияның территория тұтастығын тергейді» деді.

Президент Әлиев Арменияның Зенгезур дәлізінің ашылуы керектігін айтты. Зенгезур дәлізі жайлы мынаны айта кеткен жөн. Әзербайжан Энергетика министрінің орынбасары Эльнур Солтанов форумдағы сөзінде Әзербайжанның болашақта Зенгезур дәлізі арқылы Еуропаға электр энергиясы экспорт етілетінін, Зенгезур дәлізінің Еуропа елдеріне пайдалы болатынын тілге тиек етті. Президент Ильхам Әлиев Минск тобының соңғы 28 жылда маңызды бір мәселені шешпегенін және міндетін атқармауы себепті осы топқа қажеттілік те қалмағанын білдірді. Президент Әлиев форумға келген кейбір қонақтарды Президенттік сарайда қабылдады.

Форумға қатысқан қонақтар Әзербайжанның аймақтық бейбітшілік, аймақтық экономикалық өркендеу және ынтымақтастық, энергия талабы, жылдам қатынасты қамдау тақырыптарындағы талпынысын мақтады. Қонақтар Бакудегі отырыстар аяқталғаннан кейін Қарабахты аралады. 19 маусымда Жаһандық Баку форумының талқы панелі Шуша қаласында өтті.

9-шы Баку Жаһандық форумында халықаралық қатынастар, соғыс пен қақтығыстар, энергия қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, азық-түлік қауіпсіздігі, қоршаған орта тақырыптары сияқты әлемдік күн тәртіптегі маңызды мәселелер талқыланды. Қатысушылардың көбі Біріккен Ұлттар Ұйымында реформа жасалуы, соғыс пен қақтығыстардың дереу тоқтатылуы, жаңалауға болатын энергия байлығын арттыру, су байлығының қорғалуы мен оны үнемдеу тақырыптарында ортақ тұғыр танытты. Форумда әлем күн тәртібінің жылдам өзгергені білдірілді және осыған қатысты шешімдер жасау мен атқару механизмдерін дереу іске қосудың маңыздылығы дәріптелді.

Әзербайжан осы халықаралық іс-шаралар арқылы Қарабах жайлы әділетті арманын халықаралық қоғамға жеткізді. Бұл организация халықаралық салада Әзербайжанға күш береді.

Қорыта айтқанда, алғашқысы 2013 жылы өткізілген Баку Жаһандық форумының абыройлы халықаралық платформаға айналғанын айтуға болады.



Ұқсас жаңалықтар