Сердар Бердімұхаммедов Ресейге сапармен барды

Еуразия күн тәртібі – 42

1844753
Сердар Бердімұхаммедов Ресейге сапармен барды

Бүгінгі бағдарламамызда Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедовтың Ресей Федерациясына сапарына және екі ел қарым-қатынастарына тоқталамыз.Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедов 2022 жылы 10 маусымда Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Сердар Бердімұхаммедов Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен бас қосты. Екі ел президенттері шағын әрі көлемді кездесулер өткізді. Ресей президенті Владимир Путин Сердар Бердімұхаммедовтың Түрікменстанға шақыруын қабылдағанын айтты. Кездесулер соңында екі ел арасында 15 келісімге қол қойылды. Осылайша екі елдің бүгінге дейін қол қойған келісімдер саны 300-ге жетті. Президент Сердар Бердімұхаммедовтың Түрікменстан президенті мәртебесімен шетелге тұңғыш ресми сапарын Ресейге жасауы екі жақтылы әрі аймақтық қарым-қатынастар тұрғысынан өте маңызды.

Журналистерге арналған баспасөз жиналысында Ресей президенті Владимир Путин Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедовқа «Достық орденін» тақты. Путин Ресей-Түрікменстан стратегиялық қарым-қатынастарын тереңдетуді мақсат еткен хаттамаға қол қойғандарын және ортақ сауда мөлшерінің өткен жылы 865 миллион долларға жеткенін білдірді. Президент Бердімұхаммедов пандемия кезінде Ресейдің вакцина жолдағанына алғыс айтты.

Ресей-Түрікменстан қарым-қатынастары түрлі платформаларда дамып келеді. 2022 жылы 12-13 мамырда Ашхабадта 1-ші Орталық Азия-Ресей Федерациясы Парламенттерарасы форумы мен 1-ші Орталық Азия-Ресей Федерациясы Әйелдер диалогы жиналыстары өткізілді.

Президент Сердар Бердімұхаммедов 2022 жылы 12 наурыздағы сайлауда президент болғаннан кейін президент мәртебесімен түңғыш рет 1-2 маусымда Сауд Арабиясына сапарлай барды. Әрі ғибадат, әрі сауда мақсатындағы бұл сапар Түрікменстанның жаңа президентінің араб инвестициясына мән бергенін көрсетті.

Президент Сердар Бердімұхаммедовтың шетелге алғашқы ресми сапарын Ресей Федерациясына жасауы тарапсыз сыртқы саясат атқарған Ашхабад әкімшілігінің сыртқы саясатта басты орынға қойған елдердің бірі Ресей екенін көрсетті. Түрікменстан президенті ел ішіндегі және шетелдерге сапарында орыстар өндірген және Путин де қолданған Aurus Senat Limousine көлігін пайдаланды.

Түрікменстанның энергия, қатынас сияқты стратегиялық салаларында Ресейдің инвестициясы басым орында. Халықаралық Оңтүстік-Солтүстік Қатынас дәлізінде осы елдер шешуші орын иелейді. Түрікменстанның әсіресе Татарстанмен тығыз экономикалық байланысы бар.

4300-і стипендия алатын (шәкіртақы) жалпы 30 мыңнан астам түрікмен жас Ресейде білім алуда. Салыстыра кетейік, Түркияда соңғы санаққа қарағанда 18 мың түрікмен жасы университетте білім алады. Кремльдегі кездесуде Түрікмен-Орыс ортақ университетін құру жайлы келісім жасалды. Түрікмен жастардың Ресей Федерациясына қарасты Татарстан, Адыгей, Қарачай-Черкес сияқты түрік халықтары жиі қоныстанған республикаларда білім алуды қалайтынын ескерте кетейік.

Қорыта айтқанда, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедов шетелге алғашқы ресми сапарын бауырлас Түркі Республикаларына емес, Ресейге жасады.



Ұқсас жаңалықтар