Пера Паластың «Ориент Экспресс» үшін салынғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 40

1841847
Пера Паластың «Ориент Экспресс» үшін салынғанын білетін бе едіңіз?
pera palas giris.jpg

Cтамбулдағы тарихи Пера Палас қонақүйінің әйгілі «Ориент Экспресс» үшін салынғанын білетін бе едіңіз?

1888 жылы Парижден шығып, 80 сағаттан кейін Стамбулға жеткен люкс «Ориент Экспрестің» жолаушылары жоғары мәртебелі бюрократтар, өнер адамдары және ақсүйектер болды. Пойыздың таңдаулы жолаушылары Стамбулға келген кезде жоғары сапалы қонақүйлерде тұрғысы келетін. Ал Стамбулда мұндай қонақүй болмаған. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін 1892 жылы Пера Паластың құрылысы басталып, үш жылда аяқталды.

Қонақүй Стамбулда көптеген мәдени және әлеуметтік шаралар өткізілетін «Кіші Еуропа» деп аталатын Бейоғлуның Тепебашы ауданында орын алады. Стамбулдағы ең керемет ғимараттардың бірі және Түркияның Еуропа стандарттарындағы алғашқы қонақүйі болған Пера Палас 1895 жылы арнайы бір балмен ашылды.

Қонақүй сонымен қатар Стамбулдағы Османлы сарайларынан кейінгі электр қуатымен қамтамасыз етілген, алғаш электр лифті мен ыстық суы бар ғимарат болып табылады.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан бері Стамбулда көптеген маңызды оқиғаға куә болған Пера Палас Түркияда ғана емес, халықаралық платформаларда да өте маңызды символдық құрылыс болу ерекшелігіне ие.



Ұқсас жаңалықтар