Түркияның Мальдиві Марсқа ұқсайды

Анадолының тұңғыштары - 34

1833173
Түркияның Мальдиві Марсқа ұқсайды

Аспан мыңдаған жылдан бері адам баласының назарын аударады. Бұлтсыз бір түнде жұлдыздарды тамашалау, кеңістікке сүңгіп, арман құру, басқа әлемдерді ойлау – адамға тән қасиет.  Біз бәлкім романтикалық сезімдердің, бәлкім фантастикалық хикаялардың әсерімен аспанның тұңғиығына шомамыз.  Бірақ ғалымдар өзгеше әлемдерді зерттеу,  Жер шарынан басқа жанды түрлері болып болмағанын білу үшін көп уақыттан бері аспанмен айналысып келеді.

**

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталған ғарыш жарысы Айға адам жолдаумен бастап басқа өреге жетті. Аймен қоса басқа ғаламшарлармен байланысты зерттеулер жүргізілді.  Марс осы ғаламшарлардың басында келеді.  Себебі Марс та біздің Жер шары секілді Күнге жақын емес. Марста тіршілік болып болмағанын адам баласы көп уақыттан бері білгісі келеді. Көп жылдардан бері зерттеу жүргізіледі.  Алайда климат өзгерісі,  су көздерінің қауіпті деңгейге келуі,  мұздықтардың еру жылдамдығының артуы 1990 жылдардың басында Марс зерттеулерін арттырды. Осы зерттеулерге қазір ширек ғасырдай уақыт толды. Қызыл ғаламшардың бізге тіршілік мүмкіндігін беріп бермейтінін көру үшін түрлі уақыттарда түрлі мақсаттары бар көптеген көлік жолданды.  Осы арқылы қызыл ғаламшар Марсқа байланысты көптеген дерек жинақталды.  АҚШ Авиация және ғарыш департаменті НАСА 2020 жылы зерттеулер артқан Марстағы Езеро кратеріне көлік жолдамастан бұрын әлеуметтік желіден бір жазба жариялады.  «Арасында үлкен айырмашылық болса да Түркиядағы Салда көлі Марстағы Езеро кратеріне геологиялық жағынан ұқсас.  Зерттеушілер Марсқа дайындық үшін аймақта зерттеу де жүргізді» деген жазба баршаның назарын Түркияның теңдесі жоқ көлі Салдаға аударды.  

**

Бурдурдағы Салда көлі аппақ құмы және көкпеңбек суымен «Түркияның Мальдиві» деп аталады.  Шыныменен де Салда көлі мен Мальдивтің суретін бір бірімен бірге қойғанда ажырату қиын.  Салда көлі Тавр тауларында кратер көл. Яғни жер сілкіністері нәтижесінде қалыптасқан, әрі екі миллион жыл бұрын. Вулкандық көл болғандықтан суының құрамында минералдық қасиет бар. Міне, адамның көзінің жауын алатын сол аппақ құмның қалыптасуына үлес қосқан да құрамындағы магний. Магнийді еміп,  өзгеше қабат қалыптастырған да көлдегі бактериялар.  Салда көлінде жиырма төрт сағат оттегі өндіретін бактериялар бар.  Көлдің оттегісін қамдайтын осы бактериялар әлемдегі тұңғыш жандылар ретінде қабылданады. Бактериялар арқасында қалыптасқан осы қабаттар уақыт өте келе бөлініп, керемет ақ құмдарды шығарған.  Көлге керемет көгілдір түсін беріп тұрған болса бактерия текті осы ақ жартастар. Осы жартасты қабаттардың бірінші рет 3,5 миллиард жыл бұрын қалыптаса бастағаны белгілі. Салда көлін басқа көлдерден ажырататын ең маңызды ерекшелігі де осында.  Осы құбылыстарда әлемдегі ең байырғы және бастаушы тіршілік түрлері туралы мәліметтер бар деп есептейді мамандар.  Яғни ақ жартастар тек көзге әдемі көрініп қана қоймайды, сонымен бірге білім әлемі үшін өте маңызды деректерді де қамтиды.  Себебі бұлар жер бетіндегі ең көне қазба, Жер бетінде бұлар тек екі жерде ғана кездеседі.  Бірі Түркияда Салда көлінде,  екіншісі Канадада Алчичика көлінде.  Міне, сондықтан НАСА зерттеу командасының Марстағы Езеро кратеріне сапарынан бұрын Салдаға келіп жұмыс жүргізгенін хабарлады.

Езеро кратеріндегі дельта қалдықтары себебімен зерттеушілер осында бір кездері көл болған деп ойлайды.  Кратерде кездесетін көміртек минералдарының да осы көлде қалыптасқанына сенеді.  Салда көлі тап осы жерде пайдаға асады.  Себебі кратердегі көміртек және дельтаға ұқсас құрылымдарға ие әлемдегі жалғыз көл – Салда. Сода микроорганизмдерді де қосқанда төңіректегі барлық нәрсені сіңіргендіктен бір кездері өмір сүрген тіршілік түрлеріне да айғақ болады.  Айырықша Салданың керемет ақ жағалауы мен көл төңірегіндегі геологиялық құрылымы да Езероға ұқсас.  Сондықтан Салдаға келген зерттеу командасы өздерін Марстағы кратерге қарап тұрғандай сезінген.  Олар Марсты көргісі келгендерге Салданы көруге кеңес берген.  

**

Салда көлі геологиялық құрылымымен Марсқа,  аппақ құмы мен көгілдір суымен Мальдивке ұқсас.  Алайда Салда көлі тек осымен шектелмейді.  Түркияның ең терең көлдері арасында орын алатын осы көл өзіндегі эндемикалық жанды түрлерімен де «Маңызды табиғи алаң» деген мәртебеде.  Онда тұқымы құрып бара жатқан түрлер де өмір сүреді.  Салда көлі төңірегімен бірге Маңызды өсімдік алаңы және Маңызды құс алаңы критерияларына да ие керемет сулы жер.

**

Салда өзіндік ерекшеліктеріне байланысты Марс зерттеулері үшін табиғи лаборатория ретінде қаралады.  Көп уақыттан бері адамның көкейінде жүрген Марста тіршілік бар ма деген сұраққа жауап Салдада ізделуде.  Біздердің көзіміздің жауын алатын аппақ құмдар миллиондаған жылдан бері бактерияларға мекен болса және әлі де солай жалғасып отырған болса осыған ұқсас оқиға Марста да жүзеге асқан болуы мүмкін деп ойлайды мамандар. Қазірге дейін жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Марстың су көздеріне, вулкандарға және ыстық климатқа ие екені анықталды.  Тап қазір тіршілік үшін ыңғайлы шарттар қамдалмаса да,  Марста үміт оты бар секілді. Адамдардың көбі Марста тіршілік болатыны немесе алдағы уақытта өмір сүруге болатын жер болатыны туралы сүйінші хабарды күтеді. Иә, бәлкім бір күні адамдар Марста өмір сүрудің бір жолын табар. Бірақ сол күн келгенге дейін қолымыздағыны жақсы қорғауымыз қажет.

**

Жағасында тұрып,  сол аппақ жартастар мен құмға қарау, миллиондаған жылдық тарихқа куә болу және жүз мыңдаған жыл бұрынғыны ойлауға болады Салдада. Бүгін Марстағы кратерге ұқсас  жер бетіндегі жалғыз жер, Түркияның Мальдиві деп аталған Салда көлін баяндап бердік.

 



Ұқсас жаңалықтар