Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммиті Өзбекстанда өтті

Еуразия күн тәртібі – 39

1833727
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммиті Өзбекстанда өтті

Бүгінгі бағдарламамызда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Өзбекстанда өткізген жиналысы мен форумына тоқталамыз.

Өзбекстанның кезекті төраға болуы себепті Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының іс-шаралары биыл Өзбекстанда ұйымдастырылуда. Мамыр айында ұйымның маңызды жиналыстары мен форумы Өзбекстанның түрліше қалаларында өткізілді.

11-12 мамырда Ташкент қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Халық дипломатиясы форумы өтті. Форумға ұйымға мүше елдерден 120-дан астам өкіл қатысты. Халық дипломатиясы форумы Өзбекстанның ұсынысымен 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

12 мамырда Хиуа қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Қатынас министрлерінің 9-шы жиналысы гибридті форматта өтті. Жиналыс соңында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды және ортақ жұмыс тобын құруға шешім қабылданды.

2022 жылы 13 мамырда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Джан Мин Өзбекстанға келді. Бас хатшы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев және Сыртқы істер министрінің орынбасары Владимир Норов тарапынан қабылданды. Кездесулерде 2022 жылы 15-16 қыркүйекте Самарқанд қаласында өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы саммитінің дайындықтары мен ұйымға байланысты мәселелер қолға алынды.

16 мамырда Бұхара қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Банктер одағы сарапшылары мен үйлестірушілерінің кездесуі өтті. Жиналыстың күн тәртібін ұлттық ақшамен сауда жасау тақырыбы құрады.

17 мамырда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің карантинге жауапты министрлік өкілдері мен төрағаларының жиналысы өткізілді.

19 мамырда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Туризм министрлерінің 19-шы жиналысы Ташкентте гибридті форматта өтті. Жиналыста Үндістанның Варанаси қаласы ұйымның Туризм және Мәдениет астанасы болып сайланды.

20 мамырда «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер арасындағы қарым-қатынаста жаңа кезең: Туризм мен Мәдениет мұрасы» тақырыбында ұйымның Халықаралық Туризм форумы ұйымдастырылды. Сол күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Мәдениет министрлері жиналысы өтті. Жиналыс соңында мұражай саласындағы селбестік құжатына қол қойылды.

20 мамырда Өзбекстанда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Спортқа жауапты министрлер жиналысы өткізілді. Жиналыс соңында министрлер «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің үкіметаралық 2022-2024 жылдарда спорт саласындағы селбестікті бекемдеу жөніндегі әрекет жоспары» қабылданды.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының шаңырағы астында биыл 80 іс-шара ұйымдастыру жоспарланды және қазірге дейін 40 іс-шара Өзбекстанда өткізілді. Ташкент әкімшілігінің аталмыш іс-шараларды елдің түрліше қалаларында өткізуге мән бергені айқын. Өзбекстан өзінің кезекті төрағалығы кезеңінде ұйымның дамуына елеулі есе қосып келеді.

Әлемдегі халықтың жартысына жақыны Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдерде өмір сүруде. Сол себепті ұйымның маңызы күн сайын артуда. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының диалог серігі Түркия ұйымға бақылаушы немесе мүше болу үшін талпынса, екі тарапқа да пайдалы болары айқын. Осы жағдай батыс пен шығыс арасында маңызды орында тұрған Түркияның «Жаңадан Азия» талпынысына да үйлеседі.



Ұқсас жаңалықтар