Түркия мен Қазақстан қарым-қатынастарында жаңа кезең

Доц. Др. Айнұр Ноғаева Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-11 мамыр күнгі Түркияға мемлекеттік сапары және қорытындыларын АА үшін талдады.

1829082
Түркия мен Қазақстан қарым-қатынастарында жаңа кезең

 

Қазақстан президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10-11 мамыр күнгі Түркияға мемлекеттік сапары екі ел баспасөз органдарында  кеңінен жаңғырды. Осы сапар саяси, экономикалық, әскери және түрік әлеміндегі жаңалықтар шеңберінде едәуір маңызды және екі жақты қатынастарда жаңа кезеңнің бастауы іспеттес.

Сауда және қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтар артуда

2022 жылғы 2 наурыз күні Түркия мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына 30 жыл толды.  Осы 30 жылдық процесте екі ел арасында әрі саяси,  әрі экономикалық байланыстар жылдам дамыды.  10-11 мамыр күнгі сапар қарсаңында да сапардың күн тәртібіне байланысты екі ел лауазым иелері бас қосқан маңызды бірқатар жиындар өткізілді.  Мысалы 4 наурыз күні Үкіметаралық Сауда-экономикалық ынтымақтастық комитетінің XII жиналысы Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов және Түркия вице-президенті Фуат Октай басшылығында Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылды. Тараптар сауда және экономикалық ынтымақтастықтың жетілдірілуіне байланысты бірсыпыра тақырыпты қолға алды.  Өзара ұшақ рейстері пункттері мен жүйелі рейс санының арттырылуы керектігі де осы жиналыста күн тәртібіне келді.  Президент Тоқаевтың сапары барысында осы тақырыпта келісімдерге қол қойылды және екі ел арасында апталық ұшақ рейстері 61-ден 124-ке дейін өсетін болады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия сапары саяси, экономикалық, әскери және түрік әлеміндегі жаңалықтар тұрғысынан өте маңызды.

Осы сапарда мамандардың назарын аударған басқа бір әріптестік алаңы болса - қорғаныс және қауіпсіздік. Екінші Қарабах шайқасында Әзербайжанға берген қолдауымен Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктері аймақта және әлемде кеңінен орын алған еді.  Әскери және азаматтық мақсаттарда қолдану үшін өз дрондарын өндірген Өзбекстаннан басқа аймақ елдері түрік ұшқышсыз әуе көліктеріне үлкен қызығушылық танытуда.  Осы шеңберде TUSAŞ және Қазақстан үкіметі арасында қол қойылған келісім арқылы ANKA дрондарының енді Қазақстанда да өндірілетіні жарияланды.

Сонымен бірге 2022 жылдың ақпан айында Ұлттық Қорғаныс министрінің орынбасары Мухсин Дере Қазақстанға екі күндік сапармен барып келді.  Кездесулерде екі ел арасындағы қорғаныс өнеркәсібі саласындағы әріптестіктермен бірге әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық тақырыптары да қолға алынды. Бүгінгі күні болса Қазақстан Әуе күштерінің «Анка» құралдарының күтімімен айналысатын қызметкерлері TUSAŞ-тағы екі айлық оқуларын аяқтады.  Осылайша осы сапар нәтижесінде Қазақстан Түркиямен технология трансфері және әскери-техникалық қызметкер оқыту тақырыптарында маңызды келісімдерге қол қойды. Қауіпсіздік мәселесі мен армияның модернизациясы тап қазір Қазақстан үшін өміршең маңызға ие.

Сапар екі жақты қатынастарда жаңа кезеңнің бастауы іспеттес

Қанды қаңтар оқиғаларынан кейінгі бірінші сапар

Сапар індет кезеңінде президенттік міндетке келген Тоқаевтың тұңғыш сапары болуы тұрғысынан өте маңызды. Айырықша елде болған «Қанды қаңтар 2022» оқиғаларынан кейінгі бірінші сапар болуы да маңызды.  Осы шеңберде президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен жүзеге асқан осы мемлекеттік сапарды Түркияның Қазақстанға берген саяси қолдауының паш етілуі деп айтуға болады.

Түрік әлемінің локомотив күштері

Түркия мен Қазақстан – түрік әлемі интеграциясы көшін бастап тұрған екі маңызды ел.  Түрік Кеңесінің алғашқы саммиті «Сауда-экономикалық ынтымақтастық» деген тақырыппен 2011 жылдың 20-21 қазан күндері Алматыда болған еді. Осы саммитке Түркия, Әзербайжан, Қазақстан және Қырғызстан елдерінің лидерлері қатысқан болатын. 2021 жылғы Түрік Кеңесінің соңғы және Түркі Мемлекеттері Ұйымының алғашқы саммитінде де ұйым секретариатының ғимараты ашылған еді.

Ұйымның іс-шараларына қоса ТүрікПА, Түріксой, Юнус Эмре Институттары секілді ортақ құндылықтарды насихаттайтын органдарға белсенді атсалысқан Қазақстанда айырықша Халықаралық Түрік Академиясы орналасқан. Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия мүше болған академияда Венгрия – бақылаушы мүше мәртебесінде. Осы шеңберде сәуір айының аяғында Қазақстан парламентінде Қазақстан Республикасы үкіметі мен Түркия арасында Түрік Академиясына байланысты келісім бекітілген болатын.  Халықаралық Түрік Академиясының Қазақстан жеріндегі жұмыстарын реттеуді мақсат еткен осы келісім түркітілдес елдердің білім алу және ғылым саласындағы әріптестігін одан әрі нығайта түспек.

Бейбітшіл екі бауырлас ел

Қазақстан – БҰҰ секілді ауқымды халықаралық ұйымдарда әр сәт бейбітшілікті қолдайтынын атап көрсетіп отырған ел.  Тек сөз жүзінде емес,  іс жүзінде де нақты қадамдар басуда. Мысалы Түркия мен Ресей арасындағы ұшақ дағдарысының шешілуінде дәнекер болған Қазақстан сол секілді Сирия дағдарысында да Женева процесіне параллель Астана процесін жүргізуде. Ресей-Украина соғысында да әрі Қазақстан, әрі Түркия араағайындық үшін өз ұсыныстарын берді.

Осы аяда Ресеймен Еуразиядағы Экономикалық одақ және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына бірге мүше болып табылатын Қазақстан Украина дағдарысында БҰҰ қағидаттары шеңберінде қозғалатынын атап көрсетті.  Айырықша Қазақстан президенті Тоқаевтың 12 наурыз 2011-16 қазан 2013 жылдар аралығында БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры секілді маңызды бір міндет атқаруының ерекше маңызы бар.

Ресей мен Украина арасында Түркия  дәнекерлігімен жүргізілген келіссөз процесінің табысқа жетуін екі ел де қалайды.  Себебі бұл соғыс Түркия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық келісімдерінің толықтай орындалуына көптеген кедергі шығаруы мүмкін. Сондықтан екі елдің бейбітшілік үшін жүргізген талпыныстары соғыстан кейін ұзын мерзімде екі ел үшін де пайдалы болады.

 

*Доц. Др. Айнұр Ноғаева – Эрзинжан Бинали Йылдырым Университеті оқытушысы

 

* Мақаладағы пікірлер жазушының пікірлері. Анадолы Агентігінің саясатына сай келмеуі мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар