Петер Сийяртоның Орталық Азия сапары жайлы

Петер Сийярто Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан қабылданды.

1827162
Петер Сийяртоның Орталық Азия сапары жайлы

Бүгінгі бағдарламамызда Венгрияның Cыртқы істер және Cауда министрі Петер Сийяртоның Орталық Азия Республикаларына сапарына тоқталамыз.

2022 жылы 3-4 мамыр күндері арасында Венгрияның Cыртқы істер және Cауда министрі Петер Сийярто Орталық Азия Республикаларына сапарға шықты. Петер Сийярто Орталық Азия Республикаларына сапарының алғашқы аялдамасында Қазақстанға барды. Петер Сийярто Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан қабылданды. Кездесуде Тоқаев Венгриямен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретіндерін тілге тиек етті. Венгрияның Cыртқы істер және Cауда министрі елінің Қазақстанмен стратегиялық ортақтықты бекемдеуді қалайтынын айтты. Қазақстан сапары аясында Петер Сийярто Қазақстан премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті. Министрлер екі елдің сауда және экономикалық ынтымақтастығын қолға алды.

3 мамыр күні Петер Сийярто Қырғызстанға барды. Бішкекте Петер Сийяртоны Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қабылдады және Қырғызстан мен Венгрия қарым-қатынастарын, стратегиялық ортақтық пен достықты бекемдеуге қосқан есесіне орай «Достық орденін» табыс етті. Жапаров Украинадан қырғыз азаматтарын эвакуациялау жұмысына Петер Сийяртоның үлкен есе қосқанын айтты. Венгриялық министр сапары аясында Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Қырғызстанның Экономика және сауда министрі Данияр Амангелдиевпен кездесті. Осы сапар кезінде Бішкекте Қырғызстан-Венгрия Стратегиялық Кеңесінің екінші жиналысы өтті. Жиналыста Қырғызстан мен Венгрияның экономикалық, сауда, білім беру, мәдениет, қатынас салаларындағы ынтымақтастығы күн тәртіпке келді.

Венгрияның Cыртқы істер және Cауда министрі Петер Сийярто Бішкектен кейін Ташкентке өтті. 4 мамырда Петер Сийярто Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары, Инвестициялар және Сыртқы сауда министрі Сердар Умурзаковпен бірге Өзбекстан-Венгрия Үкіметаралық комиссиясының жетінші отырысына төрағалық етті. Жиналыста ауыл шаруашылығы, дәрі-дәрмек, энергия, азық-түлік және білім беру салаларындағы ынтымақтастық қолға алынды. Петер Сийярто Сыртқы істер министрінің орынбасары Владимир Норовпен де кездесті.

Ресей Украинаға шабуыл жасаған кезде Венгрия Орталық Азия азаматтарының еліне қайтуына жәрдем етіп, бауырластық міндетін өтеді. Петер Сийяртоның Бішкекке сапары барысында Венгрияның WizzAir компаниясы жақын арада Будапешт-Бішкек рейсінің басталатынын хабарлады.

Венгрия үкіметі жыл сайын 500-ден астам Орталық Азия студентіне жоғары мектептерде білім алу мүмкіндігін беруде. Осылайша Венгрияда стипендиямен білім алған студенттер саны жыл сайын артып келеді. Мысалы Венгрия үкіметі тарапынан Қырғызстанға берілген стипендия саны министрдің сапары кезінде 150-ден 200-ге көбейді.

Венгрияның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасы Түрік Мемлекеттері Ұйымы аясында да дамуда. Венгрияның Түріксой, Халықаралық Түрік Академиясы, ТүрікПа сияқты халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтас болуы Орталық Азия Республикаларымен байланысын да бекемдейді. Вишеград тобының Түрік Мемлекеттері Ұйымы және Орталық Азия Республикаларымен ынтымақтастығын дамытуы күн тәртіпке келуде.

Екі жақтылы қарым-қатынастар орнатудың 30 жылдығында Будапешттің Орталық Азия Республикаларымен қарым-қатынастары тың белеске көтерілді. Виктор Орбан басшылығындағы Фидестің билікке оралуы болашақта Венгрия-Орталық Азия қарым-қатынастарын дамыта түсуі мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар