Қайызғақтан құтылудың табиғи жолдары

«Денсаулық зор байлық» - 36

1822135
Қайызғақтан құтылудың табиғи жолдары

Қайызғақтан құтылудың табиғи жолдары

Бүгінгі бағдарламамызда қайызғақтан құтылудың табиғи жолдары туралы шешімдерді тілге тиек етеміз. Нақты диагноз және емдеу үшін міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек екенін тағы бір рет еске саламыз.

Қайызғақ бұл бас терісіндегі терінің қабыршақтануын тудыратын кең таралған аурудың түрі болып табылады.

Қайызғақтың негізгі себебі - теріні майлы, қызарған және қабыршақты ететін себореялық дерматит.

 

Қайызғақтың басқа себептеріне мыналар жатады:

  • Шашты үнемі және жақсы жумау,
  • Дұрыс емес диета, витамин тапшылығы
  • Қабыршықты теміреткі (псориаз) және экзема сияқты тері аурулары,
  • Гель мен шаш күтіміне арналған құралдарды жиі қолдану,
  • Суық және құрғақ ауаның әсері,
  • Сусабын қолданғаннан кейін шаюдың жеткіліксіздігі,
  • Маусымдық өзгерістер,
  • Сусабын өзгерту,
  • Шашты көп немесе аз жуу,
  • Сапасыз шаш бояу,
  • Ылғалсыз, суық немесе өте ыстық орталар,
  • Жыныстық жетілу, стресс, менопауза сияқты гормоналды проблемалар,
  • Бас терісінде бактериялар мен саңырауқұлақтардың пайда болуы.

Қайызғақтан құтылудың табиғи жолдары

Лимон шырыны

Лимон шырынын бас терісіне қолдану үшін алдымен шашыңызды сусабынмен жуыңыз. Ылғалды кезде бас терісіне саусақ ұшымен уқалау арқылы лимон шырынын жағыңыз. Жарты сағат өткен соң шашыңызды сусабынмен жуып, жақсылап шайыңыз. Жақсылап шаю өте маңызды, өйткені лимон шырыны қалған шашпен күн көзіне шықсаңыз, шашыңыздың түбі ашылады. Лимон бас терісін тазартады, артық майды кетіреді және тамырларды нығайтады.

Гүл майлары: Бас терісін ылғалдандыру үшін гүл майларымен массаж жасау да пайдалы.

Алма сірке суы: Бактерияға қарсы қасиеті бар сірке суын бас терісінің төгілуі мен тері қалдықтарын тазарту және шаш түбінің тыныс алуын қамтамасыз ету үшін қолдануға болады. 1 стакан суды 1 ас қасық сірке суымен араластырып, сусабын сияқты қолданыңыз. Қоспа шаштың түбіне түсетініне көз жеткізіңіз.

Басқа балама: Ыдысқа су құйып, бір ас қасық табиғи алма сірке суын араластырады. Соңғы шаю, жуынып шықпас бұрын, осы сумен жасалады.

Табиғи эфир майлары:

Сіз үнемі қолданатын сусабынға 20 тамшы жалбыз эфир майын тамызып, шашыңызды жууға болады.

Зәйтүн майы

Зәйтүн майымен массаж жасауға болады.

Қалақай   

Бір шымшым қалақай 750 мл қайнаған суға құйылады және 2-3 минут қайнатылады.

Жылы қоспа сүзіледі. Шаш таза болса, бұл қоспамен жуылады, жарты сағатқа қалдырылады, содан кейін шайылады.

Шаш кір болса, алдымен сусабын немесе сабынмен жуылады. Содан кейін осы қоспамен жуады, жылы сумен шайылады, кейін кептіріледі.

Лаванда

Бір шымшым лаванда қайнаған суға құйылады. Баяу отта 5 минут қайнатылады. Пештен алып, суығанша қалдырылады. Салқындатылған лаванда суымен шаш жуылады. Жарты сағаттан кейін шайылады.

Кокос майы

Душқа түсер алдында кокос майымен бас терісін уқалаңыз. Сүлгімен орап, жарты сағатқа қалдырыңыз және шашыңызды тараңыз. Кейін шаштағы майды жылы су және сусабынмен кетіруге болады.

Сонымен қатар ол терінің ылғалдылығын арттырып, қайызғақ пен экзема белгілерін азайтуға да көмектеседі.

Шай ағаштың майы 

Шай ағашының майы сезімтал теріге зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан оны қолданар алдында кокос майы сияқты майлармен сұйылту керек.

Минералды су

Шашты жуған соң шашқа минералды сумен массаж жасалады. 5 минутқа қалдырып кейін шаш жуылады.

Дегенмен, ескеретін кейбір жайттар да бар.

  • D дәрумені және тамақтану әдеттерін реттеу қайызғақты азайтады. Мысалы шай, кофе, кофеинді және газдалған сусындарды тұтынуды азайтыңыз.
  • Жасыл жапырақты көкөністер мен жаңа піскен жемістерді көп тұтыныңыз.
  • Күніне 2,5-3 литр су ішу маңызды.
  • Қантты тағамдарды шектеңіз.
  • Бояу сияқты ауыр химиялық заттары бар күтім және косметикалық өнімдерден аулақ болыңыз.
  • Ауыр сусабындар, шашқа арналған лак, гель, шаш кептіргіш, шаш бұйралағыш қолданбаңыз немесе мүмкіндігінше аз пайдаланбаңыз.
  • Әсіресе қарқынды қайызғақ кезеңдерінде шаш кептіргіштері, қысқыштар және түзеткіштер сияқты бас терісін құрғататын процестерден аулақ болу керек.

дәрігер, Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар