Албания премьер-министрі Рама Әзербайжанға барды

Еуразия күн тәртібі – 34

1816597
Албания премьер-министрі Рама Әзербайжанға барды

Бүгінгі бағдарламамызда Албанияның премьер-министрі Эди Раманың Әзербайжанға жасаған сапарына тоқталамыз.

2022 жылы 14-15 сәуір күндері Албанияның премьер-министрі Эди Рама Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барды. 14 сәуірде Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев пен Албанияның премьер-министрі Эди Рама бас қосты. Кездесуде энергия саласындағы ынтымақтастықты қамтыған екі жақтылы қарым-қатынастар мен аймақтық тақырыптар қолға алынды. Албанияның премьер-министрі Эди Рама Әзербайжанды, әділетті, Әзербайжанның тарихи құқығын әрқашан қолдайтындарын білдіріп, Әзербайжанның көршісі Армениямен бейбітшілік және ұзақ уақыттық ынтымақтастық орнату талпыныстарын бағалайтынын атап айтты. Албания премьер-министрі Түркияның Албания және Әзербайжан арасындағы маңызды көпір екенін тілге тиек етті. Кездесу соңында Эди Рама Ильхам Әлиевті еліне шақырды.

Сол күні Албания премьер-министрі Эди Рама сапар аясында Әзербайжан премьер-министрі Али Асадов және Мәжіліс төрайымы Сахибе Гафаровамен жеке-жеке кездесті. Асадов пен Рама сауда мен экономика, энергия мен туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамыту тақырыптарын қолға алды. Албания мен Әзербайжанның 2021 жылғы сауда мөлшері 4.9 миллион долларға жеткені белгілі. Екі елдің парламенттері арасындағы достық топтары жұмыстарын жалғастыруда.

Албания премьер-министрі Эди Рама Бакуде Шейіттер ескерткішіне зиярат жасады.

Албанияның премьер-министрі Эди Рама келер жылы Әзербайжанмен екі жақтылы қарым-қатынас орнатудың 30 жылдығын тойлайтындарын, Албанияда бір апта Әзербайжан күні атап өтілетінін, өзара өкілетті елшіліктердің ашылуы маңызды екенін айтты. Әзербайжанның Грекиядағы өкілетті елшісі сонымен бірге Албания елшісі міндетін де атқарып келеді. Өзара өкілетті елшілік ғимаратының ашылуы стратегиялық тұрғыдан екі ел үшін де пайдалы болады.

Еуропа елдерінің орыс табиғи газына тәуелділігін азайту талпыныстары күн тәртіпті иелеп отырғанда, Әзербайжан табиғи газының Балканға экспортын арттыруы тіпті маңызды болуда. Еуропа елдері күн, жел сияқты жаңаланатын энергияға өтуді армандаса да, мұның қысқа уақытта іске аспайтыны баршаға аян. Сол себепті Каспий энергия байлықтарын Оңтүстік Табиғи газ дәлізі арқылы батыс елдеріне эскспорт ету бұдан былай басты тақырыпқа айналады. Мамандар айтқандай, Албания осы тұрғыдан Балкандағы маңызды транзит ел болмақ. Албания Оңтүстік Табиғи газ дәлізінің жалғасы Транс-Адриатикалық табиғи газ құбыр желісіндегі маңызды ел. Сонымен бірге Тирана әкімшілігінің энергияда шығыс пен батыс арасында маңызды транзит ел болған Түркиямен байланысы жақсы. Каспий энергия байлықтарының батысқа экспортын арттыру үшін жоспарланған Түрікменстан-Әзербайжан-Түркия үштік президенттер саммиті де өте маңызды. Баршаға аян, Әзербайжан мен Түрікменстан Каспий теңізіндегі энергия байлықтарын бөлісу жайлы келісімге келді.

Албания мен Әзербайжан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы, Ислам Ынтымақтастық ұйымы сияқты көптеген халықаралық ұйымдарда ынтымақтастықтарын дамытуда.

Қорыта айтқанда, Албанияның премьер-министрі Эди Раманың Әзербайжанға жасаған сапары екі жақтылы және аймақтық, Кавказ-Балкан ынтымақтастығын дамыту тұрғысынан пайдалы болды.



Ұқсас жаңалықтар