Ердоған Өзбекстанға сапармен барды

Еуразия күн тәртібі – 32

1809586
Ердоған Өзбекстанға сапармен барды

 Бүгінгі бағдарламамызда Президент Режеп Тайып Ердоғанның Өзбекстанға сапарына тоқталамыз.

29-30 наурыз күндері арасында Türkiye Президенті Режеп Тайып Ердоған Өзбекстанға ресми сапармен барды. Президент Ердоғанды Ташкент Халықаралық Әуежайында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев күтіп алды. Лидерлер жұбайларымен бірге Ташкенттегі Жаңа Өзбекстан саябағына барды және Ердоған осы жердегі Тәуелсіздік ескерткішіне гүл шоғын қойды. Президент Ердоған Жаңа Өзбекстан саябағына барған және Тәуелсіздік ескерткішіне гүл шоғын қойған тұңғыш шетелдік лидер екенін айта кетейік. Бұдан кейін Жаңа Өзбекстан саябағы шетелдік лидерлер мен делегациялары зиярат ететін мекенге айналады.

Гүл шоғын қою рәсімінен кейін президент Ердоған Көк сарайда президент Мирзиеев тарапынан ресми рәсіммен күтіп алынды. Рәсімнен кейін Ердоған мен Мирзиеев оңаша бас қосты. Кездесуде екі ел лидерлері өзара құрмет, достық пен сенімді негіз еткен Türkiye мен Өзбекстан ынтымақтастығын бекемдей түсуге келісті. Лидерлер аймақтық және халықаралық күн тәртіптегі оқиғалар жайлы көзқарас алмастырды және тұғырларының ұқсас екенін тілге тиек етті.

Оңаша кездесуден кейін Ердоған мен Мирзиеев Жоғары Деңгейдегі Стратегиялық Ынтымақтастық Кеңесінің екінші жиналысын өткізді. Жиналыста лидерлер биыл Türkiye мен Өзбекстан арасында дипломатиялық байланыс орнатылуының 30 жылдығы тойланып жатқанын және 5 жылдың алдында екі ел арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық ортақтық өресіне көтерілгенін атап айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған екі ел арасындағы «бауырластықты негіз еткен» стратегиялық ортақтық қарым-қатынастардың сенім мен құрмет көлемінде дамығанын білдірді. Тараптар екі жақтылы қарым-қатынастарды көлемді стратегиялық ортақтық өресіне көтеруге шешім қабылдады.

Жиналыстан кейін «Талғамды сауда келісімі», «Әскери көлем келісімін» қамтыған 9 келісім мен құжатқа қол қойылды.

Президент Ердоған 30 наурызда Өзбекстанның байырғы қаласы Хиваға барды. Хивалықтар тарапынан салтанатпен күтіп алынған Ердоған Өзбекстан президенті Мирзиеевпен бірге аймақтағы тарихи мекендерді тамашалады. Хива қаласы 2020 жылы «Түркі Әлемінің Мәдени астанасы» болған.

Türkiye-Өзбекстанның ең ірі 4-ші ортағы. Өзбекстан президенті Мирзиеев айтқандай, екі жақтылы сауда мөлшері соңғы бес жылда екі есе, түрік инвесторларының Өзбекстандағы инвестициясы 70 есе, ортақ компания саны 5 есе артты.

Екі жақтылы қарым-қатынастарды кең көлемді стратегиялық ортақтық өресіне көтеру тараптардың қорғаныс өнеркәсібі саласында тығыз ынтымақтастық орнатуына мүмкіндік жаратады. Ташкентте екі ел Қорғаныс министрліктері арасында қол қойылған келісімнің мазмұны жарияланбады. Алайда түрік қорғаныс өнеркәсібі өнімдерімен қамдау және аталмыш өнімдердің Өзбекстанда өндірілуі екі елдің күн тәртібінде екені белгілі.

Қорыта айтқанда, президент Режеп Тайып Ердоғанның Өзбекстан сапары сәтті өтті. Қарым-қатынастардың беталысы екі ел байланыстарының тіпті де дами түсетінін көрсетуде.



Ұқсас жаңалықтар