Бүйрек тасы ауруына арналған табиғи ұсыныстар

«Денсаулық зор байлық» - 31

1804576
Бүйрек тасы ауруына арналған табиғи ұсыныстар

Бүгінгі тақырыбымыз бүйрек тасы ауруына арналған табиғи ұсыныстар. 

Біріншіден сусынды көп ішіңіз

Күніне шамамен 2,5 литрге жуық сусынды тұрақты аралықпен тұтыныңыз. Судан басқа лимонад, апельсин шырыны және грейпфрут шырыны сияқты құрамында С дәрумені бар жеміс шырындары да тастың пайда болуының алдын алады. Жаңа сығылған жеміс шырындарын таңдаңыз және концентратталған жеміс шырындарының тас ауруы қаупін арттыруы мүмкін екенін ұмытпаңыз. 

Тұзды пайдалануды мүмкіндігінше азайтыңыз.

Тұзды шамадан тыс тұтыну ішектен кальцийдің сіңуін арттырады. 

Жануар ақуызын тұтынуды азайтыңыз.

Жануар ақуызы бар тағамдар несептегі зәр қышқылының мөлшерін арттырады. Бұл себепті қызыл ет, жұмыртқа, теңіз өнімі болып табылатын жануар ақуызын қалыпты мөлшерде тұтыну қажет. 

Зәр қышқылының тастары үшін құрамында пуриндер бар және ақуыздық құны жоғары сардина, бұршақ тұқымдастар, саңырауқұлақ, шпинат, түсті қырыққабат, етті тұтынуды шектеу керек. 

Кальций қажеттілігін қамтамасыз етіңіз.

Тамақтан қажетті кальцийді алмасаңыз, бүйректе тас пайда болу қаупі артады. 

Бүйрек тастарын пайда қылатын тағамдардан аулақ болыңыз.

Қою шай, кофе, қызылша, соя, шоколад, какао, кептірілген інжір, қара бұрыш, орман жаңғағы, ақжелкен, көкнәр тұқымы, шпинат, құлпынай, қаражидек сияқты тағамдардың құрамында жоғары мөлшерде оксалат бар. Сонымен қатар кола мен газдалған сусындардың құрамында фосфат болғандықтан, олар да тасқа себеп болады. 

Лимон мен зәйтүн майының қоспалары тиімді. 

Алма сірке суы және балмен дайындалған қоспалар тиімді. 

Қалақай және көк жидектен дайындалған қоспалар тиімді. 

Бұл қоспалар зәр шығару жолдарының қабынуын азайтады. Сонымен қатар бүйрек тастарын азайтып, денеден шығарылуын жеңілдетеді. 

Асқабақ тұқымдары: 

Бүйрек тастарын емдеуде күніне 10-30 грамм ұсақталған асқабақ тұқымын тұтыну ұсынылады. 

Қалақай жапырағы: 

Ағзадағы токсиндерді шығару және денедегі ісінуді кетіруде маңызды рөл атқаратын қалақай бүйрек тастарын азайтуға да көмектеседі. 

1,5 грамм майдалап туралған қалақай жапырақтарын 150 мл суға қосып, қайнағанша күтіңіз. Аузы жабық күйде 10 минут тұндырып, сүзіңіз. Бүйрек тастарының пайда болуының алдын алу және емдеу үшін қолдануға болады. 

Бірақ күніне 8-10 грамнан астам қалақай жапырағын тұтыну және 2 айдан ұзақ пайдалану дұрыс емес. 

Итмұрын:  

2 грамм ұсақ туралған жеміс қайнаған бір стақан ыстық суға қосылады, 10-15 минут тұндырып, сүзіңіз. Тамақтан жарты сағаттан кейін зәрді көбейту және бүйректегі тастарды азайту үшін оны күніне 3 рет ішуге болады. 

Ақжелкен: 

Бұл бүйрек тастарын азайтуға, сонымен қатар бүйректегі ісіктердің ілгерілеуін тоқтатуға көмектеседі. 

Авокадо жапырағы: 

1 стакан хлорсыз суды қайнатыңыз. Қайнаған бұл суға бір шай қасық, шамамен 2-3 грамм кептірілген авокадо жапырақтары қосылады. Баяу отта сегіз минут қайнатылады. Қайнату уақыты аяқталғаннан кейін ыстық күйінде сүзіледі. Кешкі астан кейін екі сағаттан кейін жылы кезде ішіңіз. 

Әрбір бес күндік пайдаланудан кейін үш күндік үзіліс беріңіз. Дәміне ештеңе қосуға болмайды. Бұл емдеуді 20 күннен артық қолдануға болмайды. Қайта қолдану үшін кем дегенде 20 күн үзіліс бергеніңіз жөн. 

Тұрақты түрде қолданылатын авокадо шайы бүйрек тасының пайда болуының алдын алуға көмектеседі. 

Гилабуру шырыны: 

Кайсери мен төңірегінде жиі өсетін және жүзім жемісіне ұқсайтын 30-40 дана жемісінен тұратын гилабуру бүйрек тастары үшін қолдануыңызға болады. 

Гилабуру өсімдігінің көмегімен дайындалған емдік препараттар бүйрек тастарын азайтуда тиімді. 

Көкжидек:

Жаңа піскен немесе кептірілген түрде тұтынуға болатын көкжидек бүйрек ауруы үшін де пайдалы. 

Қырықбуын шөбі: 

Несеп айдағыш қасиетімен назар аударатын бұл шөп зәр шығару жолдарының инфекциясына да пайдалы. 

Сонымен қатар алма, йогурт және асқабақ бүйрек тастарын емдеуге көмектеседі және денеден тасты кетіруді жеңілдетеді. 

Док. Мехмет Учар 



Ұқсас жаңалықтар