Анадолыдағы тарихи көпірлер

Анадолының тұңғыштары - 25

1805062
Анадолыдағы тарихи көпірлер

Бір көпір көрген кезде,  сол көпірден дереу өткіңіз келе ме? Көпірлер сізді өзіне тарта ма? Бір көпірдің үстінде тұрып тұрған жеріңізді байқайсыз ба? Екі бөлек нүктенің ортасында тұрмын деп ойлайсыз ба? Әлде көпір тек өмірді жеңілдететін бір жол ғана ма сіз үшін?

Көпірлер – бір-бір нысан болса да, қауышудың, кедергілерден асудың немесе басқа бір әлемге жетудің символы сонымен бірге. Грек мифологиясында олар – кемпірқосақ. Скандинавия мифологиясында тамыры жердің астында жатқан, бұтақтары аспанда тұрған, екі әлемді байланыстырып тұрған, құдайлар әлеміне жететін қасиетті ағаш. Осы ағашқа ұқсас бір ағаш та түрік мифологиясында кездеседі.  «Өмір ағашы» деп аталады.  Оның осы дүниені о дүниемен байланыстырғаны айтылады. Исламияттан бұрынғы кезеңдерде шаман дабылдарында «жұмақ көпірі» деп аталған кемпірқосақ суреттері кездеседі. Қиыр Шығыс нанымдарында жер мен аспан арасындағы көпір- адам. Көпір нысан болудан да артық нәрсе. Тамырымызға байланысты.  Сондықтан әлемдегі көптеген мәдениетте түрлі символикалық мағыналар жүктелген.

 

**

Алдымен көпірлерді тек бір жағадан бір жағаға өту үшін қолдандық. Адам баласы ағаш немесе өсімдіктердің сабағын пайдалану арқылы өзендерден, сайлардан өтуге тырысады. Алайда барлық өзен және сайлар үшін осы әдіс жарамды емес. Адам баласының басқа шешім табуы керек болды. Жартастар, ағаштар және ағаш талшықтарынан пайдаланып,  бұл жолы аспа көпірлер салады.  Тақтайдан жасалған көпірлер шыдамды болмайды. Артынан көпір құрылысына тас қолданады адам баласы. Уақыт өтеді, бетон, темір немесе болат алады тас пен ағаштың орнын. Көпірлер адам баласының технология және ғылымдағы дамуы байқалатын бір сәулет нысанына айналады.

Тарихи деректер тұңғыш көпірлердің Қытайда жасалғанын жазса да, ол көпірлердің қалдықтары жоқ. Сондықтан әлемнің белгілі ең байырғы көпірін шумерлер салды деп қабылдайды. Қалдықтары табылған бес мың жылдық осы көпір қазір Ирак территориясында. Шумерлер көпір салған, бірақ ені кең ашық жерлерден өтуде табыссыз болған. Көпірлер тек Рим Империясы кезінде табысты түрде салына бастаған. Аркалардан тұратын сол көпірлердің арасынан бүгінгі күнге келіп жеткендері де бар.  Рим дәуірі көпірлерінің әлемдегі ең байырғы және әлі қолданылып келе жатқан мысалдары арасында Анадолыдағылар назар аударады. Аданадағы Ташкөпрі, Измирдегі Керван көпірі және Адыямандағы Жендере көпірі - осылардың кейбірі.

**

Адана – Анадолыдағы ең байырғы елді мекендердің бірі.  Тарихы хеттер дәуіріне дейін барады. Ежелгі дәуірлерден бері Адана керуендердің маршруты бойында орналасады. Рим Империясы кезеңінде де маңызды қала болған. Себебі империяның Таяу Шығыстағы жерлеріне Аданадағы Ташкөпрі арқылы қатынас жүріп тұрған. Осы көпірдің Рим дәуірінен қалған және әлі қолданылып келе жатқан әлемдегі ең байырғы көпір екені айтылып келеді.  Сейхан өзені бойындағы Ташкөпрі бұдан шамамен мың алты жүз жыл бұрын салынған. Ескі гравюралар зерттелген кезде көпірдің екі жағында «Қамал қақпасы» деп аталған аркалы үлкен қақпа назар аударады. Осы қақпалар әрі қалаға кіруді бақылаған,  әрі саудагерлерден салық жиналған жер болған. Кейінгі кезде көпірдің ортасына көріністі тамашалайтын терасса қосылады және бір шағын сарай салынады.

Сол кездің жетілген технологиясы және инженерлік білімі қолданылған Ташкөпрі Сейхан өзені секілді арнасы кең ірі өзеннен өту үшін жиырма көзді етіп жобаланған. Қазір осы көпір – Адана қаласының символдарының бірі. Ұзындығы 310 метр көпірдің бүгінгі күні он төрт көзі құламай қалған. 1600 жылдан бері қаланың екі жағасын бір-бірімен байланыстырып тұр.  

**

Көпірлер ежелгі дәуірлерден бері адамдарды, қалаларды, елдерді бірлестіріп тұр.  Тыныш немесе сарқырап аққан өзендердің үстінде талай соғысқа,  талай қасіретке, талай қуанышқа куә болған. Кейбірі сарқырап аққан өзеннен сенімді түрде өту үшін,  кейбірі арнасы кең өзендерден, сайлардан өту үшін қолданылған.  Бастапқыда бір жағалаудан қарсы жағалауға өту мақсатында қолданылған көпірлер уақыт өте келе сауда және әскери мақсатта салынған.  Өнеркәсіп төңкерісінен кейін темір өндірісінің артуы темірден көпірдің салынуына мүмкіндік береді.  Осылайша одан да үлкен және төзімді көпірлер салына бастайды.

Көпірлер сонымен бірге өздері салынған дәуірдің технологиясын көрсетеді.  Бірақ адам немесе көліктің өтуін қамдау емес бір ғана міндеті,  сонымен бірге өткен шақ пен болашақ арасындағы байланысымыз. Архитектуралық бір нысандан артығы. Кездесулердің, қауышудың бас тартылмас адрестері. Сондықтан көпірлер, олардың аттары мен естеліктері фильмдерде,  романдарда,  ән мен күйлерде. Өмірімізде көпір біз ойлағаннан да көп орын алады.

**

Анадолының ежелгі дәуірден қалған ең байырғы көпірінің қалдығы – Чорум Хаттуша археологиялық алаңында. Кейбір деректерге қарағанда, әлемнің ең ұзын тас көпірі – Едирнедегі Ұзынкөпрі. Қаратеңіздің тентек жылғаларының үстінде екі жағаны қауыштырады Чифтекөпрі.  Анадолы Селчук мемлекетінің Қызылырмак өзеніне салынған алғашқы көпірі – Текгөз көпірі.  Сакария өзені бойындағы Юстиниан көпірі -  ерте Византия кезеңінен қалған ең көркем мемориалды нысандарының бірі. Сондықтан ол ЮНЕСКО Әлемдік мұрасының уақытша тізіміне енген. Аркалы құрылымының үстінде кезекпен салынған дүкендерімен Türkiye-де жалғыз,  әлемдегі төрт көпірдің бірі Бурса Ырганди көпірі. Диярбакырдағы Малабади көпірі. Қысқаша айтқанда Анадолы территрориясында қай қалаға барсаңыз барыңыз, алдыңыздан бір көпір шығады. Олардың  кейбірі шағын, кейбірі үлкен, кейбірі көркем! Анадолы өз уақытының үнсіз куәгерлері болған көпірлердің ең тамаша үлгілеріне толы.  Тіпті Анадолының өзі бір көпір. Азия мен Еуропа арасында мыңдаған жылдан бері қолданылған керемет сұлу бір көпір. Өркениеттерімен бірге алпауыт тарих өтеді ғасырлар бойы осы көпірдің үстімен.



Ұқсас жаңалықтар