Анталия Дипломатия форумы табыспен өтті

Еуразия күн тәртібі – 29

1798115
Анталия Дипломатия форумы табыспен өтті

Бүгінгі бағдарламамызда 2-ші Анталия Дипломатия форумының Еуразия аймағындағы мәселелерді шешуге қосатын есесіне тоқталамыз.

2022 жылы 11-13 наурыз арасында президент Режеп Тайып Ердоғанның қамқорлығында, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның үй иесі болуымен 2-ші Анталия Дипломатия форумы ұйымдастырылды. «Дипломатияны қайта құру» тақырыбымен өткен форумға 17 ел мен үкімет басшысы, 80 министр, 39 халықаралық ұйымның өкілін қамтыған 75 елден 2500 кісі қатысты. Форумды 585 ұлттық және халықаралық медиа қызметкері бақылады.

Форумға Еуразия географиясынан Ауғанстан, Қазақстан және Украинаның бұрынғы президенттері, Гагауз автономиялық аймағының басшысы, Әзербайжан президентінің орынбасары, Ауғанстан, Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Украина Сыртқы істер министрлері, Түрік Мемлекеттері Ұйымы, Түріксой, Халықаралық Түрік академиясы, Түрік Мәдениеті және мұрасы қоры, Азияда Ынтымақтастық және сенім арттырушы шаралар конференциясы және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдардың бас хатшылары, елшілер, депутаттар, академиктер қатысты. Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль форумға видео конференция арқылы баяндамашы ретінде қатысты.

2-ші Анталия Дипломатия форумында Украинадағы соғыс, Оңтүстік Кавказдың болашағы және Ауғанстандағы жағдай сияқты Еуразия аймағына байланысты тақырыптар үстелге келді. Ресей мен Украина Сыртқы істер министрлері Украинада соғыс басталған 24 ақпаннан бері тұңғыш рет Анталияда тікелей кездесті. Форум аясында 2022 жылы 10 наурызда Түркия-Украина-Ресей үштік Сыртқы істер министрлері жиналысы өткізілді. Осылайша Түркия соғысып жатқан елдердің Сыртқы істер министрлерін бір үстелге отырғызып, маңызды дипломатиялық табысқа жетті. Министрлер арасындағы кездесулердің осы үлгімен жалғасуы күтілуде.

Түркияның 2-ші Анталия Дипломатия форумы арқылы Ресей мен Украина Сыртқы істер министрлерінің басын қосуы Анкараның екі елмен байланысын жалғастыруы сияқты қадамдар Еуразияда бейбітшіліктің орнауы мақсатымен орыс және украин лидерлерді келіссөз үстеліне отырғызу үшін мықты күш жұмсағанын көрсетті. Ресей мен Украина соғысында атыстың тоқтауы мақсатымен кездесулердің өткізілуі тақырыбында Түркия тура адрес болуы мүмкін.

Арменияның Түркияға жоғары өрелі сапары 2008 жылдан бері тұңғыш рет форум арқылы жүзеге асып отыр. Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян 12 наурызда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен Анталияда бас қосты. Министрлер екі ел арасында байланысты толық қалыпқа түсіру және жақсы көршілік қарым-қатынастар орнату процесін қолдайтындарын жариялады.

Форумда Оңтүстік Кавказда бейбітшілік пен экономикалық өркендеуді қамдайтын маңызды дамулар жайлы мәлімдемелер жасалды. Әзербайжан президентінің орынбасары Хикмет Хажиев Бакуді Нахчыванға Иран арқылы жалғайтын жаңа дәліз салу жайлы Тегеран әкімшілігімен келіскендерін айтты.

Қорыта айтқанда, биылғы Анталия Дипломатия форумының Еуразия аймағындағы мәселелерді дипломатиялық жолмен шешудегі маңызды бір платформа міндетін атқаратыны соңғы форумда дәлелденді.



Ұқсас жаңалықтар