Ресей мен Украина тынышталар емес

Еуразия күн тәртібі – 26

1785609
Ресей мен Украина тынышталар емес

Бүгінгі бағдарламамызда Ресей мен Батыс арасындағы дағдарысқа тоқталамыз.

2022 жылы 11-18 ақпан арасында Украинаның шығыс облыстарында жағдай ушықты. Ресей мен Украина оқ атуға байланысты бірін бірі айыптады. Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы соңғы кезде ережеге қайшылық жасаудың артқанына назар аударды. Жергілікті халық Ресейді паналай бастады. Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко атомдық үштік күштер қатысқан көлемді әскери жаттығуларды бақылады. Сол күні АҚШ президенті Джо Байден Украина дағдарысына байланысты бағаландыру жасап, Путиннің Украинаны басып алуға шешім жасағанына сенетінін жариялады. Аталмыш дағдарыс жайлы соңғы бір аптада нелер болғанына тоқталайық.

2022 жылы 15 ақпанда Германия премьер-министрі Олаф Шольц Киевтен кейін Мәскеуге барды. Мәскеудегі Путин мен Шольц кездесуінен нәтиже шықпады.

Сол күні Ресей Думасы Ресейді қолдаушы бөлшектеушілер тарапынан тек тарапты тәуелсіздік жариялаған Донецк және Луганск Халық Республикаларын тану үшін президент Владимир Путинге шақыру тасталған шешім жобасын қабылдады.

Украина президенті Владимир Зеленский 14 ақпанда ұлтқа үн қатып, Батыстың «Ресей шабуыл жасайтын күн» деп межелеген 16 ақпанды «Бірлік күні» деп жариялады.16 ақпан алдында украиналық байлар мен депутаттардың бір бөлегінің елден кеткені байқалды. АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Канада сияқты елдер Украинадағы өкілетті елшіліктерін Киевтен Львовқа уақытша көшіруге шешім жасады.

15 ақпанда Ресей Қорғаныс министрлігі елдің батысында жалғасқан әскери жаттығулардың бір бөлімі аяқталғанын хабарлады. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг одақтың шығыстағы әскери күшін бекемдейтінін білдірді. Украина үкіметі батыстық ортақтастарының қазірге дейін Киевке 1.5 миллиард долларлық әскери жәрдем бергенін жариялады.

17 ақпанда Ресей Сыртқы істер министрлігі Украина НАТО-ға мүше болса, Қырымды күшпен қайтарып алу қаупі туылатынын және мұның НАТО мен Ресей арасында тікелей қарулы қақтығысқа себеп болатынын хабарлады. Сол күні АҚШ-тың Ресейдегі өкілетті елшілігінде міндет атқаратын елшінің орынбасары Барт Горманның шекарадан шығарылғаны жарияланды. АҚШ-та Конгреске ұсынылған жобада Ресейдің кемінде үш ірі банкіне санкция жасау ұсыныс етілді.

Ресей Қаржы министрі Антон Силуанов жаңа санкциялармен елді Банкалар арасындағы қаржы телекоммуникация ұйымыныан (SWIFT) шығаруға қарсы шараларды жасағандарын жариялады. Антон Силуанов Батыс елдері Ресейді санкциялармен нысанаға алса, Мәскеудің энергия байлықтарының бағытын өзгертуге дайын екеніне меңзеді.

2022 жылы 21 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысындағы Ресейді қолдаушы бөлшектеушілердің ауыз жүзіндегі әкімшіліктерін тану шешім жобасына қол қойды. Сол күні НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің Украинадағы бөлшектеушілердің әкімшілігін тану шешімін айыптады. 22 ақпанда Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жоғары өкілі Жозеп Боррель Ресейдің аталмыш шешімі халықаралық құқыққа қайшы екенін білдірді. 22-23 ақпанда АҚШ, Еуропа Одағы, Австралия және Жапония Ресейге санкция жасайтындарын жариялады. Украинада ел көлемінде төтенше жағдай жарияланды.

Оқиғалардан да байқалғанындай, Украина арқылы Ресей-Батыс қақтығысы қауіпті түрде жалғасуда. Кездесулерден қазірге дейін айтарлықтай нәтиже шықпады. Дағдарысты шешу үшін ерекше бір жол қарастыру керектігі айқын. Түркияның өзгеше бір әдіспен бауырлас екі халықты апаттан құтқаруы мүмкін көрінеді.



Ұқсас жаңалықтар