Аныткабірде "Халықаралық Бейбітшілік саябағы" бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 22

1770158
Аныткабірде "Халықаралық Бейбітшілік саябағы" бар екенін білетін бе едіңіз?

Аныткабірде 24 елден көшеттер жіберілген "Халықаралық Бейбітшілік саябағы" бар екенін білетін бе едіңіз?

Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің мәйіті орналасқан Анытқабір 750 мың шаршы метр аумаққа салынған және бұл аумақтың шамамен 630 мың шаршы метрі "Халықаралық Бейбітшілік саябағы" (Барыш паркі).

Анытқабірдің құрылысы жалғасып жатқанда топырақ көшкінінің алдын алу және айналасында жасыл бір белдеу құру мақсатында 1946 жылы орман өсіру жұмыстары басталды.

Ататүріктің «Елде бейбітшілік, әлемде бейбітшілік» деген нақыл сөзін негізге ала отырып, әртүрлі шетел мен Түркияның кейбір аймақтарынан келетін көшеттер отырғызылған «Халықаралық бейбітшілік саябағын» құру жоспарланды.

«Елде бейбітшілікті» көрсету үшін Стамбул, Анкара, Эскишехир және Самсунда өсірілген он мыңдаған көшет әкелінді. «Әлемдегі бейбітшілікті» көрсету үшін де көшет жіберу туралы 24 елге шақыру жасалды.

Ауғанстан, АҚШ, Германия, Австрия, Бельгия, Қытай, Дания, Финляндия, Франция, Үндістан, Ұлыбритания, Испания, Израиль, Швеция, Италия, Жапония, Канада, Кипр, Мысыр, Норвегия, Португалия, Югославия және Грекиядан әртүрлі ағаш пен көшеттер әкелінді.

Бүгінгі таңда Анытқабирді қоршап тұрған «Бейбітшілік саябағында» 104 түрде шамамен 50 мыңға жуық сәндік ағаш, бұта мен сәндік өсімдіктер бар.



Ұқсас жаңалықтар