Аяз ата және оның шығу тегі

Анадолының тұңғыштары -18

1769938
Аяз ата және оның шығу тегі

Сыйлық беруді ұнатасыз ба? Ал алуды ше? Сыйлық алған кезде қарымжысын күтесіз бе? Бүгінгі күннің адамдары үшін сыйлық беретін немесе алатын күн соншалықты көп. Туған күн, Сүйіктілер күні, Аналар күні, Әкелер күні, жаңа жыл... Осы саналған күндер сезімдік мағына қасақана жүктелген күндер деп есептейтіндердің саны да аз емес. Осы тақырып экономистердің, әрі социологтардың, әрі психологтардың қызығушылық алаңына енеді.

Біреулер адамдарды тұтынуға ынталандыра ма, тұтынуды арттыра ма? Сіздің ойыңызша қалай? Кейбір мамандар өмір сүргенше бір тұтынушы дейді. Бұрыс емес қой. Дәстүрлі қоғамдардың «мұқтаждығыңа қарай тұтыну» түсінігі заманауи қоғамдарда «қалау» ұғымына айналды. Сыйлық алып беру жеке адамға байланысты бір іс секілді көрінсе де, әлеуметтік оқиға ретінде бағаланады.  Мәдениет пен дәстүрлер жалғасын табады осының арқасында. Мұның ең нақты мысалдарының бірі Рождество және жаңа жыл мерекесінде алдымызға шығады. Христиандар 25 желтоқсан күнін Иса пайғамбардың туған күні деп тойлайды. Мұсылман елдердің көбі 31 желтоқсанды ескі жыл бітіп, жаңа жыл басталады деп.  Бүгінгі күні христиан қоғамының көбі үшін Рождество діни мағынадан арылған, сыйлық алып беруге негізделген бір арнайы күнге айналды. Бүгінгі күні Рождество және жаңа жыл мерекелерінің ең танымал символдарының бірі Аяз ата кейіпкерін баяндап береміз сіздерге.

**

Аяз ата -  24 желтоқсан күні түнде үйлерге жасырын кіріп, жыл бойы «тентектік жасамаған» балаларға сыйлық тастап кететін, аты аңызға айналған бір кейіпкер. Нидерланды, Испания, Ирландия, Германия және Ресейде түрлі атпен аталса да ең танымал аты – Санта Клаус. Осы кейіпкердің Скандинавия мифологиясындағы құдай Одиннен шыққаны айтылады. Еуропалық осы кейіпкер жаңа құрлықпен нидерландылық босқындар арқасында танысады.  Нидерландылық босқындар Нью-Йоркқа қоныстануға барған кезде мәдениеттерінің бір бөлшегі осы атақты кейіпкерді де ала барады.  Америка құрлығы осылайша Аяз атамен танысады. Солтүстік полюсте өмір сүретіні айтылған Санта Клаусты Америка және Канада тұрғындары дереу меншіктеп алады.

           Ал бүгінгі күні әлемге қатты әсер еткен Аяз атаның қар көбіне болмайтын, ыстық бір Анадолы ауданында өмір сүрген Демрелік Әзіз Николайдан келетінін көп адам біле бермейді.

**

Демре – сол кездегі атымен Мира -  Анадолының оңтүстігінде Жерорта теңізінің жағасында орналасқан Ликия одағының ең маңызды алты қаласының бірі.  Демрелік Әзіз Николай болса Ликия Одағының бас қаласы Патара маңындағы бір монастырдың бас монахы. Кейіннен Демре эпискобы ретінде тағайындалады.  Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін өзіне қалған мирасты кедейлер, науқастар және жағдайы жоқтарға жұмсайды.  Қайтарымсыз көмек бергені үшін адамдар өздерін қарыздар деп сезінбесін деп осы көмекті жасырын жасайды.

Теңіздердің қорғаушысы, балалар мен кереметтердің әзізі ретінде танымал Әзіз Николай. Ол туралы түрлі кереметтер айтылады. Бір кездері Жерорта теңізінде жүрген барлық кемелерге Әзіз Николайдың иконасы ілінетін еді.  Өз өмірі бойы кедейлерге көмектескен Әзіз Николай қайтыс болғаннан кейін «әзіз» мәртебесіне жетеді. Қайтыс болғаннан кейін Демре Әзіз Николай шіркеуіне көміледі.  Қабырғаларында Әзіз Николайдың жүзеге асырған кереметтері мен христиандыққа байланысты суреттер бар шіркеуі Орта шақ бойы бір қажылық орталығы ретінде қолданылған.  Теңіз жолы арқылы Иерусалимге баратын христиандар Мираға соғып, Әзіз Николай шіркеуіне келіп, қажы атанады.  

1955 жылы желтоқсан айында бір топ туризмші Түркияны таныстыру мақсатында Аяз атаның маркалары жабыстырылған Анталия ашық хаттарын әлемдегі маңызды ұйым мен мемлекет қайраткерлеріне жолдайды. Сол күнге дейін өте аз адам білетін Әзіз Николай немесе Санта Клаус шіркеуі осы арқылы әлемге танымал болады.

Бүгінгі күні Әзіз Николай үшін ол қайтыс болған күні болып есептелетін 6 желтоқсан күні жыл сайын Демреде «Аяз атамен Әлем бейбітшілігіне шақыру» атты шаралар өткізіледі.  Мыңдаған жылдан бері түрлі діндерге,  түрлі мәдениеттерге бесік болған Анадолы бейбітшілік пен бауырластық дұғасы оқылған осы шара арқылы тағы бір рет міндетін атқарып отыр.  **

Бірінші рет америкалық бір карикатурист бір өлеңнен шабыт алып, Санта Клаустың суретін салады.  Артынан бір сусын компаниясы сызады оның фигурасын.  Қызыл киімі, ұзын қызыл бас киімі, иығындағы қабы, шанасы және киіктерімен ақ шашты, ақ сақалды бір Санта Клаус болады.  Балаларға сыйлық тарататын осы көңілді қарияны барша ұнатады. Ал Демредегі ескі шіркеу қабырғаларында арық және кішкентай бір кісі ретінде суреттелген Әзіз Николай. Ол да популист мәдениеттің құрбаны болады. Енді ол діни куәлігінен бөлініп шыққан бір фигура.

**

Кішкентай бір сыйлықпен еске алыну жақсы, бірақ зерттеулерге қарағанда алынған сыйлықтарға қарымжы беру адамды көбіне қинайды. Сыйдың астында қалмау үшін берілген сыйлықтар артынан бір циклге айналады. Осы жағдайды эскимолар «Сыйлықтар құл жаратады, қамшының ит жаратқаны секілді» деп мақал қылып айтып кеткен. Ол негізгі маңызды болғаны алмадан беру немесе қайтарым күтпестен беру. Бұл әдет түрік мәдениетіне еш жат емес.  Әзіз Николай секілді қиын жағдайдағы адамдарға көмектесетін, қайтарым күтпестен дұға қылатын, тілектерді орындайтын бір әулие бар түрік әлемінде. Ол да дәл Әзіз Николай секілді құрлықта және теңізде қиын жағдайға ұшырағандарға көмектеседі,  бір елден бір елге жарық жылдамдығында саяхаттайды. Оның аты – Қыдыр. Айырықша Қыдыр ата да жаңа жылға байланысты,  бірақ қар және қыспен қатысы жоқ осы жаңа жылдың.  Көктемнің сүйіншісі хабарын беретін Наурыз және Қыдыреллез мерекелері түріктердің қадім дәстүрлеріндегі жаңа жыл болып есептеледі.

Көмек берген кезде ешкім көрмейді, ешкім естімейді Қыдыр атаны, Әзіз Николайды да.  Себебі көмек жасырын болуы керек.  Осыны істей алған адамдарға «әзіз» немесе «әулие» деуі де босқа емес.  Осы территория әзіздерге де, әулиелерге де бай.

**

Тарихи деректерде ең ежелгі жаңа жыл мерекесі Вавилиондықтарда кездеседі. Бәлкім одан бұрын да болып қалар, бірақ әзірге оны білмейміз.  Вавилиондықтардан кейін әрбір мәдениетіне өзіне маңызды бір күнді немесе кезеңді жаңа жылдың бастауы деп таңдаған. Жылдың сол кезеңі келгенде құрбан шалып, игі ниет тілектері мен үміттері айтылған.  Бүгін құрбандардың орнын сыйлықтар алды, жаңа жылдың бізге әкелетіндеріне байланысты үмітіміз мәңгі.

Балаларға, кедейлерге, науқастарға қайтарымсыз көмектескен бір Жерорта теңізі тұрғынын, бүкіл әлем Санта Клаус деп атайтын Демрелік Әзіз Николайды баяндап бердік бүгін.  



Ұқсас жаңалықтар