Үңгірлер жұмағы - Анадолы

Анадолының тұңғыштары - 17

1766169
Үңгірлер жұмағы - Анадолы

Барлық мәдениеттерде кездеседі үңгір тақырыбы.  Кейде дастандарында, кейде мифологиясында, кейде діни хикаяларында кездеседі. Үңгір ортақ тақырып, адам баласының ортақ тарихы, ортақ жады үңгірлерде көрінеді. Себебі осы үңгірлер аталарымыздың алғашқы баспанасы. Табиғат құбылыстарынан жасырынған,  жабайы жануарлардан сақтанған жерлері. Үй сала бастағанда үңгірлерден шығады,  бірақ тарихында маңызды орны бар осы жерлерді әрқашан есінде сақтайды.  Аңыздар, хикаялар жаратады, ертегілер мен дастандарға арқау қылады оны. Үңгірлерде өмір сүрмейді, бірақ оны мәдениетінде жасатады.

Үңгірлер көбіне жердің астына ашылатын қараңғы және қорқынышты жерлер секілді есептеледі.  Бірақ негізінде олар қария Жер шарының Мұздық дәуіріне дейін жады сақталған теңдесі жоқ информация қайнары. Анадолы территориясы да қырық мың шақты үңгірімен «үңгір жұмағы» деп аталады.  Шипа тарататындары бар,  спорт және серуен ұнататындарды өзіне тартатындары да. Діни символ ретінде алдымызға шығатындар да бар,  ғылыми зерттеулерге тақырып болғандар да.

Бүгін Түркиядағы осы үңгірлерге бірнеше мысал келтіріп, керемет әлемге сапарға шақырамыз сізді.

** 

Анадолы географиялық және геологиялық құрылымына сай көптеген үңгірге мекен. Қырық мыңнан астам үңгір бар екені айтылады.  Осы үңгірлердің тек оннан бірі ғана анықталған.  Теңіз деңгейінен төмен,  биік таулардың шыңына дейін шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке дейін бүкіл аймақтарда таралады Анадолыда үңгірлер. Ең жиі кездесетін жерлері – Түркияның оңтүстік аймағы бойы созылып жатқан Тавр таулары.  Тавр тауларының етегіндегі Анталия да үңгір қалыптасуы тұрғысынан едәуір бай.  Қаланың Алания ауданы – Түркияның туризмге ашылған алғашқы үңгірі Дамлаташ үңгіріне мекен.  Бір кездейсоқтық нәтижесінде табылған үңгірге салактиттерден су тамшылағандықтан осындай есім берілген.  Бүгін де су әлі тамшылап тұр. Осы үңгірдің он бес мың жыл бұрын қалыптасқанын айтады мамандар.  Үңгірде жоғары деңгейде оттегі және ылғалдылық бар.  Сондықтан Дамлаташ үңгірі тыныс алу жолдары ауруларына,  әсіресе демікпе ауруына жақсы екені айтылады. Үңгір таңертең ертемен туристерге жабық, тек шипа іздеп келген науқастарға ғана ашылады.  21 күндік емдеу курсын бастамастан бұрын міндетті түрде дәрігерден науқастың үңгірге кіруіне болатыны туралы анықтама алуы керек.

**

Анадолыда Дамлаташ секілді шипа мақсатымен қолданылатын тағы көптеген үңгір бар.  Денизлидегі Каклык үңгірі де солардың бірі.  Үңгірдегі термалды су ежелгі дәуірден бері  тері ауруларын емдеуде қолданылған. Жердің жүздеген метр астынан шығатын күкірт пен көміртек тұрғысынан бай осы термалды су үңгірдің бүгінгі күні де тері аурулары бар адамдар тарапынан зиярат етілуінің себебі. Екі миллион жасындағы Каклык үңгірі «Жер астындағы Памуккале» деп те аталады.  Себебі Памуккаленің саты секілді керемет травертиндері осы үңгірде де бар.

Шипа табу үшін баратын үңгірлердің бірі де бүгінгі күні бара-бара таңдаулы бола бастаған тұз үңгірлері. Осы үңгірлердегі ауа ерекшелігіне байланысты науқастардың тыныс алу сапасын арттырады. Тұз үңгірлерінің өкпе, бауыр аурулары, жүрек және қан айналу жүйесі аурулары үшін ықпалды екені айтылады.  Айырықша ұйқыда мазасыздық, иммунитеттің нығайтылуы, шаршау және стресс жағдайында да ықпалды екені айтылады.

Науқастар көп баратын Чанкыры және Ыгдырдағы тұз үңгірлерінің ресми түрде медицина туризміне ашылуы бағытында жұмыстар жалғасып жатыр.  Үңгірлердің медициналық мақсатта қолданылуының жүріп жатқан емге қосымша ретінде жасалатын бір терапия түрі екені және науқастардың міндетті түрде дәрігерлердің кеңесін алуы керектігін еске салып өту керек.

**

Кырыклареліндегі Дупниса үңгірі – Фракиядағы туризмге ашылған алғашқы және жалғыз үңгір. Шамамен төрт миллион жылдан бері қалыптасуын жалғастырып келеді. Ол үлкен жер асты жүйесімен алға шығады. Ішінде әрдайым ағып тұратын жер асты өзені мен шамамен екі метр тереңдікте көлдер бар.  Үңгірдің 180 миллион жыл қалыптасқаны анықталған.  Дупниса үңгірі бір біріне байланысып тұратын екі қабатты үш үңгірден тұрады. Үстіңгі қабаттағы Куру үңгірдің ішіндегі салактит пен сталагмиттер өте ірі болғандықтан көрген адам таңғалады. Жер асты өзені және терең көлдерімен төменгі қабаттағы Сулу үңгірі болса табиғат спорттарымен айналысатындарды күтеді.

Анталиядағы Караин үңгірі – Түркияның ішінде адам өмір сүрген ең үлкен табиғи үңгірі. Жүргізілген қазбалар нәтижесінде алғашқы адамдардың іздері табылған және адам баласы тарихының басынан бері елді мекен болған осы үңгір.

Тек Анадолы үшін емес, бүкіл әлем үшін маңызды преисториялық археологиялық алаң деп есептеледі осы үңгір.  Сондықтан ЮНЕСКО Әлемдік мұралардың уақытша тізімінде тұр. Үңгірде түрлі дәуірлердің биіктігі 11 метр мәдениет қабаты бар.  Аңшы аталарымыздың тас және сүйектен жасаған қарапайым құралдары, моншақтар мен бүгінгі Анадолы территориясында кездеспейтін піл, мүйізтұмсық секілді жануарлардың қалдықтары табылады. Бес жүз мың жыл бұрынғы аталарымыздың қандай жерде өмір сүргенін білгісі келетіндер Караин үңгірін Түркияның ең көп адам келетін үңгірлерінің біріне айналдырған.  

**

Сыртқы әлеммен байланыс үзілген, табиғаттың керемет еңбегімен жүз мыңдаған жылда, тіпті миллиондаған жылда қалыптасқан, адамды үрейлендіретін, сол секілді сиқырлап алатын мекендер үңгірлер.  Жер астының керемет, құпия және эстетикалық құбылыстары олар.  Төбесінде, жерінде және қабырғаларында теңдесі жоқ түс және пішіндегі салактиттері, сталагмиттері, травертиндері, өзіне тән экожүйесімен адамды ерекше әлемге жетелейді. Тарихтан бұрынғы дәуірлерге тиісті мәліметтерімен адам баласының тарихына қақпа ашады.

Бүгін Анадолының түрлі аймақтарындағы түрлі үңгір құбылыстары туралы айтып бердік.  Мұздық дәуірінен іздер бар Мерсин Гилиндире үңгірі, бір миллион жасындағы Кастамону Ылгарини үңгірі, жыл сайын бір мм үлкейіп отыратын пішінімен Анталия Зейтүнтасы үңгірі және тағы басқалары да баяндап беруге татиды.



Ұқсас жаңалықтар