Қазақстанда тұрмыс қалпына келіп жатыр

Еуразия күн тәртібі – 21

1766410
Қазақстанда тұрмыс қалпына келіп жатыр

Бүгінгі бағдарламамызда Қазақстандағы жағдайларға тоқталамыз.

2022 жылы 1 қаңтарда Жаңаөзен қаласында сұйытылған мұнай газ бағасының қымбаттауына наразылықпен басталған оқиғалар 3 қаңтарда ел көлеміне таралды. Қазақстан Энергия министрлігінің сұйытылған мұнай газ бағасын төмендету мүмкін еместігін жариялауына орай оқиғалар асқынды. Оқиғалардың асқынуы және саяси бейне алуына орай президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтарда үкіметтің отставкаға кеткенін, Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы міндетін өткізіп алғанын жариялады. Ел көлемінде төтенше жағдай жарияланды. Алматы қаласында протест ереуілшілері бұрынғы президенттік сарайды, қала әкімшілігі ғимаратын, Нұр-Отан партиясының офистерін, әуежайды, телеарнаның ғимараттарын басып алды немесе зақымдады.

Оқиғалардың асқынуы себепті президент Тоқаев 6 қаңтарда Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан қолдау сұрады. Ұйым Қазақстанға 2500 әскер жолдауға шешім жасады. 10 қаңтарда Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің лидерлері кезектен тыс жиналыс өткізді. 11 қаңтарда президент Тоқаев Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы күштерінің Қазақстандағы бейбітшілікті қорғау міндетін табыспен аяқтағанын хабарлады. 14-19 қаңтар арасында бейбітшілік күштері Қазақстаннан кетті. Президент Тоқаев 10 қаңтарды Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Қазақстан Бас прокуратурасы оқиғаларда жай азаматтар, полиция және әскерлерден жалпы 225 адам қаза тапқанын, 4578 адамның жараланғанын, 44-і террорлық лаңкестік пен 15-і адам өлтіруді қамтыған 546 сот тергеуі жалғасқанын, 20 мыңнан астам адамның оқиғаларға араласқанын білдірді. Нұрсұлтан Назарбаевтың оқиғалар жайлы үнсіздігі жалғасуда. Ұлттық Барлау ұйымының бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен 2 орынбасарына билікті қолға түсіруге талпыну қылмысы бойынша сот ашылды. Міндеттен босатылған Энергия министрінің орынбасары Жұмабай Қарағаев ұсталды. Президент Тоқаев олигархияны сынады. Мемлекеттік ірі компаниялардағы жоғары дәрежелі басшылардың кейбіреулері міндеттен босатылды.

11 қаңтарда Қазақ Мәжілісі президент Тоқаевтың ұсынысымен Әлихан Смайловтың премьер-министрлігін мақұлдады. Жаңа кабинетте Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрі міндетіне Асқар Омаровтың тағайындалуы кейбір орыс басшыларды мазасыздандырды. Кремль мәлімдемешісі Дмитрий Песков президент Тоқаев тағайындаған министрмен жұмыстанатындарын білдіріп, алауыздықты басты.

6 қаңтарда президент Тоқаевпен сөйлескен президент Режеп Тайып Ердоған Түрік Мемлекеттері Ұйымы кезекті төрағасы ретінде Түркияның Қазақстанға әр түрлі техникалық мәлімет пен тәжірибені бөлісуге дайын екенін жеткізді. Ұйымға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері 11 қаңтарда Қазақстандағы оқиғаларды талқылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» деп күрестің жалғасатынын білдірді. Оның ұсынысымен ұйымдастырылған «Қазақстан халқына» атты мемлекеттік қор халықтың әлеуметтік қиыншылықтарын қамтыған елдің мәселелерін шешуге есе қосады. Қазақстан осы процестен кейін күшейе түседі.



Ұқсас жаңалықтар