Күміс «телкари» өнерінің 3000 жылдық тарихы бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 20

1763419
Күміс «телкари» өнерінің 3000 жылдық тарихы бар екенін білетін бе едіңіз?
telkari 1.jpg

Түрік тілінде «телкари» (филигрань) деп аталатын қысқаша күміс сыммен өрнек салу (кестелеу) өнері деген мағынаны білдіреді. «Телкари» өнері жұқа сымға құйылған күмісті бұрау арқылы жасалған ұсақ оюлардың қосындысы болып табылады.

Толығымен қолдан жасалған бұл өнер көбінесе зергерлік бұйымдар мен аксессуарларда қолданылады. Археологиялық қазбалардан алынған мәліметтерге қарағанда «телкари» әдісінің б.з.д. 3000 жылдан бері Месопотамияда, б.з.д. 2500 жылдан бері де Анадолыда қолданыла келгені белгілі. Телкаридің негізгі орталығы 12-ші ғасырда Мосул болғаны және бұл өнердің Мосулдан Сирияға, кейін Анадолыға өткені айтылады.

Телкари жасаудың 15-ші ғасырдан бері түріктер арасында кеңінен таралғаны, әсіресе Анадолының оңтүстік шығысында дамығаны белгілі.

Бүгінгі таңда «телкари» өнерінің ең әдемі үлгілерін Мардин қаласына қарасты Мидят ауданында көруге болады. Сонымен қатар Анкараның Бейпазары ауданы мен Трабзон да бұл өнер жалғасқан орталықтар болып қабылданады. Ғасырлардан бері келе жатқан бұл өнер жаңа шеберлер аз болғандықтан, өкінішке орай ұмытылу қаупіне душар.



Ұқсас жаңалықтар