Қырғызстанда Жоғарғы Кеңес сайлауы өткізілді

Еуразия күн тәртібі – 15

1745458
Қырғызстанда Жоғарғы Кеңес сайлауы өткізілді

Бүгінгі бағдарламамызда Қырғызстанда өткізілген Жоғарғы Кеңес сайлауына тоқталамыз.

2021 жылы 28 қараша күні Қырғызстанда халық Жоғарғы Кеңес, яғни Парламент сайлауы үшін сандыққа барды. Депутат сайлауында 21 саяси партия және 282 тәуелсіз депутат үміткері бәсекелесті. Сайлауды 700-ден астам шетелдік бақылаушы қадағалады. Ескерте кетейік, 2020 жылы 4 қазанда 7-ші кезекті Парламент сайлауы өткізілген, алайда сайлау нәтижелері протесттер себепті күшін жойған және президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетуге мәжбүр қалған болатын. 28 қарашада халық 7-ші кезекті Парламент сайлауына қатысты.

Қырғыз үкіметі Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылы 4 желтоқсанда дауыстың 99.84 пайызын қолмен санап шықты. Бейресми сайлау нәтижесінде 6 саяси партия 5 пайыздық сайлау өткелінен өтті. «Ата-Жұрт Қырғызстан» 17.31 пайыздық дауыспен бірінші болды. «Ишеним» партиясы 13.63 пайыз, «Ынтымақ» партиясы 10.98 пайыз, «Альянс» партиясы 8.33 пайыз, «Бүтін Қырғызстан» партиясы 7.03 пайыз, «Иман нұры» партиясы 6.14 пайыз дауыспен Жоғарғы Кеңеске кіруге құқық алды.

Қырғызстан 2021 жылы 11 сәуірде өткен референдумда жаңа Атазаңды қабылдап, «Парламенттік жүйеден» «Президенттік жүйеге» өтті. Жаңа жүйе бойынша 90 орынды Жоғарғы Кеңесте бір мандатты облыстардан сайланған 36 депутат және 54 орында саяси партия өкілдері міндет атқарады.

Жаңа сайлау заңына сай саяси партиялардың үміткерлер тізімі негізінде парламентке кіретін депутаттардың бір бөлімінің әйелдер, жастар және аз ұлттар өкілдерінен құралуы керек.

Бейресми сайлау нәтижесіне қарағанда бір мандатты облыстардан депутат болып сайланғандар арасында әйел үміткерлер жоқ. Тәуелсіз үміткерлер бәсекелескен 36 облыстағы 2 сайлау аймағында үміткерлерге «бәріне қарсымын» деп дауыс бергендер жеңді. Қырғызстандағы дауыс беру жүйесіндегі дауыс құжатында «бәріне қарсымын» деген талғам бар.

Бішкек қаласындағы екі сайлау аймағында «бәріне қарсымын» деп жауап бергендер басым. Сол себепті бұл аймақтарда сайлау қайта өтеді. Жалпы алғанда осы жолғы парламент сайлауына қатысқандардың 2.18 пайызы «бәріне қарсымын» деп дауыс берді.

3.7 миллион сайлаушысы бар Қырғызстанда парламент сайлауына мұның 34.84 пайызы қатысты. Халықаралық бақылаушылар сайлаудың жалпы алғанда ережелер бойынша өткенін, алайда халықтың сайлаудан жалыққанын байқағандарын білдірді. Еске сала кетейік, Қырғызстанда халық биыл сандық басына үш рет барды.

Сайлау өткелінен өте алмаған саяси партиялардың өкілдері 29 қараша және 1 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясының ғимараты алдында сайлау нәтижесін протест етті. Олардың сайлау нәтижелерін жоюды талап етуіне сайлау күні кеште Орталық сайлау комиссиясының автоматты дауыс санау жүйесінің бұзылуы себеп болды. Сайлау түнінен бастап дауыстар қолмен саналды. 2021 жылы 4 желтоқсанда дауыстың 99.84 пайызы қолмен саналып бітті.

Қорыта айтқанда, 28 қарашада өткен Парламент сайлауында қырғызстандық сайлаушылар елдің саяси тарихында тұңғыш рет дауыс беру құжатында саяси партиялармен бірге партия тізіміндегі депутат үкміткерлерін де сайлап, қайсы үміткердің парламентке кіретінін белгіледі.



Ұқсас жаңалықтар