Президент Ердоған Түрікменстанға барды

Еуразия күн тәртібі – 14

1742784
Президент Ердоған Түрікменстанға барды

Бүгінгі бағдарламамызда Президент Режеп Тайып Ердоғанның Түрікменстанға жасаған сапарына тоқталамыз.

2021 жылы 27-28 қараша күндері Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түрікменстанға сапармен барды. Президент Ердоғанды Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Ашкабад қаласында ресми рәсіммен күтіп алды. Лидерлер екі жақтылы және делегациялар арасында кездесу өткізді.

Кездесулерден кейін екі ел арасында 8 келісімге қол қойылды. Денсаулық сақтау, білім беру, медиа, мал шаруашылығы, банк және сыртқы байланыс салаларында қол қойылған келісімдер екі жақтылы қарым-қатынастардың дамуына есе қосады. Екі ел басшылары 9 бабтан тұратын ортақ мәлімдеме жариялады.

Артынан баспасөз жиналысы өткізілді. Баспасөз жиналысында лидерлер сауда мөлшерін 5 миллиард долларға көтеру нысанасын білдірді. Қазір екі елдің ортақ сауда мөлшері 2 миллиард доллар төңірегінде.

Президент Ердоғанға Түркия мен Түрікменстан ынтымақтастығының дамуына қосқан үлесіне орай Мемлекеттік медаль берілді. 2017 жылы белгіленген аталмыш медальға осының алдында Владимир Путин лайық деп табылған. Президент Ердоған Түрікменстанға 2015 жылы барған болатын. Түркия тұрғысынан Түрікменстан Орталық Азия мен Оңтүстік Азияға ашылған қақпа ретінде өте маңызды. Екі елдің қатынас саласындағы жасырын күші толық қолданылмады. Зенгезур дәлізі ашылса, екі ел арасындағы құрлық қатынасы қысқарады. Шығыс-Батыс-Орта дәлізі, Лаживерт дәлізі сияқты халықаралық қатынас жолдары Түркия мен Түрікменстанды өзара жалғайды.

Президент Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Әзербайжан Экономика министрі Микаил Джаббаровты 10 күнде екі мәрте қабылдады. Кездесулерде қатынас және энергия саласындағы ынтымақтастық тақырыптары қолға алынғаны білдірілді. Түрікменстан мен Әзербайжан Каспий теңізіндегі «Достық» энергия қабатындағы мәселелерді кеңесу арқылы шешті. Түрікмен табиғи газы алдағы кезеңде Түркия мен Батысқа экспорт етіледі. Өткізілуі жоспарланған Әзербайжан-Түркия-Түрікменстан үштік саммитінде қарым-қатынастарды тың өреге көтеретін шешімдер жасалуы мүмкін.

2021 жылы 28 қарашада Ашкабад қаласында «Бірлікте болашаққа» тақырыпты 15-ші Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының саммиті өтті. Саммитке Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия және Түрікменстан лидерлері қатысты.

Саммитте президент Ердоған ұйымның кезекті төрағалығын президент Бердімұхаммедовқа өткізіп берді. Президент Ердоған саммиттегі сөзінде TURKOVAC вакцинасын мақұлдағаннан кейін адамзаттың қызметіне ұсынатындарын айтты. Сонымен бірге Ауғанстанға гуманитарлық жәрдем жолдаудың маңыздылығына тоқталды және ұйымға мүше елдерді Солтүстік Кипр Түрік Республикасымен байланыстарын дамытуға шақырды.

Саммит соңында лидерлер «Ашкабад әрекет жоспарын» мақұлдады. Ғылым-техника, экономика, ауыл-шаруашылығы мен қоршаған орта, тарих, мәдениет, әдебиет және өнер салаларында сыйлықтар берілді. Саммит аясында бизнес форумы да ұйымдастырылды.

Қорыта айтқанда, президент Режеп Тайып Ердоғанның Түрікменстан сапары сәтті өтті.



Ұқсас жаңалықтар