Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Ресейге барды

Еуразия күн тәртібі – 13

1738215
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Ресейге барды

Бүгінгі бағдарламамызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Ресейге жасаған сапарына тоқталамыз.

2021 жылы 19 қарашада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен Мирзиеев екі жақтылы қарым-қатынастардың беталысына риза екенін тілге тиек етті. Мирзиеев екі ел арасындағы сауда мөлшерінің 7 миллиард долларға жеткенін айтты. Кремльдегі кездесулерден кейін екі ел арасында 18 келісімге қол қойылды.

Сапар аясында екі ел арасында 3 үлкен форум ұйымдастырылды. 2-ші Ресей-Өзбекстан аймақтар арасындағы ынтымақтастық форумында 14 миллиард долларлық келісімге қол қойылды. Ресей стратегиялық ынтымақтастық жасасқан елдермен «Аймақтар арасындағы ынтымақтастық форумды» соңғы жылдарда жиі ұйымдастыруда және форумдар жергілікті әкімшіліктермен шекті қалмай, барлық саланы қамтыған, қысқа уақытта екі жақтылы қарым-қатынастардың бастамашысы болған организацияларға айналуда.

2-ші Ресей-Өзбекстан аймақтар арасындағы ынтымақтастық форумында 35 келісім жасалды. Өзбекстанда Ресейдің 15 жоғарғы мектебінің бөлімшелері жұмыстануда. Екі елдің ректорлары мамыр айында Бұхарада форум ұйымдастырды. Соңғы жылдарда үкіметтер арасында жасалған келісімге сай жүздеген ресейлік мұғалім Өзбекстанда орыс тілінде сабақ беруде. Білім беру саласында Ресейдің Өзбекстанмен ынтымақтастығы жоғары дәрежеге көтерілді.

2-ші Ресей-Өзбекстан Медиа форумында екі елдің медиа саласындағы ынтымақтастықты дамытатыны, шетелдің арандатуларына қарсы тәжірибелерін бөлісетіні білдірілді. Екі ел президенттері информация қауіпсіздігіне байланысты ортақ мәлімдемеге қол қойды.

2021 жылы 18 қарашада Өзбекстанның Qanot Sharq әуежолы компаниясы Ташкент-Сочи сапарын бастады. Қатынас саласында Ресей Өзбекстан үшін стратегиялық маңызға ие ел болып табылады.

Сапар жайлы хабарларда Мирзиеевтің президент болып сайланғаннан кейін тұңғыш ресми сапарын Ресейге жасағаны жазылуда. Алайда Шавкат Мирзиеевтің президент болып сайланғаннан кейінгі тұңғыш сапарын Түркияға жасағанын айта кеткен жөн. Шавкат Мирзиеев 2021 жылы 13 қарашада Стамбулда ұйымдастырылған Түрік Мемлекеттері Ұйымының 8-ші саммитіне қатысқан болатын.

Өзбекстан Президенттік офисі екі ел арасында биыл 50-ден астам жоғары дәрежелі өзара сапар болғанына назар аударды. Бұл екі жақтылы қарым-қатынастардың дамуына есе қосады. Өзбекстанда жұмыстанған орыс компанияларының саны екі мыңнан асты және Ресей Қытайдан кейін Өзбекстанға ең көп инвестиция салған ел. Ресей мен Өзбекстан бұдан кейін екі жақтылы саудада сатылы түрде долларды тастап, жергілікті ақшаны қолдануға шешім қабылдады. Президент Шавкат Мирзиеев дәуірінде Ресей-Өзбекстан қарым-қатынастары тың кезеңке көтерілді. Орыстардың Өзбекстанда атомдық энергия стансасын салуы осының айқын бейнесі. Сонымен бірге Өзбекстан Ұжымдық Қауіпсіздік келісім ұйымы, Еуразия Экономикалық Одағы сияқты Ресей бастамашы болған ұйымдарға кіруді қабылдамай, өзінің тәуелсіз саясатын атқару тақырыбында белді бекем байлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар