Түрік Кеңесі лидерлерінің 8-ші саммиті өтті

Еуразия күн тәртібі – 12

1736193
Түрік Кеңесі лидерлерінің 8-ші саммиті өтті

Бүгінгі бағдарламамызда Стамбулда ұйымдастырылған Түрік Кеңесі лидерлерінің 8-ші саммитіне тоқталамыз.

2021 жылы 12 қарашада Түрік Кеңесінің мемлекет басшылары 8-ші саммиті президент Режеп Тайып Ердоғанның үй иесі болуымен Стамбулда ұйымдастырылды. Саммит алдында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан президенттері және бақылаушы ел Венгрияның премьер-министрі Сұлтанахметтегі Түрік Кеңесі хатшылығы орталық ғимаратының беташар рәсіміне қатысты. Лидерлер артынан Түрік Кеңесінің мемлекет басшылары 8-ші саммиті өтетін Демократия мен бостандық аралына аттанды.

«Цирфлық дәуірдегі Жасыл технологиялар және ақылды қалалар» тақырыбымен ұйымдастырылған саммитте лидерлер баяндама жасады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы және Түрік Кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев саммитке видео конференция арқылы сәлем жолдады. Президент Режеп Тайып Ердоғанның ұсынысымен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке Әзербайжан Республикасы территориясының құтқарылуы мен территория тұтастығын қайтадан орнатуын қамдаған тарихи жеңісіне, осылайша Түрік бірлігі мен аймақта түбегейлі бейбітшіліктің орнауына қосқан есесіне орай Лидерлер кеңесі тарапынан «Түркі Әлемі Әли медалі» берілді.

Саммитте лидерлер Түркі Тілдес Мемлекеттер Ынтымақтастық Кеңесінің, қысқаша Түрік Кеңесінің атын «Түрік Мемлекеттері Ұйымы» деп өзгертуге шешім қабылдады. Осы шешім Стамбулдағы саммитте қабылданған ең маңызды шешімнің бірі болды.

Саммитте ұйымның жетекшісі ерекшелігіндегі «Түркі әлемі 2040 стратегиялық құжаты» мақұлданды. Түрік Мемлекеттері Ұйымының бұдан былай басатын қадамдары осы құжат аясында атқарылады. Саммитте Түрік Инвестиция қорының құрылуына да шешім жасалды.

Жиналыс соңында 121 бабтан тұратын «Стамбул хаттамасына» қол қойылды және Түрік Мемлекеттері Ұйымының төрағалығы Түркияға берілді. 121 бабтан тұратын «Стамбул хаттамасы» Түрік Кеңесі хатшылығының және ұйымға мүше елдердің табысты жұмыстарының нәтижесі ерекшелігінде.

Түрік Кеңесі лидерлерінің 8-ші саммитінде нәтижелерден де байқалғанындай, Түркі әлемінің болашағына бағыт сілтейтін шешімдер қабылданды.

Саммитте Түрікменстан ұйымға бақылаушы мүше ретінде қабылданды. Түрікменстанның Түрік Мемлекеттері Ұйымына толық мүше болу құқығы бар екенін ескерте кетейік. Солтүстік Кипр Түрік Республикасының ұйымның жұмыстарына қатысуы өте маңызды.

8-ші саммитте ұйымның үшінші тараппен ынтымақтастығының ережелері белгіленді. Бұдан кейін Түрік Мемлекеттері Ұйымының халықаралық салада мүше елдердің мүдделеріне сай жұмыстарын жылдамдататынын және абыройын арттыратынын айтуға болады. Алдағы жылдарда әлемдегі көптеген ел Түрік Мемлекеттері Ұйымымен тығыз ынтымақтастық жасауды қалайды. Түрік Мемлекеттері Ұйымы мен Вышегард тобының ортақ лидерлер саммитін өткізу ұсынысы осының алғашқы қадамы болмақ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Орталық Азия-Оңтүстік Кавказ платформасын құру ұсынысы назар аударуға татиды.

Түрік Мемлекеттері Ұйымының жаңаланып және күшейіп дамуы Түркі Республикаларының халықаралық салада лайықты орын алуына орай жаратады.



Ұқсас жаңалықтар