Цельс кітапханасы

Ежелгі дәуірдің үлкендігі жағынан үшінші кітапханасы болса – Эфестегі Цельс кітапханасы.

1735642
Цельс кітапханасы

Кітап оқып, бір нәрселерді үйреніп зерттегісі келетіндер кітапханаларды ғидабатхана деп атайды.  Олардың бұлай атауы қате емес,  себебі кітапханаларда қасиетті мекендердің тыныштығы болады. Оқылған кітап та, зерттелген тақырып та рухани қанағаттану қамдайды.  Бәлкім содан болар аргентиналық атақты жазушы Хорхе Луис Борхес  «Мен жұмақты бір бақша секілді емес, әрдайым  бір кітапхана ретінде армандаймын» дейді.

Кітапханалардың тарихы жазудың тарихы секілді көне. Балшық табақшаларға жазылған сол алғашқы жазулар мен артынан папирус қолданып бастағаннан бастап осы құжаттарды сақтау мұқтаждығы туындайды. Сол күнге дейін ауыздан ауызға жеткен тарих пен мәдени жәдігерлер осылайша сенімді түрде қорғалады.  Кітапханалар адам баласының жадына айналады. Соғыс пен шайқастарда кітапханаларға зиян келтірілуі негізінде осы тарихи жадты жою үшін.  Анадолы  да осы мәлімет жиынтығы мен жадтың қалыптасуына үлес қосқан алғашқы кітапханаларға куә болған территория болып саналады.  Ежелгі дәуірдің ең атақты және ең үлкен кітапханасы Бергамада.  Сол кездің үлкендігі жағынан үшінші кітапханасы болса – Эфестегі Цельс кітапханасы.

**

Ежелгі әлемнің маңызды және көркем портты  қаласы – Эфес. Жерорта теңізінің саяси және сауда орталығы, Азия мен Еуропа арасындағы ең маңызды түйіндердің бірі.  Рим империясының Азия уәлаятының бас қаласы болған Эфес 200 мыңнан асқан халық санымен сол дәуірдің ең үлкен қалаларының бірі.  Ғылым,  мәдениет және өнерде әрқащан көш бастаған. Осы қаланың тарихы біздің дәуірімізден бұрынғы алты мыңыншы жылдардан басталады.  Рим империясынан кейін Византия және Османлы кезеңдерінде де осы қалада адамдар мекендеген.

Измирдің Селчук ауданындағы Эфес ежелгі қаласы өз алдына бір елді мекен.  Қаланың сәулет көркемдігі Рим қаласымен жарысады. Қаладағы Цельс кітапханасы болса Анадолының екінші,  сол кездің ең үлкен үшінші кітапханасы.  Цельс кітапханасы Рим империясының мықты сенаторы үшін баласы тарапынан салынады.  Азия уәлаятының әкімі болған сенатор Цельстің атын мәңгі жасату үшін баласы өз қаражатына салдырады. Кітаптары және көркем өнер туындыларымен бірге ғимаратты қызметке береді. Кітапхананың сақталуы және жаңа кітап алу үшін 25 мың Рим алтынын да мирас қылып қалдырады.

Цельс кітапханасы қала орталығы,  яғни агораның жақынында, Эфес ежелгі қаласының басты даңғылының бойына салынады. Ғалымдар мен ақындар жиындар өткізген Аудиториумға да жақын. Кітапхананың дизайнына көп көңіл бөлінеді.  Ион кезеңінің қарапайымдылығы және функционалдығы екінші жоспарда.  Қозғалысты фигуралар, мүсіндер, оюлар, әшекейлерімен алға шығады кітапхана ғимараты.  Әсіресе алдынғы жағы және көркем Август қақпасымен назар аударады.  Алдынғы жақта орын алған дәу бағаналардың артындағы керемет мүсіндер бүгінгі күні де келушілердің көздерінің жауын алады. Даналық, ақыл, білім және парасатты бейнелейтін осы төрт әйел мүсіні - ежелгі дәуір мүсін өнерінің ең назар аударатын мысалдары.

**  

Цельс кітапханасының биіктігі 17 метр.  Осы биіктікті көз алдына келтіру үшін алты қабатты бір ғимаратты елестетіңіз. Алғы жақта екі қабатты секілді көрінсе де, ішкі жағы үш қабатты. Алдынғы жақтағы ашық жерлер бір жағынан жаңбырдың басты залға кіруіне кедергі болады,  бір жағынан да мекенге жарық түсіріп тұрады.  Саны 12 мыңға жететін қолжазба пергаментті ылғалдылық және ыстықтан қорғау үшін ішкі және сыртқы қабырғалар арасында шамамен 1 метрлік бос алаң қалдырылған.

Көркем Цельс кітапханасының барша біле бермейтін бір ерекшелігі бар.  Оның бұл ерекшелігі басқа кітапханалардан бөледі.  Бәлкім таңғаларсыз,  кітапхана сонымен бірге монументалды қабір. Әкесінің атын жасату үшін кітапхана салдырған кезде қабірін де салған баласы. Жазулы құжаттармен де дәлелденген осы оқиға ғимаратқа «Құрмет мақсатты кітапхана» деген ерекшелік береді. Рим империясы кезінде құрметті бір азамат қайтыс болғаннан кейін қаһарман атағын алады және қаланың маңызды ғимараттарына көмілетін еді.  Цельс кітапханасы осының керемет үлгісі болса да, қоғамға ашық бір ғимаратта қабір болуы бүгінгі күні бізге едеуір қызықты.

**

Түрлі өркениеттерге бесік болған Эфес ежелгі қаласы бүгінгі күні ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде.  Өзі куә болған кездерді, тарихын жүздеген жылдан кейін қонақтарына ұсынып тұр.  Александрия және Бергамадан кейін ежелгі дәуірдің ең маңызды кітапханаларының бірі Цельс кітапханасы туралы айтып бердік. Бірақ қала көптеген ғимаратымен де адамды өзіне қайран қалдырады. Әлемнің жеті кереметінің бірі деп қабылданған Артемида храмы -  қаланың ең атақты ғимараты.  Храмның орнында бүгінгі күні тек бір ғана мәрмәр бағана бар. Басқа бір керемет ғимарат болса Эфес ежелгі театры. 25 мың адамдық әлеуетімен ежелгі дәуірдің ең үлкен ашық ауа театры болу ерекшелігінде бұл театр.  Гадриан храмы, Куреттер даңғылы, Траян бұлағы,  Одеон, моншалар, су жолы,  муниципалитет ғимараты.  Эфес қаласында көруге татитын көп нәрсе бар.  Біз тек аттарын ғана айта аламыз.  Сіз келіп көруіңіз керек.

**

Эфес ежелгі қаласының тағы бір ерекшелігі – қала өте ескі кездерден бері қажылық орталығы. Қаланың біздің дәуірімізден 1100 жыл бұрыннан дінге қызмет еткені туралы мәліметтер бар.  Артемида храмы пұтқа табынушылық кезінде бір қажылық орталығы болған.  Христиандық қабылданғаннан кейін жаңа діннің негіздері Эфесте Әзірет Мәриямға арналған тұңғыш шіркеуде – Мәриям Ана шіркеуінде анықталады.  Сондықтан христиандықтың қажылық орталығы ретінде қабылданады. 

**

Бір кездердің дастан болған қаласы Эфесті және көркем ғимараттарын бір бағдарламада айтып беру мүмкін емес.  Сондықтан бүгін ежелгі дәуірден бүгінгі күнге қалған, қаладағы ең керемет ғимараттардың бірі – Цельс кітапханасы туралы айтып бердік.  Кітапхана құрылысындағы жазулардан өзі туралы мәлімет беретін осы кітапхана адамды сиқырлап алатын архитектурасы,  әрқайсысы өнер туындысы деп есептелетін әшекейлері және монументалды қабір болу ерекшелігіне байланысты – Анадолы жеріндегі жалғыз мекен. Цельс кітапханасындағы оюлар, мүсіндер, бағана мен бағана бастары өкінішке орай Вена мұражайында тұр. Кітапхананың ажырамас бөлшектерінің тез арада өзінің мекеніне,  ата жұртына оралуы үшін тағы бір рет шақыру тастаймыз.



Ұқсас жаңалықтар