Cаңырауқұлақ ауруын тиімді шөптермен емдеу

Денсаулық зор байлық - 10

1728426
Cаңырауқұлақ ауруын тиімді шөптермен емдеу

«Денсаулық зор байлық» атты бағдарламамызға қош келдіңіздер! 

Бүгінгі бағдарламамызда саңырауқұлақ (микоздар) ауруына қарсы тиімді шөптермен табиғи емдеу ұсыныстарын жасаймыз. 

Сарымсақ 

Сарымсақ – саңырауқұлақ микробын өлтіретін ерекшелікке ие. 

Дайындау: Саңырауқұлақ ауруына қарсы күн сайын 2-3 түйір шикі сарымсақты салат немесе тағамдарға қосуға болады. Шикі сарымсақты йогуртпен турап жеуге болады. 

Сарымсақты тікелей теріге жағу зиян тудыруы мүмкін. Оның орнына ұсақталған сарымсақты зәйтүн май немесе кокос майымен араластырады. 

Бір мақтаны қоспаға батырып, саңырауқұлақ шыққан жерге жіңішке түрде жағыңыз. 2 сағат күтіп, шайыңыз. Жараңыз жазылғанша күніне 2 рет қолданылады. 

Куркума 

Куркума құрамындағы куркумин компоненті антифунгаль әсерге ие. 

Дайындау: Куркуманы тікелей қолдану саңырауқұлақ инфекцияларына одан тиімдірек болады. 

Әсіресе қол-аяқ саңырауқұлақтарында қолданылатын куркума өсімдігін ұнтақ ретінде алып суға қосып араластырыңыз. Қамырдың консистенциясы бар бұл қоспа саңырауқұлақтар пайда болған жерлерге крем сияқты жағылады. 

Жаққан соң жақсылап кебуі күтіледі және орта есеппен он бес минуттан кейін мол сумен шайыңыз. Күн сайын қайталауыңызға болады.

Оны кокос майымен де араластырып, крем күйінде саңырауқұлақ шыққан жерге жағыңыз. 

Ескерту: Куркума жағу теріңізді сары етіп көрсетуі мүмкін, бірақ алаңдамаңыз, өйткені ол бірнеше күннің ішінде жоғалады. 

Көкөністер 

Саңырауқұлақпен ауырғандар сәбіз, шомыр, қызылша, картоп және тәтті картоп сияқты крахмал мөлшері жоғары көкөністерден алыстау керек. 

Бұл тағамдардың орнына крахмал мөлшері аз брокколи, түрлі-түсті орам жапырақ және қояншөп сияқты қайнатылған таза органикалық көкөністерді таңдау керек. Егер қант тым көп тұтынылса, саңырауқұлақтың пайда болуы жылдамдайды. 

Алма сірке суы 

Алма сірке суы саңырауқұлақтың қышуын жеңілдетуге көмектеседі. 

Дайындау: Мақтаны алма сірке суына малып, саңырауқұлақ шыққан жерге жағыңыз. Мұны күніне 3 рет қайталау керек. 

Ашытылған сүт өнімдері 

Сүт қышқылы бактериялары мен ашытылған сүт өнімдері өте жақсы пробиотиктер көзі болып табылады. Айран, йогурт, сыр, ірімшік, кефир сияқты сүт өнімдері пайдалы микробтардың санын көбейтіп, ағзаны саңырауқұлақ ауруына қарсы қорғайды. 

Ним ағашының жапырағы  

Ним ағашының жапырақтарының сығындысы теріде ауруларды тудыратын маңызды микробтар мен тері саңырауқұлағын жоя алады. 

Дайындау: Ним жапырақтары бірнеше минут қайнатылады. Суытылған соң саңырауқұлақ шыққан жерге жағылады. 

Зығыр және чиа тұқымдары 

Зығыр және чиа тұқымдары пробиотиктер көбеюін қолдап, дененің саңырауқұлақ ауруына қарсы шыдамын арттырады. Зығыр мен чиа тұқымдарын салаттар немесе йогуртқа қосу арқылы тұтынуға болады. 

Кокос майы 

Кокос майы тек қана жеңіл және орташа мөлшерлі саңырауқұлақ зақымдануы кезінде тиімді құрал болуы мүмкін. 

Дайындау: Кокос майы саңырауқұлақ бар жерге күніне 3 рет жағылады. Саңырауқұлақ жойылған және кокос майын бір ылғалдандырғыш ретінде қолданғаннан кейін де бірнеше апта бойы қолданылады, келешекте саңырауқұлақ инфекцияларының алдын алудың тиімді әдісі болуы мүмкін. 

Жебіршөп майы 

Жебіршөп майы саңырауқұлақтың өсуін тоқтата алады. 

Дайындау: Жұқтырған жерге сұйылтылған жебіршөп майын қолдануға болады. Ол күніне 3 рет қолданылады. 

Шай ағашының майы 

Шай ағашының майы бүгін саңырауқұлақты емдеуде тиімді және кеңінен қолданылатын бір эфир майы болып табылады. 

Дайындау: Кокос майы мен 2% мөлшерінде сұйылтылған шай ағашы майын араластырыңыз. Саңырауқұлақ шыққан жерге күніне 3 рет жағылады. 

Қыша: 

Бір қасықтай қыша майын саңырауқұлақ бар жерге жағып, шамамен жарты сағат күтіңіз. Күту уақыты аяқталған соң душқа түсіп, бұл майдың жинақталған қалдықтары тазартылады. Бұл процесте тиімді нәтиже алу үшін бір немесе екі апта бойы жалғастыру өте маңызды. Сондай-ақ қыша ұнтақталған күйде аздап сумен араластырыңыз, зақымдалған жерді уқалау арқылы жағыңыз, содан кейін құрғағанша күтіңіз. Кейін мол сумен шайыңыз. 

Папайя

Піскен папайя өсімдігінің біразын кесіп алған соң, саңырауқұлаққа жағыңыз. Саңырауқұлақ ауруы басылып, оң әсер етеді. Сондай-ақ терідегі қызу мен қышуды жеңілдетеді және рахаттандырады.



Ұқсас жаңалықтар