«Чам балының» Түркияның географиялық тіркеулі өнімі екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 9

1727198
«Чам балының» Түркияның географиялық тіркеулі өнімі екенін білетін бе едіңіз?

Түркияның Эгей теңізі жағалауындағы Муғла қаласының атымен аталған «Чам балы» (Қарағай балы) Муғла омарташылары қауымдастығының өтініші бойынша 2018 жылдан бері Түркияның географиялық тіркеулі өнімдерінің қатарына енді. Муғла қарағай балы жергілікті қызыл қарағайдың шырынын бал араларының соруынан пайда болады.

Маусым және қоршаған орта шарттары балдың құрамындағы заттардың құрылымдық қасиеттеріне әсер етеді, бірақ Муғла қарағай балын консистенциясын жоғалтпай, қантсыз немесе мұздатпай ұзақ уақыт сақтауға болады.

Ұзақ уақыт бойы Муғла қарағай балы кристалданбағаны себепті медицина және азық-түлік саласында ауқымды қолданысқа ие. Муғла қарағай балы Түркияның бал экспортында бірінші орында.



Ұқсас жаңалықтар