Ауғанстан жағдайы әлемді алаңдатуда

Еуразия күн тәртібі – 09

1726337
Ауғанстан жағдайы әлемді алаңдатуда

Бүгінгі бағдарламамызда Ауғанстан мәселесіне байланысты соңғы оқиғаларға тоқталамыз.

Ауғанстан тақырыбындағы Мәскеу жиналысы 2021 жылы 20 қазанда өткізілді.

Жиналысқа аймақтағы он ел Ресей, Қытай, Пәкістан, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері және премьер-министрдің орынбасары Абдул Салам Ханафи басшылығындағы Талибан делегациясы қатысты. Тараптар көп салалы кеңес өткізді.

Ресей президентінің Ауғанстан арнайы өкілі Замир Кабулов жиналыста Талибанды тану тақырыбын талқылағандарын айтты. Кабулов халықаралық қоғамның Ауғанстандағы гуманитарлық трагедияны тосу тақырыбында ортақ тұғырда екенін білдірді. Замир Кабулов Америка Құрама Штаттарының Ауғанстандағы жаңа арнайы өкілі Томас Уэсттің қарашада Мәскеуге сапарлай баратынын хабарлады.

Талибан делегациясы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті. Лавров кездесуде Ауғанстандағы барлық саяси күштер орын алған көлемді бір үкімет құру шақыруын қайталады.

Сол күні Душанбеде Иран, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан барлау ұйымы өкілдері Ауғанстандағы жағдайға байланысты жиналыс өткізді. Жиналыста террормен күрес, аймақтық қауіпсіздік тақырыптары қолға алынды. Осындай жиналыстардың жақында Иранда да өткізілетіні білдірілді.

Ресей президенті Владимир Путин 2021 жылы 21 қазанда Валдай клубының форумында Талибанның халықаралық террор ұйымы тізімінен шығарылуы мүмкін екенін айтты. Путин қыркүйек айында Шанхай Ынтымақтастық ұйымы Ауғанстан Коммуникация тобының жұмысын жандандыруды ұсыныс еткен болатын. Талибан да сол күндерде халықаралық санкциялардың жойылуы үшін Ресейден қолдау сұраған.

Тәжікстанда 2021 жылы 22-23 қазанда Ұжымдық Қауіпсіздік келісім ұйымына мүше елдердің ортақ әскери жаттығуы өткізілді. Президент Имамали Рахманов қыркүйек айының соңында Ауғанстанмен шекаралас болған Таулы Бадахшан автономиялық аймағындағы әскери парад рәсімін ұйымдастырды. 25 қыркүйекте Талибан Тәжікстан шекарасына әскер жолдағандарын жариялады.

15 тамызда Ислам Әмірлігін құрғанын жариялаған Талибан халықаралық салада танылу талпыныстарын жалғастыруда. Алайда қазірге дейін ешбір ел Талибанды ресми танымады. Осы тұрғыдан Талибанның Еуразия елдерімен кездесулері өте маңызды.

Аймақ елдерінен Түрікменстан мен Өзбекстан Ауғанстан шекарасын ашты және электр, мұнай мен басқа өнімдер экспортына рұқсат берді. Өзбекстан Сыртқы істер министрі мен Қырғызстан Ұлттық Қорғаныс кеңесі төрағасының орынбасары Кабулда Талибан өкілдерімен кездесті. Түрікменстан әкімшілігі осының алдында Талибан делегациясын Ашхабадта бірнеше мәрте күтіп алды. Қазақстан президенті Ауғанстанға халықаралық жәрдем жинау орталығы үшін жер бөлуге дайын екенін білдірді.

Путиннің Талибанды халықаралық террор тізімінен шығарудан сөз қозғауы Ресейді қамтыған кейбір елдердің Талибанды болашақта тану мүмкіндігіне меңзеуде.

Ресей Талибан арқылы саяси ұпай жинауда. Орталық Азия елдері де Ауғанстанда жағдайдың нашарлауын тосу мақсатымен шара табуға талпынуда.



Ұқсас жаңалықтар