Әлемнің екінші орман травертинінің Түркияда екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 8

1724176
Әлемнің екінші орман травертинінің Түркияда екенін білетін бе едіңіз?

Әлемдегі орманда пайда болған екінші үлкен травертин аймағының Түркияда екенін білетін бе едіңіз? 

 

Әлемге әйгілі Памуккале травертинінен бөлек Түркияның Қаратеңіз аймағында тағы бір травертин аймағы бар. Гиресунның Дерели ауданында Памуккалеге ұқсайтын Гөксу травертині АҚШ-тағы Yellowstone ұлттық саябағынан кейін орманда пайда болған әлемнің екінші үлкен травертин аймағы болып табылады. 

Кузалан табиғат паркіне шамамен 4 шақырым қашықтықта орын алатын Гөксу травертині, туркуаз және ақ түстерімен Памуккалені еске түсіреді. Минералды құндылығы жоғары сода суынан пайда болған травертиндер орналасқан аумақ террасалар түріндегі үлкенді-кішілі тоғандарды салу арқылы реттелген. Келушілер үшін салынған жаяу жүргінші жолдары уақыт өте ағарса, тоғандар көгілдір түсті. 

Гөксу травертині жұмыстары 2022 жылы аяқталады және бұл қызықты аймақ туризмге ашылады. 



Ұқсас жаңалықтар