Газиантеп баклавасының географиялық белгі ретінде тіркелгенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 7

1720849
Газиантеп баклавасының географиялық белгі ретінде тіркелгенін білетін бе едіңіз?
баклава1.jpg

Газиантеп баклавасының Еуроодақта географиялық белгі ретінде тіркелгенін білетін бе едіңіз?

 

Баклава - Орталық Азиядан шыққан десерт түрі және түріктер Анадолыға әкелген бір ләззат.

Уақыт өте келе Османлы сарай асханасында түрлендіріліп, қазіргі формасын алды. Қазіргі таңда баклава дегенде ең алдымен Газиантеп баклавасы еске түседі.

Түркияның Газиантеп қаласында ортаға шығып, әкеден балаға, шеберден шәкіртке мұра қалатын Газиантеп баклавасы - дәстүрлі түрік тағамдарының ең маңызды десерт түрлерінің бірі.

Еурокомиссия 2013 жылы Газиантеп баклавасының «Сақталған шығу тегі» және «Сақталған географиялық белгі» тізімдеріне енгізуге шешім қабылдады.

Бірегей өндіріс әдісі, қолданылатын материалдың түрі және сапасымен брендке айналған Газиантеп баклавасы географиялық белгі ретінде тіркеліп, Түркияның маңызды өнімдерінің біріне айналды.

Газиантеп баклавасының бұл тіркеуі оның бірегей ерекшеліктерін сақтау және әр түрлі теріс пайдаланып, имитациясының алдын алу үшін үлкен маңызға ие. Еуроодақта тіркелген түрік асханасының алғашқы өнімі Газиантеп баклавасы қазір тек түрік дастархандарының ғана емес, сонымен қатар еуропалық дастархандардың да байлығына айналды.



Ұқсас жаңалықтар