Ежелгі әлемнің көріпкелдік орталығы

Анадолының тұңғыштары - 5

1716456
Ежелгі әлемнің көріпкелдік орталығы

Болашақтан хабар алу  - кейбір адамдар үшін бас тартылмас құмар. Балын оқымастан сол күнгі жоспарын құра алмағандардың саны аз емес. Африкадағы алғашқы қауымдардан бүгінгі күнгі заманауи азаматтарға де    йін көптеген кісі болашағын білгісі келеді. Бұл үшін де уақыт пен ақша жұмсайды. Оның үстіне бұл бүгінгі күннің құмары емес.  Белгісізді білу, бәлкім тағдырды өзгерту мақсатымен болашақтан хабар алу көптеген ғасырлардан бері бар. Ежелгі Қытайдан Месопотамияға, ежелгі Мысырдан Рим Империясына дейін әлемнің барлық жерінде мыңдаған көріпкелдік орталығы салынған. Түрлі бал ашу әдістері қалыптасқан. Біз де бүгін Анадолының ежелгі дәуірдегі ең маңызды көріпкелдік орталықтарының бірі – Дидим Аполлон храмы туралы айтып береміз.

**

Ежелгі дәуірдің ең жақсы сақталған храмдарының бірі ретінде қабылданған Аполлон храмы сонымен бірге ежелгі дәуірдің ең үлкен үшінші көріпкелдік орталығы. Айдынның Дидим ауданында орналасқан осы храм. Аполлон храмы Ионияның мықты бас қаласы Милеттің қасиетті алаңы және Эфес, Приене секілді беделді Ион қалаларының да көріпкелдік орталығы. Құрылысы ғасырлар бойы жалғасады,  бірақ еш бітпейді.  Храмның үлкендігі соншалықты ежелгі дәуірдің атақты географы Страбон үлкендігіне орай үсті жабылмайтынын жазады. Соғыстар және өрттер нәтижесінде қираған храмды Ұлы Ескендір және одан кейін де Рим императорлары қайтадан салғызады.

Грек мифологиясының алдынғы қатарлы құдайы Аполлон – өнер, музыка және шабыт құдайы.  Айырықша болашақты білу қабілеті де бар.  Аңызға қарағанда, Аполлон бір күні шопан Бранхосқа кезігеді, оған көріпкелдік құпияларын үйретеді.  Шопан осы керемет қабілеттің беделін өтеу үшін алдымен Аполлон храмын құрады.  Шопан Бранхостың тегінен шыққандар көп уақыт бойы осы храмда әрі көріпкелдікпен айналысады,  әрі басқарады.

Ежелгі дәуірдің осы көріпкелдік орталығының маңыздылығы соншалықты, патшалар басқа елдерге соғыс ашпастан бұрын, саудагерлер жолға шықпастан бұрын храмға келіп, бал аштырады. Олар Аполлоннан сұрамастан маңызды шешім қабылдағысы келмейді. Қазбаларда шыққан мәтіндерге қарағанда болашақта не болатынын білгісі келетіндер ақы төлейді, материалдық жағдайы жақсы адамдар храмға құрбан шалады.  Көріпкелдер болашақ туралы айтпастан бұрын үш күн ораза ұстайды, қасиетті сумен жуынады. Құрбанды да осылай дайындайды. Келген кісі құдай Аполлоннан сұрайтынын бір қағазға жазады. Көріпкел храмның ең маңызды элементі қасиетті суға қарап, алдағы уақытта не болатынын көреді, артынан айтып береді. Алайда көріпкелдер ешқашан  нақты үкім бермегендіктен, айтылғандар басқа мағыналарға да келетіндіктен бұл алдау деп те айтылған кейбір дереккөздерде. Адамдар сонда да көріпкелдерге сенеді, храмға келуін жалғастырады. Артынан христиандық діні тарап,  бал, сиқыр және көріпкелдікке тыйым салынғанға дейін осылай жалғасады.

**

Аполлон храмы – бүгінгі күнге дейін жеткен көркем бағаналары, сол кездің ең ірі біртұтас мәрмәр блогы және теңдесі жоқ жоспарымен өте керемет қасиетті алаң. 25 метрлік биіктігімен келушілерді сиқырлап алады.  Егер құрылысы аяқталғанда әлемнің жеті кереметінің бірі болатынын айтады мамандар. Жүздеген жылдан кейін де үлкендігі,  шеберлігі,  қолданылған техникалық жаңалықтары және материалының сапасымен өзіне қайран қаласыз.

Аполлон храмы сізді Медуза басымен қарсы алады. Бұл Медуза басы ғасырлардан бері тұр. Грек мифологиясына қарағанда жер асты әлеміндегі үш ағайындының бірі - Медуза. Жыланға ұқсас шаштары бар осы құбыжықтың бір қарағаны барлық нәрсені тасқа айналдырады. Сондықтан ежелгі гректер Медузаның мүсінін өздері сақтағысы келген ғимараттарға, қасиетті алаңдарға қояды. Қалқан және сауыттарына суретін салады.  Міне, Аполлон храмының кіре берісіндегі Медуза басы да храмды жамандықтардан қорғау үшін орнатылған. Храмдағы бұлақ суы мен дафния ағашы салынған кезден бері қасиетті деп есептелген. Осы тұщы су көзі қасиетті алаңның іргетасын да қалыптастырған. Көріпкелдік бұлағы ретінде де қолданылған бұлақ құдайлар аспаннан жіберген хабарларды алу үшін үсті ешқашан жабылмаған. Алайда бұл бұлақ бүгінгі күнге дейін жетпеген.

Көркем беземелерімен назар аударатын храмның ерекшеленетін басқа бір элементі де бағаналары.  Храмдағы 120 бағана тек Анадолының ғана емес, Рим Империясының көздің жауын алатын ең тамаша бағаналары. Сол өңірдің өсімдік фаунасы және жабайы мифологиялық жануарларымен безенген бағана тұғырлары тас шеберлігімен ерекшеленеді. Извест және мәрмәрдан жасалған бағаналары, оюлары және керемет сұлулығымен архитектурада эстетиканың бұдан 2500 жыл бұрын да болғанын дәлелдейді.

**

Дидим көбіне Аполлон храмымен танымал болса да, оның төңірегінде керемет табиғи жерлер бар. Аймақтың ең маңызды ағын суы Үлкен Мендерес және атырауымен Дилек түбегі ұлттық саябағы көруге татиды. Себебі Жерорта теңізі және Сібір флорасының элементтеріне ие.  Теңдесі жоқ өсімдік түрлілігімен Ұлттық саябақ Еуропа Кеңесі тарапынан «Флора биогенетикалық резерв алаңы» деген атақ алған. Үлкен Мендерес атырауы – Түркияның ең маңызды құс бақылау алаңдарының бірі Бафа көлімен жапсарлас тұрған сулы жер.  Биологиялық түрлілік, эндемикалық түрлер және тұқымы жойылып бара жатқан жандылардың табиғи мекені болғандықтан халықаралық маңызға ие.  Сондықтан Рамсар келісімі, Берн келісімі, Рио келісімдері және Барселона конвециясының шешімдерімен қорғауға алынған.

Дидим ежелгі қаласы мен Аполлон храмын көруге келгендер міндетті түрде Дилек түбегі ұлттық саябағы және Үлкен Мендерес атырауына соғып кетуі керек.

**

Аркаикалық дәуірлерден бері адам баласы бас тарта алмаған қызығушылық қайнары – болашақты болжау. Себебі болашақ адам баласы үшін белгісіз және тосынсыйларға толы. Себебі біз тек өз жоспарымызды жасауға күшіміз жетеді. Уақыттың бізге көрсететіндеріне араласа алмаймыз. Ежелгі кездерден бері көріпкелдікке көп мән берілуін осылайша түсіндіруге болады.  Біз де бүгін ежелгі әлемдегі адамдар үшін маңызды болған Анадолыдағы ең ірі және ежелгі әлемнің ең маңызды үшінші көріпкелдік орталығы Дидим Аполлон храмын баяндап бердік.

 



Ұқсас жаңалықтар