БҰҰ 76-шы Жалпы Кеңес жиналысы Нью-Йоркта өтті

Еуразия күн тәртібі – 05

1713366
БҰҰ 76-шы Жалпы Кеңес жиналысы Нью-Йоркта өтті

Бүгінгі бағдарламамызда Түркі тілдес елдер лидерлерінің  БҰҰ 76-шы кезекті Жалпы Кеңесінде тілге тиек болған мәселелер мен ұсыныстарға тоқталамыз.

2021 жылы 21 қыркүйекте Нью-Йоркта БҰҰ 76-шы кезекті Жалпы Кеңесінің жоғары дәрежелі жұмыстары басталды. 21-27 қыркүйек арасында БҰҰ-на мүше елдердің лидерлері мен делегация төрағалары БҰҰ Жалпы Кеңесінің кездесулерінде сөз сөйледі. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан елдерінің басшылары БҰҰ 76-шы кезекті Жалпы Кеңесінің кездесулеріне видео арқылы қатысты. Орталық Түркі тілдес елдері лидерлері баяндамаларының басты тақырыбын Ауғанстан мәселесі құрады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кездесудегі сөзінде Ауғанстан халқының өз тағдырымен оңаша тасталмауы керектігін айтты. Тоқаев Ауғанстан халқына гуманитарлық жәрдем беру үшін БҰҰ ұжымдарының және басқа гуманитарлық жәрдем ұйымдарының Ауғанстан аймақтарына шұғыл, сенімді және кедергісіз жетуіне мүмкіндік жаратылуы керектігін білдіріп, осы тақырыпта Алматыда БҰҰ аймақтық орталығын құрудың пайдалы болатынын білдірді. Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстанда келіссөз жолымен көлемді бір үкіметтің құрылуына бағытталған шақыруын қолдады.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров БҰҰ Жалпы Кеңесіндегі сөзінде Ауғанстаннан қайтып жатқан БҰҰ ұжымдарының Бішкекке уақытша орналастырылуын ұсыныс етті. Жапаров ауғанстандық жастарға қырғыз университтерінде білім алу мүмкіндігін беретіндерін білдірді.

Тәжікстан президенті Имамали Рахман БҰҰ Жалпы Кеңесіндегі сөзінде Талибанның билікке келуі аймақтағы геосаяси процесті былыққан күйге келтіргенін айтты. Рахман Ауғанстан жан санының 46 пайыздан астамын құрайтын ауғанстандық тәжіктердің басқа этникалық топтармен бірге мемлекет әкімшілігінде орын алу құқығына ие екенін білдірді. Тәжікстан лидері Ауғанстан халқына жәрдем беру жөнінде БҰҰ-ның шешуші рол атқаруы керектігін де атап айтты.

Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов Жалпы Кеңестегі сөзінде Ауғанстан шындығының өзгергенін айтып «Беталысты белгілеген кезде идеологиялық талғамды, бұрынғы кірбеңдіктерді, фобиялар мен пікірлерді ұмытып, ең алдымен соғыс пен қақтығыстардан жалыққан, бейбіт, тыныш және жайлы өмірді аңсаған ауған халқын ойлауымыз керек» деді. Бердімұхаммедов Ауғанстанға экономикалық қолдау мен гуманитарлық жәрдемді жалғастыратындарын білдірді.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев БҰҰ Жалпы Кеңесіндегі сөзінде Өзбекстанның ауған халқына үнемі жәрдем беріп келгенін, жақында өзбек-ауған шекара қақпаларының ашылғанын айтты және Ауғанстанның елеусіз тасталмауы керектігін білдірді. Өзбекстан президенті Ауғанстан мәселесінде БҰҰ-ның ролін арттыруы және үнінің бұрынғыдан жоғары шығуы керектігін дәріптеді.

БҰҰ Жалпы Кеңесінің жалпы кездесу тақырыбы «Ковид-19 індетінен құтылу, тұрақтылықты қалпына келтіру, ғаламшардың қажетін қамдау, адам құқығына құрмет көрсету және БҰҰ-ның қайта жандануы үшін табандылықты үміт жолымен орнату» деп белгіленді.

Орталық Азия Республикаларының лидерлері сөздерінде Ковид-19 індеті мен вакцина тақырыбына тоқталды. Кейбір лидерлер елдеріне вакцина жәрдемін жасаған тараптарға алғыс айтты. Сонымен бірге Орталық Азия Республикаларының лидерлері сөздерінде климат өзгерістері мәселесіне байланысты шешім жолдары мен нысаналарын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар