Ана сүтін көбейтуге болатын табиғи шөптер мен ұсыныстар

Денсаулық зор байлық - 4

1709468
Ана сүтін көбейтуге болатын табиғи шөптер мен ұсыныстар

«Денсаулық зор байлық» атты бағдарламамызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі бағдарламамызда ана сүтін көбейтуге болатын табиғи шөптерден тұратын ұсыныстар тақырыбына тоқталамыз.

Емшектен емізу – бұл аналар үшін өте сезімтал және стресстік кезең. Бұл кезеңде тұтынылатын қоректік заттар сүт өнімділігін арттырады.

Галакташелер немесе галактогог (гах-лакъта-гог) - ананың емшек сүтін көбейтуге көмектесетін нәрсе.

Сүтті күшейткіштер, атап айтқанда галакташелер емшек сүтінің бөлінуін және мөлшерін арттыратын өсімдіктерге, тағамдар мен препараттарға берілген жалпы анықтама.

Бұл заттардың кейбірлері сүт өндіретін гормонды (пролактинді) жоғарылату арқылы ықпал етсе де, көпшілігінің әсер ету механизмі толығымен белгісіз. Негізінде ежелгі заманнан бері жергілікті және дәстүрлі көптеген тағамдар мен сусындар осы мақсатта қолданылған.

Бүгінгі күні галактешелер көптеген аналар тарапынан әлі де таңдалады. Әдетте сәтті түрде баласын емізетін аналардың көпшілігінде сүт жеткілікті болғандықтан сүт күшейткіштерді қажет етпейді.

Өйткені сүт мөлшері сұраныс пен ұсыныс механизміне байланысты бөлініп шығады.

 

         Сүт күшейткіштер (Галактешелер);

  1. Барлық қолдауға қарамастан сүтті көбейте алмайтын аналар,
  2. Шала туған және көп балалы аналар,
  3. Сүті кесілген аналар тарапынан қолданады.

Сүт күшейткіштерді қолданар алдында емізу бойынша консультанттан немесе дәрігерден көмек сұраған дұрыс. Өйткені ешбір галактешенің өзі сүтті көбейте алмайды.

Емшек сүтін көбейтуге арналған табиғи өсімдіктердің ұсыныстарын төменде келтіре аламыз;

  1. Таза ақ жүзім: Күніне екі кісілік (порция) таза ақ жүзімді тұтыну емшек сүтін арттырады.
  2. Аскөк: Таңертең және кешке тамақтанар алдында тұтынылатын аскөк ана сүтін арттырады.
  3. Інжір (таза немесе кептірілген): Емшек сүтін көбейту үшін кептірілген інжірді қайнатып шырынын ішуге болады. Кептірілген 8-9 дана інжір жарты литр хлорсыз суда ең көп он минут қайнатылады. Екіге бөлінген суын күніне екі рет, яғни таңертең және кешке ішеді.
  4. Інжір-сәбіз: Жарты литр қайнаған, хлорсыз суға 8-9 дана кептірілген інжір жартысын кесіп тастайды. Басы жабық күйде баяу отта бес минут бойы қайнатылады. Бесінші минуттан кейін бір сәбізді кесіп, оған қосады және аузын жауып баяу отта тағы үш минут қайнатады. Жылыған кезде сүзіледі. Жиырма бір күн бойы түске дейін және түстен кейін аш немесе тоқ қарынға бір стақан су ішіңіз.
  5. Таза ақ тұт жеуге болады.
  6. Кептірілген ақ тұтты қайнатып ішуге болады.
  7. Тұт бекмесі (сірне): Айта кету керек, тұт бекмесі дәстүрлі әдістермен, ешбір қоспасыз және жоғары термиялық өңдеусіз дайындалады. Табиғи және қоспасыз болуы керек.

 

   Емдеу қолданар алдында келесі тармақтарды ескеру керек:

1) Жүкті әйелдер мен нәрестелерін емізетін аналардың маусымынан тыс өсірілген гормонды және гибридті тұқымдары бар көкөністерді қолданбауы өте маңызды.

2) Бұл емдерді бір мезгілде қолданбау керек. Інжір-сәбіз емінен басқа емдер бір апта бойы қолданылады. Бір аптаның соңында тоқтатуға тиісті. Егер бір апта бойы қолданған кезкелген емнен кейін қайталау қажет болса, бұл жолы басқа емді пайдаланудың зияны жоқ. Мысалы сіз бір апта бойы жаңа ақ жүзім емін қолданып, тоқтаттыңыз. Кейін аскөк немесе кептірілген інжір емін таңдап, бір апта қолдануға болады.

     Көрсетілген емдерден басқа;  

  • ананас,
  • құрма,
  • балдыркөк,
  • таза балдыркөк жапырақтары,
  • асқабақ,
  • құлпынай,
  • ассүттіген,
  • сумах,
  • аскөк шайы,
  • екпе-шиырмақ,
  • күріш,
  • күнжіт,
  • грек жаңғағы, бадам, орман жаңғағы,
  • күнжіт майы – бекмес (сірне),
  • ақсерке,
  • асбұршақ, атбұршақ
  • жұмыртқа,
  • жеткілікті мөлшерде су,
  • Көкөністер (жасыл жапырақты)

Бұл өнімдердің тиімділігі және қауіпсіздігімен байланысты зерттеулер жеткіліксіз болса да, көбінесе аналар тарапынан таңдалады. Нарықта да бұл салада көптеген өнімдер бар. Бұл өсімдікті өнімдерді міндетті түрде емізетін аналардың дәрігерімен келісе отырып қолданғаны жөн.



Ұқсас жаңалықтар