Ататүріктің өмірбаянын Лорд Кинросстың жазғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 2

1705652
Ататүріктің өмірбаянын Лорд Кинросстың жазғанын білетін бе едіңіз?

Мұстафа Кемал Ататүрік туралы ең жақсы өмірбаяндардың бірін Лорд Кинросс жазғанын білетін бе едіңіз? 

Британдық жазушы Лорд Кинроссқа Ұлыбритания үкіметі 1952 жылы Ататүрік туралы өмірбаян жазуды тапсырды. Лорд Кинросс бес жыл бойы жеке сұхбаттар мен Президенттік мұрағатта зерттеулер жүргізді. Осы зерттеулердің соңында «Ататүрік – бір ұлттың қайта тірілуі» атты еңбегі шығады. 

1960 жылы жарық көрген бұл кітап Ататүрік туралы жазылған ең табысты өмірбаяндардың бірі болды. Шығармада қазіргі Түркияның негізін қалаған және тарихтың бағытын өзгерткен көшбасшы Мұстафа Кемал Ататүрік және оның кезеңінде болған оқиғалар объективті түрде ұсынылған. Лорд Кинросс шығармасында Мұстафа Кемал Ататүрік туралы «Ататүріктің біздің ғасырымыздың ең ұлы тұлғаларының бірі екеніне күмәнім жоқ» дейді. 

Кітап жарық көрген кезде әлем баспасөзінде кең орын алып, жоғары баға берілді. Лорд Кинросстың «Ататүрік» кітабы «даңқ пен абыройдың адам кейпіне енген ұмытылмас ескерткіші» деп аталуда.



Ұқсас жаңалықтар