Жоғары холестерин

«Денсаулық зор байлық» - 2

1705264
Жоғары холестерин
kolesterol.jpg

Жоғары холестерин

Бұл бағдарламамызда жоғары холестерин тақырыбын таныстырамыз.

Холестерин дененің әрбір жасушасы үшін қажет және көптеген гормонда холестерин бар.

Дегенмен холестериннің жоғары болуы оның пайдалы екенін білдірмейді. Басқаша айтқанда, холестерин жеткілікті мөлшерден жоғары болса, ағзаға зиян келтіреді.

Қан анализінен холестериннің екі құны ерекшеленеді. Бұлар HDL мен LDL деп аталады. Жағымды холестерин деп аталатын HDL тіндердегі холестеринді жинап, оны сыртқа шығаруға мүмкіндік береді. Жағымсыз холестерин деп аталатын LDL болса холестеринді тіндерге жеткізеді және артериялардың қабырғаларында жинақталуына себеп болады. Осы себепті жағымсыз холестеринді қалпына келтіру жеткіліксіз. Жағымды холестеринді де жоғарылату қажет. Жағымсыз холестеринді ғана емес, сонымен қатар жағымды холестерин деңгейін де бақылау керек.

Тамақтанған кезде белгілі ережелерді назарға ала отырып, белсенді өмір салтын ұстану арқылы холестеринді теңестіруге болады:

Шөптермен емдеу келесі түрде ұсынылуы мүмкін:

  1. Аш қарынға күніне екі рет бір шай қасығымен суық сығылған пісте майын тікелей ауыз арқылы қабылдау тиімді.
  2. Аптасына екі-үш рет тұтынылатын майсыз жасымық сорпасы бір жағынан холестеринді бақылауға, екінші жағынан қан қысымын теңестіруге көмектеседі.
  3. Артишок, сәбіз, сарымсақ пен пиязды тұтыну холестеринді төмендететін қасиетке ие. Езіп суы шығарылған пияздан 1 шай қасық пияз шырыны мен шай қасық балды араластырып, күніне бір рет ішуге болады.
  4. Жасыл шай, имбирь, розмарин, итмұрын, тимьян өсімдік шайларын ішу жоғары холестеринге оң әсер етеді. Күніне бірнеше стакан көк шай ішу жағымсыз холестеринді төмендетудің ең қарапайым әдістерінің бірі ретінде белгілі.
  5. Қара бұрыш пен имбирь, розмарин, тимьян, қызыл бұрыш үлпектерінің дәмдеуіштері өте пайдалы.
  6. Шикі жаңғақ, жаңғақ және бадамның жағымсыз холестериннің аздап төмендеуін қамтамасыз ететіні белгілі. Дегенмен оны тиісті мөлшерде тұтыну керек.
  7. Жүзім тұқымының өзі немесе оның ұнтағы жоғары холестеринді төмендететін қасиетке ие.
  8. Күн сайын түнде ұйықтар алдында бір стакан суға 2 дана жаңғақты сындырып салыңыз. Таңертең оянғанда осы суды ішіп, артынан жаңғақтарды жесеңіз, қысқа уақытта холестеринді төмендете аласыз.
  9. Бір шай қасық органикалық (мүмкіндігінше үй жағдайында) алма сірке суын бір стақан таза ауыз суымен араластырып ішу де пайдалы болуы мүмкін.

Уақыт өте келе жоғары холестерин салдарынан пайда болған аурулар әдетте қайтымсыз тұрақты бұзылулар болып табылады. Тұрақты аурулардың сіздің өмір сүру сапаңызды төмендететінін ұмытпаңыз.

 

Назар аударыңыз: Жоғары холестериннен шағымданатын адамдар.

Құрметті оқырман, жоғары холестеринмен ауыратын науқастар дәрігерлердің ұсынымдарына сәйкес холестеринді басатын дәрілерді, мысалы статиндерді қолдануға мәжбүр. Мен қатысқан түскі бір қонақасыда холестеринді төмендететін препараттарды қолданған бір танысым сол күні кешке абайлауға тиісті тағамдар мен десерттерді жеді. Мен кешкі астан кейін өзіне абайлап жемегенін ескерткенімде ол маған «Құрметті ұстаз, бәрібір дәрі қолданамын, онша назарға алу қажет емес» деп жауап қайтарды.

Мен оған мұның өте қате екенін айттым. Өйткені холестеринді төмендететін препараттар ол ішкен тағамдардың құрамындағы холестеринге әсер етпейді.

Холестеринді төмендететін дәрілер бауырдың өзі өндіретін холестеринді басады, яғни бауырдың одан аз холестерин өндіруін қамтамасыз етеді. Алайда тамақтан алатын холестеринді төмендететін қасиеті жоқ. Осы себепті холестерині жоғары тағамдар мен құрамында қанты көп болатын тәттілерге шамалы абай болу қажет. Дәрі-дәрмектерді қолдануға қарамастан, ұсынылған диетаны қатаң сақтау керек.

Холестеринді төмендететін препараттар қандағы холестеринді төмендетпейді немесе бөлшектемейді. Ол бауырға холестеринді азырақ шығаруды бұйырады.

Құрметті оқырман, холестеринді төмендететін дәрілердің барлығы диабет (қант диабеті) ауруына душар болу рискін арттырады.

Егер сізде қант диабеті болса және статин тобы (холестеринді басатын) препараттарды қолдансаңыз, бұл жағдайдың қандағы қант мөлшеріңізді жоғарылататынын ескеріңіз.

Ескерту: Егер дәрігеріңіз жазған дәрі-дәрмектеріңіз болса, оларды міндетті түрде қолдану керек. Бұл жерде айтып отырғандарды қосымша қолдаушы ретінде пайдаланыңыз. Ең алдымен сіз қолданатын өсімдікке аллергияңыз бар-жоғын білуіңіз керек. Бұл мәселе бойынша дәрігердің пікірін біліңіз. Дәрігерге бармай және диагноз қоймай, шағымыңыздың не екеніне қарамастан осы жердегі ақпаратпен өзіңізді емдеуге тырыспаңыз.



Ұқсас жаңалықтар