Қаз тауында эндемикалық өсімдіктің 79 түрінің өсетінін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 86

1691512
Қаз тауында эндемикалық өсімдіктің 79 түрінің өсетінін білетін бе едіңіз?

Анадолыда өсетін 3 мыңнан астам эндемикалық өсімдіктің 79-ы Қаз тауы жүйесінде орын алды. Қаз тауы жүйесі Түркияның Эгей мен Мәрмәр аймақтарының оңтүстік батыс шекарасын құрайтын Чанаккале қаласының территориясындағы бір тау массасы.

Қаз тауының өсімдіктердің биологиялық түрлілігі туралы зерттеулер жүргізілетін шектеулі алаңдағы өсімдік түрлілігінің өзі өте бай. Бүгінгі күнге дейін анықталған 800-ге жуық өсімдік түрінің 79-ы эндемикалық болып табылады. Эндемикалық түрлердің 31-і болса әлемде тек Қаз тау жүйесі ұлттық паркі алаңында ғана өседі. Бұл алаңда сирек кездесетін өсімдіктердің 31 түрі кездеседі. Осы ерекшеліктерге байланысты бұл аймақ «Planta Europa» мен Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (ДЖТҚ) тарапынан Түркияның маңызды өсімдік аймақтарының бірі болып жарияланды. 



Ұқсас жаңалықтар