Орталық Азия лидерлер ақылдасу жиналысы Түрікменстанда өтті

Еуразия күн тәртібі – 85

1690803
Орталық Азия лидерлер ақылдасу жиналысы Түрікменстанда өтті

Бүгінгі бағдарламамызда Түрікменстанда ұйымдастырылған Орталық Азия лидерлер ақылдасу жиналысына тоқталамыз.

2021 жылы 5-6 тамызда Түрікменстанның Аваза туристік аймағында Орталық Азия Республикалары лидерлерінің 3-ші ақылдасу жиналысы өткізілді. Жиналысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан президенттері мен БҰҰ Орталық Азия арнайы өкілдері қатысты. Жиналыста Орталық Азия Республикаларының қоршаған орта, экономика, қатынас сияқты салалардағы мәселелері қолға алынды және Ауғанстандағы жағдай толық үстелге келді.

Жиналыста сөйлеген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Ташкентте Аймақтық Парламенттер форумын ұйымдастыруды ұсыныс етті. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транс Каспий дәлізінің күшін арттырудың маңызына тоқталды. Жиналыс соңында лидерлер Ортақ мәлімдемеге қол қойды.

Лидерлер артынан жәрмеңке алаңына барып, аймақ елдерінде өндірілген өнімдер қойылған көрмені аралады. Аталмыш жәрмеңкеге бес елден 250 компания қатысты. Жиналыс аясында Орталық Азияның ерекше ұлттық тағамдары көрмесі өткізілді.

Жиналыс кезінде Авазада Орталық Азия Экономика форумы өткізілді. Форумға байланысты елдердің министрлері, ұйым басшылары, іскерлер қатысты. Форумда тақырыпқа қатысты отырыстар өтті. Форум соңында қорытынды мәлімдемесі қабылданды. Форум аясында 85 келісімге қол қойылғаны білдірілді.

6 тамызда Авазада Орталық Азия Әйел лидерлер диалог жиналысы өткізілді. Жиналыста парламентте жоғары дәрежелі міндет атқарған әйел лидерлер мен БҰҰ өкілдері сөз сөйледі.

Жиналыс аясында президенттер, министрлер өресінде көптеген екі жақтылы кездесулер өткізілді. Мынаны да айта кетейік, Тәжікстан президенті Имамали Рахман 2021 жылы 3 тамызда Түрікменстанға ресми сапармен барды. Екі ел президенттері екі жақты және аймақтық мәселелерді кеңесті. Кездесу соңында 19 келісімге қол қойылды. Рахманның Иран президенті Реисидің 5 тамызда өткен ант ішу рәсіміне қатыспағанын да ескерте кетейік.

Орталық Азия Республикалары лидерлерінің 3-ші ақылдасу жиналысы аймақтық мәселелердің шешімі тұрғысынан өте маңызды. Аймақтың мүддесі үшін ірі елдерге қарсы ортақ саяси тұғыр ұстанбай және халықаралық террор, есірткімен күрес тақырыптарында ынтымақтастық орнатпай тұрып Орталық Азия елдерінің күшеюі мүмкін емес.

Жиналыста шешімі қабылданған Орталық Азия Өнеркәсіпшілер мен талпынысшылар кеңесінің құрылуы маңызды болмақ. Аймақ елдері шекарада ортақ сауда аймақтарын құруға да келісті.

Лидерлердің вакцина сертификаттарын өзара қабылдау, ортақ визамен сапарлайтын туристік аймақ құру талпыныстары да мақтауға татиды.

Орталық Азия елдері әрі батыс пен шығыс, әрі оңтүстік пен солтүстік бағытындағы транзит аймақ ерекшелігін толық қолданбай отыр. Жиналыста сөз болған Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы, Мазари Шариф-Кабул-Пешавар дәлізін салу осы салада аймақ елдерінің жасырын күшін арттырады. Сонымен бірге Каспий кемежайларын белсенді қолдану аймақтың қатынас жүйесінің дамуына да есе қосады.

Жиналыс күн тәртібінің басты тақырыбы Ауғанстанның болашағы болды. Орталық Азия лидерлері береке-бірлікке келмей Ауғанстаннан келетін қауіпті тосудың мүмкін болмайтынын, аймақтық тұрақтылықты қамдау үшін осы тақырыпта ұйымшылдық көрсету керектігін дәріптеді. Қорыта айтқанда жиналыс өнімді өтті.



Ұқсас жаңалықтар