Әлемнің алғашқы ауруханаларының бірі

Анадолының тұңғыштары - 19

1686669
Әлемнің алғашқы ауруханаларының бірі

Бергама патшалығының бас қаласы Пергамон – Рим империясының шығыстағы орталығы. Ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін көптеген өркениетке мекен болған. Жаңалықтарымен сол кездің алдынғы қатарлы қалаларының бірі. Пергамент бірінші рет Пергамонда ойлап табылды.  Екі жүз мың томдық кітап орын алған Азияның тұңғыш және ең ірі кітапханасы осы қалада болған. Судың қысыммен құбыр арқылы бірінші рет жеткізілуі де осы жерде жүзеге асқан. Мүсіндерге сезімдер бейнеленген алғашқы жер де осы. Архитектура, өнер, қала жоспарлау және медицина тақырыбында бүгінгі күнгі өркениеттердің жетекшісі осы көркем қала.  Бірақ оны басқа ежелгі қалалар арасында ерекше қылатын нәрсе – әлемнің алғашқы ауруханаларының бірі, яғни Асклепий қасиетті алаңының осында болуы.

**

Медицина құдайы Асклепий емдеу тақырыбында қабілетті болғаны соншалықты оның арқасында өлім-жітім азаяды, міне, осы құдай атына салынған храм және шипа орталығы Асклепий алаңдары.  Эллиндік дәуірден бастап Рим Империясы кезіне дейін қолданылады. Саны екі мыңға жетіп жығылады. Медицинаның символы деп есептелген, аса таяққа оралған жылан бірінші рет осында қолданылады.

Бүгінгі күннің емханаларынан өзгеше болса да,  науқастар сауығу мақсатты келетін, дәрігерлер қарайтын, емдейтін жер бұл жер. Ал қазіргі емханалардан қандай өзгешелігі болған?

Көптеген ауру емделсе де, Асклепий алаңына барлық науқас қабылданбайтын. Өлімшіл науқастар мен аяғы ауыр әйелдердің кіруіне тыйым салынған.  Бір аңызға қарағанда, бүгін Виран қақпасы деп аталған қақпасында «Бұл жерге өлім кіре алмайды» деп жазулы болатын. Қақпадан ішкі кірген науқастар ұзындығы шамамен бір километр «Қасиетті жолдан» өтіп барып аулаға жетеді. Осы аулада оларды медициналық орталыққа кімнің кіріп, кімнің кіре алмайтынын анықтайтын монах дәрігерлер күтіп отырады. Емі мүмкін емес науқастар осы жерден қайтып кетеді. Қалғандары болса сол сәттен бастап сауығып кетемін деген сеніммен ішке қадам басады. Батыс Анадолының осы ең маңызды медициналық орталығы Бергама Асклепийі адамдарды сөйлесу, сұхбаттасу, көндіру арқылы емдейтін бір жер еді.

Медициналық орталыққа қабылданған науқастар алдымен қасиетті хауыздарда жуынады. Өздеріне берілген ақ киімдерді киеді және садақа береді. Шипалы және қасиетті хауыздардың ұйқы кабинеттері болатын. Осында ұйықтаған науқастар көрген түстерін дәрігерлерге айтып беретін. Түстегі жорамал кейде өте анық, кейде монахтардың жорамалдауын қажет ететін деңгейде күрделі болады. Монахтар түстің кілтін шешкеннен кейін ем басталады. Себебі ежелгі дәуірде түстер болашақ және өткен күннен хабар береді деп сенетін. Дұрыс мәліметке жетудің негізгі жолы деп қабылданатын еді.

**

Аталмыш храмда бас ауруынан көрлікке, бедеуліктен есірік, жарақаттанудан параличке дейін көптеген аурулар емделетін. Жүргізілген емдеу тәсілдерін әжелгі дәуірдің атақты шешені Аристидтен білеміз. Аристид те бірнеше рет осы медициналық орталыққа барып, емделеді.  Сол жерде көрген түстерін,  жүргізілген емдеу тәсілін және емдеу процесін «Қасиетті сөздер» атты кітабында баяндайды. Кітапта жазылғандарға қарағанда, емдеудің негізгі бөлімі сөйлесу, көндіру. Монах дәрігерлер құдай атынан сөйлейді. Әңгімелеседі. Науқастың сауығып кетуіне, дәрігерлерге сенуі өте маңызды болатын. Аштық, сусыз емделу, балшық моншалары, шипалы су, өсімдік майы және кремдермен жасалған массаж – ем тәсілдерінің арасында. Қарапайым жаттығулар, топырақта жалаң аяқ жүру, қасиетті мекеннің айналасында жүгіру физикалық емдеу бағдарламасының арасында болатын. Қай әдістің орындалатыны адамның ауруына және ауруының деңгейіне қарай анықталады.

Айырықша күн және су терапиялары да жүргізілетін.  Қасиетті және ұлы деп есептелгендіктен судың орны бөлек еді.  Психотерапия емінде судың сауықтыратын күшінен пайдаланатын.  Қасиетті хауыздарда жуыну және қасиетті бұлақтан су ішу әрі міндетті,  әрі емнің бір бөлігі. Храмға жақын жерде тері ауруларына пайдалы арасан болды. Шипалы сулар орналасқан жерлер SPA деп аталды. Бүгінгі күні де қолданылған осы сөз латын тілінде  “Salus Per Aqua” деген сөздердің бас әріптесінен тұрады және «судан келген денсаудық» деген мағынаға келеді.

**

Асклепийде су терапиясы секілді күн терапиясына да көңіл бөлінді. Себебі күннің адамға пайдалы екені сол кезде де білінетін еді. Әрине күн құдайы Апполонның медицина құдайы Асклепийдің әкесі болуы да осыған ықпал етеді.  Науқастар күнге қыздырыну арқылы әлі табынып,  әрі емделетін еді.

Музыка, кітап оқу және театр ойындары да емнің бір бөлшегі болып табылатын. Науқастардың көңіл күйін жоғары ұстау үшін өңір халқы шақырылатын фестивальдер ұйымдастырып,  поэзия жән ән байқаулары өткізілетін.

Бергама Асклепийінде жүргізілген қазбаларда сауығып кеткен науқастардың аттары және алғыстары жазылған құжаттар табылған.  Осы құжаттардың храмда адамдар оқи алатын жерге ілінгені, осылайша храмның сенімділігінің паш етілгенін болжап отыр мамандар. Қазбаларда айырықша ине, пышақ секілді медициналық құралдар табылған.  Алайда рисктерге байланысты болу керек осы орталықта мәжбүр болмайынша хирургиялық оталар жасалмаған.

**

Эллиндік, Рим және Османлы дәуірлерінен қалған қабаттар болуына орай ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде «Көп қабатты мәдени пейзаж алаңы» категориясында орын алады Бергама ежелгі қаласы. Осы көркем қаланың медицина және психотерапия істері атқарылған храмы адамға көңіл бөлген көзқарасымен назар аударады. Үш мың бес жүз адамдық театры, кітапханасы және қасиетті алаңымен көптеген жылдар бойы науқастарға қызмет етті. Бүгінгі адамдар денсаулық үшін түрлі ізденісте осындай терапиялардың мыңдаған жыл бұрын Бергамада атқарылғанын көреді.



Ұқсас жаңалықтар